"Оқыту технологиясы" адамның белсенді өмірінің тиімді күйіне жетуінің шарты болып табылатын көпжақты және үздіксіз біліміне өтуді қамтамасыз етеді. Жоғарғы білімдендіру технологиялары оқушымен жұмыс кезінде гуманистік, тұлғалық бағыттағы педагогикалық әдіс-тәсілдерді, олардың индивидуалды табиғи ерекшеліктерін ғылыми негізде ескеруді қамтамасыз ету үшін жасалған.
2. Алдыңғы қатарлы оқыту технологияларының базисі ретінде оқу процесінің индивидуалдылығы, қашықтылығы және варианттылығы, оқушылардың академиялық мобильділігі қарастырылады. Оларды жүзеге асыру үшін келесі шаралар қолданылады:
- оқыту түрлері мен деңгейлері, олардың бағдарламалары және оқу жоспарларының инновациясы және қолданылу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ғылыми негіз жасалады;
- оқулықтар мен компьютрлік базалар сферасы ғылыми негізделеді, оның монополизациясы тамыр жаяды;
- икемділігі, жасы мен тұтынушылық деңгейі әр түрлі адамдарды оқыту бойынша варианттық әдістемелер жасалады;
- оқушылардың түбірлі теориялық дайындығын ескеріп, оқудың интерактивті әдісі мен практикалық бағытталуына өтуін қамтамасыздандырылады;
- оқыту технологиясына жаңадан ендірілген жобаларды сүйемелдеу жүйесі, оның жанұялық, сыртқы, қашықтық және экстернаттықтүрлері жасалады;
- білім сапасын бақылаудың республикалық деңгейдегі ұлттық жүйесі енгізіледі, ол тест түрінде жоғарғы және орта мамандандырылған оқу орнына қабылдау сияқты жүргізіледі;
- оқу құқығы, әртүрлі оқу орындарынан аттестат және диплом алу құқығы беріледі, жоғарғы оқу орындарында студенттерді бағалау «бірлік-несиең жүйесімен жүргізіледі;
- компьютерлік, виртуалды және ақпараттық технологиялар, мультимедиалық оқу құралдары дамытылады, жалпы және мамандандырылған ақпараттанудың ұлтық стандарты оқу орнын лицензиялаудың компоненті ретінде орнатылады.
Техникалық оқу орындарында білімдендіру практикасы, қазіргі жағдайда, тиімді оқу жүйесін құрастыруға, оқу процестерін жобалауға, әдістер мен ақпараттық алу, түрлендіру, жіберу, сақтау және қолдану құралдарын жасау керектігін дәлелдеді.
Ақпараттық-педагогкалық технологиялар (АПТ) келесі негізгі электронды-дидактикалық функцияларға базаланады:
көрнектілік, яғни қабылданатын оқу ақпараттын түйсіну және ұғыну, елестету және түсінуді ашу;
ақпараттылық, оқу құралы тікелей білімнің көзі болып табылады, яғни анық ақпарат тасушы;
копенсаторлық, оқу процесін жеңілдету, күш пен уақытты аз жұмсау арқылы мақсатқа жетуге бейімделу;
бейімделушілік, оқу процесінің ағымында өзіне қолайлы жағдай туғызуға бағытталу;
интегративтілік, объект немесе құбылысты бүтіндей және бөлік ретінде қарастыра білу;
Оқыту технологиясының мазмұны оқу және кәсіби дағды мен іскерлікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқушыға берілген тапсырмалар жиынтығының, оқу мәліметтерінің құрылымының, жаттығулар мен тапсырмалардың мазмұнына сай болады. Бұл жерде оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары ең маңызды роль атқарады. Ұйымдастыру формалары студенттердің білімді, дағдылары мен іскерлікті жаулап алуларына, оқу көлеміне деген қатынастарына, берілген тапсырманы бекітуге арналған бақылау түрлеріне бағытталған.