Жоспары: Кіріспе: Экстрагенитальды аурулар Негізгі бөлім: Жүрек-қан тамыр жүйесінің ақаулары және жүктілік



бет7/8
Дата27.10.2022
өлшемі123,67 Kb.
#155216
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
эссе абайтану, 118077

АІЖ аурулары және жүктілік

  • Жедел аппендицит
  • Жүктілік кезіндегі аппендицит жатырдың өсуі нәтижесінде соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің ығысуынан оның иілуі мен созылуына,қанайналымының нашарлауына әкелетін себептер әсерінен дамиды.Содан соң,іш қатуға бейімділік дамып,нәтижесінде ішектегі іркіліс болып,ішек микрофлорасының вируленттігі жоғарылайды.
  • Жүктіліктің кез келген мерзімінде дамыған аппендициттің асқынған,асқынбаған түрлері жүктілікті үзуге көрсеткіш болып есептелінбейді.
  • Жедел аппендицит жүктіліктің өздігінен түсіктер,мерзімінен бұрын босану сияқты асқынулардың себебі болуы мүмкін.

Қант диабеті және жүктілік

  • Қант диабетінің жүктілік,босану және ерте неонатальды кезеңнің ағымына әсері:
  • Қант диабетінің қай түрі болмасын жүктілікке кері әсер етеді.Қант диабеті кезінде жиі жүктілікті көтере алмаушылық,гестоз,урогенитальды инфекция,суегіздік,даму ақаулары,ұрық өсуінің тежелуі,микросомия,ұрықтың гипоксиясы мен құрсақ ішілік шетінеуі кездеседі.
  • Босану қағанақ суының мерзімсіз кетуімен,босану қызметінің әлсіздігімен,клиникалық тар жамбаспен,ұрықтың иық белдеуінің қиын шығарылуымен,макросомия нәтижесінде ана мен ұрықтың жарақаттануының жоғарылығымен асқынады.
  • Қант диабетімен ауыратын аналардан туылған балаларда диабеттік фетопатия болады:дене салмағының үлкен,басы мен денесінің диспропорциясы,ісіңкілік,тері асы шел май қабаты шамадан тыс дамыған,беті ай тәрізді,гипертрихоз,беті мен аяқ қолы терісінде петехиалды бөртпелер.

Жүктіліктің қант диабетінің ағымына әсері

  • Жүктілік барысында инсулинге қажеттілік тұрақсыз,сондықтан қажет болса тағайындалатын препараттың мөлшерінің динамикалық коррекциясы керек.Жүктіліктің бірінші жартысында инсулинге тәуелділік 50% ға төмендейді.Мұны гипогликемиялық жағдайлардың алдын алу үшін ескеру керек.Жүктіліктің екінші жартысында плацентаның гормондарының әсерінен,керісінше,инсулинге қажеттіліктің жоғарылауымен инсулинорезистенттілік дамиды,ол енгізілетін инсулиннің мөлшерін жоғарлатуы талап етеді.
  • Жүктілік соңында гликемия мен глюкозурия төмендейді,сондықтан енгізілетін инсулиннің мөлшерін қайта төмендету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет