Микроорганизмдердің жасушаларының құрамында аз мөлшерде кейбір ферменттердің активті орталарының құрамына кіретін микроэлементтер болады (мыс, цинк, марганец, молибден, никель: Cu, Zn, Mn, Mo. Ni және т.б элементтер).
Су — бактерия клеткаларының құрамындағы негізгі заттардың бірі. Ылғалды жерде ғана клеткада өте күрделі химиялық процестер жүреді. Қоректік заттар сумен бірге клеткаға түссе, керексіз заттар сол су молекулаларына ілесіп сыртқа бөлініп шығады.
Құрғақ заттың ең негізгі бөлігі — белоктық заттар. Оның мөлшері құрғақ заттың 80% тең. Қоректік орта азотты заттарға бай болғанда бактериялар клеткасындағы белокта едәуір мөлшерге артады.
1. Микроорганизм клеткасының органикалық заттары: белоктық