Қоңыраттар Оңтүстік Қазақстанды, Сырдария өзенінің ортаңғы ағысы бойын жайлады. Шымкент, Перовск уездерінің әркайсысында, сонымен қатар қоңыраттардың көпшілігі Ташкент уезінде, Орта Азияның тағы басқа уездерінде өмір сүрді.
Керей
Керейлер Солтүстік жәнө Шығыс Қазақстан өңірлерінде, Ертіс пен Есіл өзендерінің орта ағысы, Алтайдың батыс баурайында орналасқан. Петровск уезінде, Омбы уезінде, Қарқаралы, Қостанай уезінде, Семей, Зайсан уезінде керейлер мекендеді. Ұраны — Ақжол, Қарақожа.
Уақ
Уақтар Торғай мен Тобыл өзендерінен Шығыс Қазақстанның шекарасына дейінгі әр жерде топ-топ болып шашыранды орналасқан. Семей, Петропавл, Павлодар уезінде уақтар тұрған. Ұраны — Жаубасар, Мүкамал.
Орта жүз құрамында осы аталған негізгі тайпалармен қатар төрелер, төлеңгіттер, қырғыздар, шалақазақтар болды.