1- клетка қабырғасы, 2- цитоплазмалық мембрана, 3- цитоплазма, 4- ядро, 5- эндоплазматикалық тор, 6- митохондриялар, 7- Гольджи жиынтығы, 8- рибосомалар, 9- лизосомалар, 10- вакуоль.
.
Клетка қабырғасы прокариотты клеткамен салыстырғанда, негізінен полисахаридтерден тұрады. Саңырауқұлақтар клетка қабырғасы негізінен құрамында азоты бар полисахарид - хитин. Ашытқыларда полисахаридтердің 60-70%-ы белоктармен, липидтермен байланысқан, глюканнан және маннаннан тұрады. Клетка қабырғасының қызметі эукариоттарда да прокариоттарда да ортақ.
Бактериялар клетка қабырғасының химиялық құрамы және құрылымы бойынша грамм оң (Грам+) және грам теріс (Грам - ) болып бөлінеді. Бактерияларды Грам бойынша бояу әдісін ұсынған, Дат ғалымы Кристиан Грам есімімен осылай аталған. Бактерияларды генцианвиолетпен бояған соң, спиртпен өңдейді, нәтижесінде Грам+ бактериялар кулгін түсін сақтап қалады, ал Грам – бактериялар түссізденеді.
Грам+ бактериялардың (а) клетка қабырғасы пептидогликан – муреиннен (90-95%), тейхой қышқылдарынан, полисахаридтерден тұрады. Ол бір қабатты құрылымға ие, цитоплазмалық мембранаға тығыз жанасқан.
Грам –бактерияларда (б)клетка қабырғасының құрамында муреин мөлшері аз (5-10%), тейхой қышқылдары болмайды, көп мөлшерде липопротеидтер мен липополисахаридтер кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |