«жоєарєы мектеп педагогикасы» курсын оќыту јдістемесі


Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмастары (СҒЗЖ)



бет42/53
Дата24.11.2023
өлшемі2,36 Mb.
#193409
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53
Байланысты:
ПВШ краткий конс-т лек

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмастары (СҒЗЖ)

  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмастары (СҒЗЖ). СОӨЖ-на қарағанда, зерттеудің бұл түрінің міндетті сипаты жоқ, ерікті түрде І курста жүзеге аса алады. Ғылыми әрекетпен айналысып жүрген студенттер студенттік ғылыми қоғамына (СҒҚ) бірігеді. Бұл аталған бағыттағы студенттермен жұмысты ұйымдастырушы және орталығы. СҒҚ ғылыми негіздердің жұмысын бақылау және қадағалауды жүзеге асырады, жаппай ғылыми шараларды - конференцияларды, семинарларды, олимпиадаларды, ғылыми мектептердідайындайды және жүргізеді.
  • СҒЗЖ барлық формаларын ғылыми басқаруды жоғары оқу орындарыцның оқытушылары жүзеге асырады. Олар ғылыми үйірмелер мен клубтарды қалыптастырады, олардың өзектілігін анықтайды; студенттік баяндамаларды ғылыми конференциялар, семинарлар, симпозиумдарға таңдайды және рецензиялайды; секцияларды және дискуссияларды басқарады; студенттерге ғылыми зерттеу әдістерін үйренуіне, тәжірибе жүргізуге көмектеседі; студенттердің ғылыми жұмыстарының жинағын дайындайды.
  • Әдетте студенттер жетекші оқытушылар айналасында І-ІІ курстан бастап топталады. Олар өз жетекшісінің ғылыми зерттеу тақырыбына енгізіледі. Сөйтіп әртүрлі курстар студенттері, сонымен бірге магистранттар мен аспиранттар қатыса алатын ғылыми мектеп құрылады.
  • Қазіргі университетте СҒЗЖ-ның әртүрлі формалары қызмет етеді:
  • ғылыми үйірме;
  • ғылыми клуб;
  • студенттік ғылыми лаборатория;
  • ғылыми конфйеренциялар, семинарлар, симпозиумдар;
  • оқу пәндері бойынша олимпиадалар;
  • студенттердің ғылыми жұмыстарының жарыстары;
  • жазғы ғылыми мектептер;
  • студенттік конструкторлық бюро;
  • зерттеулердің келесілген тақырыптары.

21 Тақырып. Кредиттік технология жағдайындағы білімдендіру процесінің субъектілерінің әріптестігі мен қарым-қатынасын ұйымдастыру технологиясы

  • Қарым-қатынас оқу-тәрбие процесінің негізі.
  • Қандай да болмасын қызмет саласының негізгі түрі қарым-қатынас арқылы іске асырылады. Оның маңыздылығы адамдардың бір-біріне ықпал етуі, ақпарат алмасуы. Қарым-қатынас іс-әрекеттің бір түрі іспеттес. Адамдар үшін қарым-қатынас –оның ортадағы мекені.
  • Қарым-қатынас-белсенділігі арқылы адам жолдастарымен, адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас белесенділігінің нәтижесінде жеке адамның бойындағы адамгершілік қасиеттері (қамқорлық, қайрымдылық, ілтипаттық, жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасады. Яғни , қарым-қатынас барысында келесі қасиеттердің болуы шарт:
  • Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу. Тұрақты жақсы көңіл күй.
  • Қоғамдық жұмыстарға белсенділік көрсете білу.
  • Басқа адамды түсіне білу.
  • Өзін басқа адамның орнына қоя білу.
  • Жеке адамдардың негізгі көзқарастарын есте сақтау.
  • Жаңа адамдармен тіл табыса білу.
  • Адамдардың жас ерекшелігін ескере отырып қарым –қатынас жасау.
  • Кикілжіңге түспеу жолдарды қарастыру немесе дұрыс шеше білу.
  • Басқа адамдардың көзқарастарын есепке ала білу.
  • Адам құндылықтарына сипаттама беру.
  • Осындай қасиеттер сіздің мінезіңізге сәйкес келсе, онда қарым-қатынас жасау барысында белгілі бір нәтижені көре аласыз. Мұнда субъектілі-дамушы қарым-қатынасты ұйымдастыру принциптеріне сүйенеміз, яғни: өз еркімен қатысу, толеранттік, өзін-өзі диагностикалау, ара-қатынасты диалогизациялау, (диалогты енгізу); тұрақты кері байланыс; бостандық және бәріне бірдей жауапкершілік.
  • Қарым-қатынас мазмұны- ақпараттық, жеке даралық байланыстар арқылы басқа субъектілермен немесе өзіндік қатынастар арқылы айқындалады.
  • Қарым-қатынас заңдылықтарын, оның терең механизмін әлеуметтік-психологиялық аспектіде түсіну педагогикалық практика үшін өте маңызды болып табылады.
  • А.А.Леонтьев өзінің қарым-қатынас психологиясын зерттеуге арналған еңбегінде вербальді немесе вербальді емес қатынасты жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасы, оның индивидтердің когнитивтік белсенділігі негізінде қалыптасуы тұрғысынан қарастырады.
  • И.А.Зимняяның пікірінше“Педагогикалық қарым-қатынас оқу әрекеттестігінің, мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы формасы. Бұл жеке және әлеуметтік бағытты әрекеттестік. Педагогикалық тілдесім бір мезгілде қатысымдық, перцептивтік және интерактивтік функцияларды орындайды, ол үшін вербальді, бейнелі, символикалық және кинетикалық құралдар жиынтығын ұштастырады.” Педагогикалық қарым-қатынастың негізгі функцияларын анықтау үшін жалпылай қабылданған классификацияға сүйенгеніміз дұрыс болады. (И.А.Зимняя, А.А.Леонтьев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет