Клеткада жүретін биохимиялық процестердің нәтижесінде жиналған заттар осмос қысымының әсерінен клеткадан сыртқа бөлініп шығып отырады. Ортада су көп болғанда цитоплазма ісініп, клетка қабығын кереді. Мұны тургор құбылысы деп атайды. Қлетка шамадан тыс ісінсе, жарылып кетуі де ықтимал. Қоректік ортаның концентрациясы артқан сайын, мәселен, ас тұзы немесе қант қосылғанда бактерия клеткалары сусызданады. Цитоплазма бастапқы қалпынан анағұрлым кішірейеді де, жиырылып клетканың ішіне қарай тартылады. Мұны плазмолиз деп атайды. Мұнда бактерия клеткасының тіршілігі жойылады. Көптеген тағамдық заттарды сақтау үшін тұрмыста қант пен ас тұзының концентрлі ерітінділерін пайдалану осындай ерекшелігіне негізделген.