«жоєарєы мектеп педагогикасы» курсын оќыту јдістемесі


Кредиттік жүйеге сай студенттердің оқу әрекеті



бет41/53
Дата24.11.2023
өлшемі2,36 Mb.
#193409
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53
Байланысты:
ПВШ краткий конс-т лек

Кредиттік жүйеге сай студенттердің оқу әрекеті

  • Студенттердің оқу-зерттеу жұмысы (СОЗЖ). Жоғары оқу орнының оқу жоспарымен қарастырылған, басым көпшілігі жоғары курстарда жүзеге асады, мәндетті сиптақа ие, бес балдық жүйе бойынша бағаланады. Жоғары оқу орнындарында СОЗЖ келесі формалары қабылданған:
  • курстық жұмыстар;
  • дипломдық жұмыстар;
  • СОЗЖ (жекелеген жоғары оқу орнындарында).
  • Курстық жұмыстар көбінесе ІІІ-ІҮ курстарда жетекші оқу пәндері бойынша орындалады. Бұл теориялық немесе тәжірибелік-эксперименттік сипатқа ие алғашқы өзіндік ғылыми зерттеу жұмысы. Егер І курс студенті ғылыми үйірмелердің бірінде жұмыс атқарса, оның үйірмелік жұмыс тақырыбы оқу курстық жұмысқа алмасуы ғажап емес. Бұл жағдайда курстық жұмыс тұрақты және фундаментальды сипатқа ие болады. Студентттер СОЗЖ-ның бұл түрін сәйкес кафедралар белгілейтін оқытушылар басқармасымен орындайды. Олар курстық жұмысты қорғау үшін кішігірім комиссия құрайды. Курстық зерттеуді жүргізе отырып, студенттер ғылыми әдебиетпен жұмыс істеуді, таңдалған проблеманың өңделуін зерттеуге үйренеді.
  • Студенттердің оқу-зерттеу жұмысы мазмұны және мәні бойынша сипаты әртүрлі. Бір қатар жағдайларда курстық жұмыс дипломдық жұмыстың параграфы немесе бөлімі болып, зерттеуді жоғары деңгейде жүргізуге талпыныс береді. Дипломдық жұмыс кейбір жоғары оқу орнындарында СОЗЖ-ның міндетті формасы болып табылмайды, мамандыққа қойылатын талаптарға сәйкес олар орындалмай, мемлекеттік емтихандармен алмастырыла алады. Дегенмен техникалық жоғары оқу орнындарында оқу жоспарына міндетті түрде дипломдық жобаны дайындау да кіреді.
  • Шығарып жатқан кафедра оқытушыларды дипломдық жұмыс иегерлерін ғылыми басқаратын оқытушыларды белгілейді. Олар студентке тақырып таңдауға, дипломдық жұмыстың құрылымын жасауға, дипломдық зерттеуді өткізу жоспарын орындауға көмектеседі. Дипломдық жұмыс тақырыбы және ғылыми жетекші сәйкес кафедрамен, сонымен бірге факультет кеңесімен бекітіледі. Дипломдық жұмыстың орындалуы 2-3 жыл ішінде орындалады және бір қатар сатылардан өтеді:
  • зерттеуге дайындық;
  • зерттеуді ­өткізу;
  • зерттеу нәтижелерін талдау және өңдеу;
  • жұмысты жазу әдебиеттік рәсімдеу;
  • дипломдық жұмысты қорғау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет