«жоєарєы мектеп педагогикасы» курсын оќыту јдістемесі


Электрондық сабақ түрлері және оны өткізу технологиясы



бет38/53
Дата24.11.2023
өлшемі2,36 Mb.
#193409
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53
Байланысты:
ПВШ краткий конс-т лек

Электрондық сабақ түрлері және оны өткізу технологиясы

  • Электрондық оқыту – бұл, ең алдымен, сабақ беру немесе үйрету үшін элекрондық бизнес сервистерін және технологияларды қолдану. Мұнда аудиториялық сабақтардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін ұжымдық жұмыс құралдарын және электрондық контентті қолдану қарастырылған.
  • Электрондық сабаққа инфрақұрылым, электрондық оқулықты жеткізу платформасы, контентті жасау және басқару жатады.
  • Электрондық сабақ оқудың жаңа ортасын береді. Сонымен қатар, біріккен орта жасайды – мұғалім мен оқушы үшін оқу ортасы. Оның элементтері мыналар болып табылады:
  • Адамзаттық фактор – педагогикалық және дидктикалық әдістемелер, оқушының алатын орны, мұғалімнің квалификациясы, оқушының талабы, мәдени факторлар, қатынастың жаңа түрлері (мысалы, топтық қатынас, WEB-конференцияларда бірігіп жұмыс істеу және білім алмасу);
  • Контент – мультимедиялық контент, курстар жасау құралдары, оқудың мақсатын басқару, курстарды сақтау, қолданушыға ыңғайлы контентті басқару – классификация мен іздеудің әртүрлі әдістері және т.б.
  • Қауыпсіздік пен құпиялылық құрадары, білімді басқару жүйесі, оқуға жазылу, онлайн тесттер, есеп жасау, эффективтілікті өлшеу т.б.
  • Бағдарламалық-аппараттық инфрақұрылым, яғни серверлер, маршрутизаторлар, желілер, мәліметтер базасы, жеткізу платформалары, моильдік технологиялар.
  • Жаңа технологиялар оқу тұтынушылығын толық шеше алмайды, сондықтан, онымен байланысты әдістеме болуы керек.
  • Электрондық оқу үшін желілік инфрақұрылым технологиялық база болып табылады. Желілік инфрақұрылым өзінің күштілігімен, сенімділігімен, қауіпсіздігімен, ыңғайлылығымен ерекшеленеді және ашық стендарттарға негізделеді. Сонымен қатар, ол әртүрлі құрылғылар үшін: ноутбуктен ұялы телефондарға дейін байланысты қамтамасыз етуі керек. Ол кейбір электрондық сабақтардың қанат жаюына базалық мүмкіндік және шектеу қоя алады.
  • Мультимедиа курстарының ұсанылған компоненттері педагогикалық мәселелерді өздігінен шеш алмайды. Бұндай оқу функциясы мультимедиалық курстарда, мұғалімнің оқыту траекториясын жобалайтын педагогикалық сценарийдің көмегімен жанданады.
  • Жалпы электрондық оқыту дистанциялық оқу жүйесінің (ДО) негізі болып табылады. Дистанциялық оқыту жүйесінің негізгі көрінісі мұғалім мен оқушы арасында қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен тікелей қатынас орнатуы. Бұл орталықтанған өзара қатынас, компьютерлік ортамен қарым-қатынасқа негізделген жаңа дидактикалық қарама-қайшылықтар тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет