Антиденелердің басқа түрлері. Жоғарыда келтірілгеннен басқа жылылық және суықтық антиденелер болады. Біріншісі антигенмен +37°С градуста байланысса, eкiншici олармен +4 -10°С градус арасында байланысады. Антиденелердің комплементпен өзара қатынасына сәйкес комплемент байланыстыратын, комплемент байланыстырмайтын турлері бар. Кейінгі жылдары биохимиялық процесстерге катализатор ретінде қатынасатын ферменттік касиет бар антиденелер, абзимдер, ашылган. Молекулалық биологияньң иммунология саласында ашқан жетістіктеріне гибридомнан баска біртізбекті , бифункционалды антиденелер және иммундытоксиндер де жатады.