Эдвайзер жұмысының тиімділігі студенттермен мақсатты түрде құрылған қарым-қатынастарымен анықталады. Егер қарым-қатынас шын көңілден, сенімнен, сыйластықтан құрылса және егер куратор студенттермен бірге жұмыс істеу әдісіне жүгінсе, онда оған қойылған тапсырманы шешу оңай болады.
Жетекшіліктің таңдау әдістері бірнеше шарттармен орындалады: ұжымның даму дәрежесімен, біліктілік тапсырмасымен, нақты жағдаймен, куратордың өзінің тұлғасымен. Эдвайзер топтағы болған өзгерістерді байқап, осыған байланысты өзінің жүріс-тұрысын түзетіп отыру керек: бір жағдайда студенттерге инициативаны беру керек, екіншісінде – қатаң педагогикалық талапқа сүйену керек, үшіншісінде – студенттердің позициясын және жағдайды толық анықтағанға дейін, қандайда бір уақыт шыдау керек, сонан кейін жиналыста ашық талқылап, шешім қабылдау керек.
Тәжірибелі эдвайзер болу үшін арнайы әдістемелік әдебиеттерді, басқа оқытушылардың тәжірибелерін оқу керек. Эдвайзердің жұмыс практикасын оқу негізінде педагогикалық ереже-шарттардың ретін болжауға болады. Олар кураторлардың біліктілігінің нәтижелілігін арттыруға көмектеседі.
жұмысты топ белсендісімен бірге, шынайы жағдайларды ескеріп жоспарлау керек.
өзінің академиялық тобының мүшелерін барлық қатынаста білу. Бұл оған сәйкесінше әсер етуге мүмкіндік береді.
студенттермен өзінің қарым-қатынасын құруды үрену. Педагогикалық жағдайға тәуелді қатаң және икемді болу керек.
курделі, ұзақ, бірінші сатылы тапсырмалардың бірі екенін ескеріп, толық студенттік ұжым құру.
ортақ жұмыстарға және біліктілікке әрбір студент қатысуға және бір нәрсеге нақты жауапкершілік алуына жету керек.
көптеген әлеуметтік ролді орындауға дайындалуға студенттерге көмектесу.
жауапкершіліктің, қадағалаудың болмауы, көңіл аудармау ұжымды бұзатынын ұмытпау.
студенттер өз-өзіне бағытталған жұмысты орындауда , оған қажетті көмек көрсету.
студенттік өзін-өзі басқаруды, инициативаларды, қоғамдық белсенділікті қолдау және дамыту керек.