19 Тақырып. Жоғары мектептегі педагогикалық жобалауды ұйымдастыру мен бақылау
Педагогикалық жобалаудың түрлері мен кезеңдері
Педагогикалық жобалау дегеніміз, оқытушылар мен оқушылардың атқаратын іс-әрекетінің негізгі құрамын алдын ала құрастыру. Педагогикалық жобалау, педагогтың басқа да негізгі қызметінің бірі. Педагогикалық жобалау барысында студенттермен қарым-қатынастың мазмұны, әдістері және құралдары қарастырылады.
Педагогикалық жобалау болашақ іс-әрекетті және оның нәтижелерін болжаудан тұрады.
Педагогикалық жүйе, педагогикалық үрдіс, педагогикалық жағдаят педагогикалық болжаудың объектісі бола алады. Соның ішінде ең маңыздысы педагогикалық үрдіс. Педагогикалық процесс студенттерді жан-жақты дамытуға бағытталған компоненттер жиынтығы. Педагогикалық процесс барысында педагогикалық жағдаят шешімін табуға тиіс. Педагогикалық жағдаят – белгілі бір уақытта, кеңістікте болған уақиғаның сипаты, педагогикалық үрдістің құрамды бөлігі болып табылады.
Педагогикалық жүйені, үрдісті, жағдаятты жобалау- көпсатылы, қиын іс-әрекет.
Педагогикалық жобалау: 3 кезеңнен тұрады:
1 кезең – үлгілендіру;
2 кезең – жоба құрастырушылық;
3 кезең құрастыру технологиясы;
Педагогикалық үлгілендіру (үлгі құру) – бұл педагогикалық жүйе құру, мақсат құру немесе оның жетістікке жету жолы.
Педагогикалық жоба құрастырушылық – құрастырылған үлгіні дамыту және оны тәжірибеде қолдану деңгейіне жеткізу.
Педагогикалық құрастыру технологиясы – құрастырылған үлгінің жеке-жеке детальдарының нақты жағдайда шынайы тәрбиеге қатынасушылардың іс-әрекеттерінің іске асуы.
Педагогикалық жобалаудың түрлеріне педагогикалық жүйе, үрдіс, жағдаяттың әртүрлі деңгейде сипатталған құжаттар жиынтығы жатады. Мысалға бағдарлама, тұжырымдама т.б.