Жоспары І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет10/17
Дата04.02.2022
өлшемі2,33 Mb.
#130669
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
жедел медициналық көмек

Панкреатикалық кома – ұйқы безінің қызметінің терең бұзылысының естен тануы. Панкреатикалық кома өте жиі жедел геморрагиялық панкреонекроз кезінде дамиды.
Симптомдары: Панкреатикалық команың 3 сатысын ажыратады:
І. Мазасыздық, қозғыштық, эйфория кейде селқостық, кейде сопорозды жағдаймен байқалады, есту, көру елестері, сонымен бірге агрессивті жағдайлармен клиникасы жүреді
ІІ. Психиканың айқын бұзылыстарымен жүреді. Есі кіресілі шығасылы, қимылы және сөйлеу қозғыштығы, сандырақтар, елестер байқалады.
ІІІ. Шынайы панкреатикалық кома есі толық жоғалады, жамбас мүшелерінің қызметін бұзылуы байқалады, ерікті қимылдар бұзылады, сіңір рефлекстері төмендейді, қарашықтары кеңейеді, жарыққа әсері болмайды, патологиялық Чейн-Стокс, Куссмауль тыныстары пайда болады. Белдемелі ауырсыну сезімі күшейіп, тоқтаусыз құсық мазалайды, бауыр жетіспеушілігі дамиды – ол сарғыштық пен геморрагиялық синдроммен көрінеді.
Жедел көмек:
- ауруханаға дейінгі этапта аштық және төсектік режим
- ауырсыну сезімін басу үшін спазмолитиктер (2-4мл 2% ношпа; 2-3мл 2% папаверин ерітінділерін бұлшықетке енгізіледі).
- Шок және коллапста алдын алу үшін: 0,9% натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін 5% глюкоза ерітіндісін, Рингер-Локка ерітінділерін қолданады.
Тоқтаусыз құсық кезінде 10% натрий хлорид ерітіндісінің 5-10мл, сонымен бірге 5-10% 500мл глюкоза ерітіндісінде ерітілген 30-40мл 10% калий хлорид ерітінділері енгізіледі
- Антибиотикотерапия
- Госпитализация – реанимация және интенсивті терапия бөлімшесіне тасымалдайды.
Бауырлық кома
  • Себептері: жедел вируста гепатит, бауыр циррозы, гепатотропты улармен уланғанда, медикаменттерды ретсіз көп мөлшерде қолданғанда дамиды.
  • Симптомдары: бауыр комасының ІІІ сатысын ажыратады:
  • І. Кома алды жағдайы – ой-өрісінің төмендеуі, уақыттты, мезгілді, өзінің айналасын толық анықтай алмауы, күндіз ұйқышылдық, түнде ұйқысыздық, апатия, қорқыныш, үрей сезімдері, жылағыштық, әлсіздік, сеқостық, эйфория, өтпелі есінен тану және гипертермия көріністерімен жүреді.
  • Кома алды сатылары бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін созылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет