Терең иммунды тапшылық фонында массивті бактеремия дамитын және өкпе тінінде тотальды,симметриялы орналасқан диаметрі 1-2 мм майда ошақтар пайда болатын туберкулез формасы
Өкпеде ошақтар пайда болу алдында капиллярдың айқын гиперергиялық реакциясы коллаген талшықтары бұзылуымен және қабырғаларында фибринозды некроз түрінде болады,васкулит пен лимфангит дамиды.Альвеола пердесінің айналасының қантамырлары және альвеола ішінде сұрғылт түсті тары тәріздес ұсақ,майда ошақтар пайда болады,өкпені кескен кезде бетінен көтеріліп шығып тұратын төмпешікті өзгерістер болады.
Дене температурасы тез Т38-39 дейін көтеріледі, гектикалық түрдегі лихорадка.Сандырақ,шатастыру немесе уақытша есін жоғалту болуы мүмкін.
Кейде жөтел пайда болады, көбіне құрғақ, сирек- аз мөлшердегі шырышты қақырықпен, қан түкіру
Өзіне тән клиникалық симптомдары:
Ентігу
Акрацианоз
Клиникалық көріністеріне байланысты милиарлы туберкулездің 3 формасын ажыратады