Әдіснамалық мәдениет білім алушының зерттеушілік іс-әрекетінің қалыптасуы барысында игеріледі. Ол үшін әдіснамалық білім қажет. Әдіснамалық білім қайта қалыптастыру іс-әрекетінің тәжірибесі мен теориясының құралы ретінде. Бұл өз кезегінде зерттеушіні сыни тұғыдан ойлауын қалыптастырады. Әдіснамалық мәдениет ғылыми зерттеу этикасын сақтаумен сипатталады. Ғылыми зерттеудің этикасын бұзудың түрлеріне:
1) Плагиат
2) Мәліметтерді бұрмалау
Яғни, Плагиат (ұрлау) - біреудің шығармасын толық немесе жарым- жартылай өз атымен ұрлап пайдалану.
Мәліметтерді бұрмалау формаларына :
Зерттеуші мәліметтер жинамайды, тек оларды даярлап шығарады;
Соңғы нәтиже жақсы болу үшін мәліметтердің бөлігін жасыру мен өзгертулер енгізу;
Кейбір белгілі көлемдегі мәліметтерді жинақтау мен жетіспейтін қорытынды мәліметтерді жинау арқылы толықтыру;
Егер шыққан нәтиже күткен нәтижемен сәйкес келмесе, өзінің барлық зерттеулерін жасыру. Сонымен қатар зерттеушінің шығармашылық сипаты да әдіснамалық мәдениеттің құрылымын анықтайды.
Кәсіби педагогикалық мәдеинет – бұл арнайы тапсырмаларды шешудің әдіс – тәсілдерін итеру деңгейі.
Кәсіби педагогикалық мәдениет өзіне жалпы мәдениетті қосады және педагогикалық әрекет сферасындағы жалпы мәдениеттің спецификалық проектілеу функциясын атқарады.
Жоғарғы оқу орындарындағы оқу – тәрбие процесінде қалыптасатын болашақ маманның жеке тұлғасына тән қасиеттері кәсіби біліктері мен білімі, кәсіптік деңгейінің қалыптасуына бастама болады.
Кәсіптік бейімделу – кәсіптік іс - әрекеттің мазмұнын ұғына отырып, оның сипатына, ыңғайына икемделу, кәсіби міндеттерді орындау. Маманның кәсіптік іс-әрекетке бейімделуі оның бойында, жалпы оның ұғымында кәсіптік идентификацияның бар – жоғымен байланысты.
Оқытушы педагогикалық мәдениетке үш аспект арқылы қарым – қатынасқа түседі:
кәсіпті игеру, процесте педагогикалық мәдениетті үйрену:
мәдени – педагогикалық сфераға тәжірибелік әрекет арқылы қосылу. Педагог педагогикалық құндылықтырды жинақтаушы және таратушы ретінде;
педагогтің педагогикалық шығармашылық әрекетінде өзін - өзі жетілдіруі, педагогикалық мәдениетті қалыптастыруы.