Эпилептикалық кома – үлкен құрысу ұстамасынан кейін немесе эпилептикалық статус кезінде дамиды.
Симптомдары: бет терісі бозғылт, көгерінкі, қарашықтары кеңейген, жарыққа әсері әлсіз, корнеалды рефлекстерге тежелген, екі жағынан да патологиялық рефлекстері байқалады.
Жиі қырылдаған тыныс, мұздай тер, ауызынан көпіршіктің бөлінуі, қан қысымының төмендеуі, әлсіз, аритмиялық пульс тән. Науқастын жағдайы қатты ауырлағанда Чейн-Стокс тынысы байқалады.
Эпилептикалық кома
Жедел көмек
- Науқасты эпилептикалық комадан шығару үшін тамыр ішіне 20 % 15 мл пирацетам ертіндісін құямыз.
- ми қантамырларының микроциркуляциясын жақсарту үшін 400-500мл полиглюкин немесе реополиглюкин, сонымен бірге трентал ертінділері күретамырға енгізіледі.
- көрсеткіштерге сүйене отырып, жүрек глюкозиттері, прессорлы аминдер енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |