Жоспары: Кіріспе ІІ. Саяси партиялар алаш-қоғам айнасы Үш Жүз-уақытша биліктің көрінісі



бет1/2
Дата06.07.2022
өлшемі1,6 Mb.
#147304
  1   2
Байланысты:
Саяси партиялар большевиктер
МАТЕМАТИКА база-1, қазақ әдебиеті 10Б ІҮ тоқсан БЖБ №1, жоба тақырыптары мен қорғаушылар, 2022 Распечаткаға дайын диплом , 6 семинар (1), бжб 10 сн триг теңс, Recruitment-Brochure Kazakh 2021-2022 FLEX AC2020REC016 FINAL PRINT No-marks-1, Presentation (1), Тапсырма 1

Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, Алаш, Үш Жүз, Шуро-И Исламия, Шуро-и-Улемия
Орындаған: ШопановаЖамиля Ильясовна МНО-21-114-10
Жоспары:
Кіріспе
ІІ. Саяси партиялар
2.1 Алаш-қоғам айнасы 2.2 Үш Жүз-уақытша биліктің көрінісі
2.3 Шуро-И Исламия-мақсаты анық, толық емес қоғам
Шуро-и-Улемия-жарыққа ұмтылған орта
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ.
1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломды иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті жүзден асып жығылатын еді.
Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес.
Түрлі мекемелерде, өкімшілік орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары, негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды.
Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше, қараңғылықта үстау оған тиімдірек көрінді.
Ал XIX ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын-аулақ мектептер мен гимназиялар жергілікті жұртты ислам дінінің «зиянды әсерінен» сақтау және далада орыс ықпалын дамыту үшін керек болды.
Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты.
Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».
1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды.
Қоғамның мақсаты бастапқы кезенде, негізінен, ағартушылык қызметтен тұрды, ал оның басқарушы тобы құрамында Мұхтар Саматов, Нығмет Нұрмақов, Мағжан Жұмабаев, Шаймерден Әлжанов, Сәкен Сейфуллин сияқты жастар бар еді.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейінгі оқиғалар тұсында «Бірлік» ұйымы екі қанатқа жарылып кетті. Оның бір қанаты (Ә. Досов, Ж.Сәдуақасов, Жүсіпбеков, т.б.) кеңестік билік жағында болса, екінші қанаты (Қ.Кемеңгеров, С.Сәдуақасов, т.б.) Алаш партиясының бағдарламасын қолдады, өздерін «жас алашшылар» санады.
«Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды.
Өз ретінде большевиктер үш жүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ.
Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды.
XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны.
Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын.
Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет