Қоғамдық (әлеуметтік) тәрбие – бұл "адам-адам" қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адам аралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер (қайырымдылық қорлары, ұйымдары, қоғамдар бірлестіктер т.б.) тарапынан болатын істер.
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі мінез-құлық, әрекет пен қарым-қатынаста екі жақты өзгерісі болатын педагог пен тәрбиеленушінің арнайы келсімі.
Педагогикалық әрекеттестік келесі құрылым арқылы жүзеге асырылады:
тәрбиеленушінің әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің әр түрлі формаларының
белсенді қабылдауы мен меңгеруі.
Тәрбиеленушінің белсенділігі педагогқа және өзіне-өзі тікелей, жанама түріндегі әсер етуден пайда болады.
Білім беру тек процесс ретінде ғана емес, тұлғаның әр түрлі білім деңгейінде байқалатын процесс нәтижесі ретінде де түсіндіріледі.
Тұлғаның білімділігі – тұлғаның жүйеленген білімі мен оны практикалық және танымдық іс-әрекетте қолдана білуді меңгеру деңгейін көрсететін сипаттама.
Алайда, барлық белгілер мен қабілеттер білімділігін таныта бермейді. Егер білім беруді адамға «бейнең беру нәтижесі ретінде қарастырсақ, онда ол жалпыадамзаттық мәдениет білімінен бастау алған болар еді. Ал, мәдениетті адам білім беру процесінде тек өзінің адамгершілік бейнесінің қалыптасуы тұрғысында байқалады. Бұл – білім берудің тәрбиелік функциясы. Білім негізінде табиғат пен қоғамның дамуы туралы заңы, материалдық өңдеу сферасы және тұлғаның рухани мәдениетті белгілі бір көзқарас, өнім, дүниетаным және адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Демек, білім беру мен тәрбиелеу тығыз байланысты.
Диагностика – іс-әрекеттің құрамды бөлігі ретінде қарастырылады.
Педагогикалық болжам жасаушылық педагогтың маңызды ұйымдастырушылық, гностикалық ( студенттермен өзара әрекет етудің құралдары, әдістерін іздеу) немесе коммуникативті функциялары сияқты әр педагогтың функциясы болып табылады.
Әрекеттердің ойластырылуы, олардың реттілігі адамда жақсы қасиеттердің жобалануына, батыл да бай тұлғаның қалыптасуына бағытталды.
1989ж. осы маңызды педагогика саланың дамуына бастама берген әйгілі педагог В.П.Беспальконың педагогикалық жобалау туралы жеке еңбегі шықты.
Педагогикалық болжам жасау жоспарланған іс-әрекеттің мүмкін нұсқаларын жасауға және оның нәтижелерін болжамдауға көмектеседі.
Педагогикалық болжам жасаудың құрылымын: педагогикалық жүйелер, педагогикалық процесс, педагогикалық ситуациялар анықтайды.
Педагог үшін педагогикалық процесс болжам жасаудың басты объектісі болып табылады.
Педагогикалық жүйелерді, процесс немес ситуаццияларды болжамдау - күрделі көпсатылы іс-әрекет. Бұл іс-әрекет субъектілерге және объектілерге тәуелсіз, бір-бірінен кейін болатын кезеңдермен жасалынады. Өзіміз көріп отырғандай болжам жасау педагогикалық процесте маңызды роль атқарады. Яғни, оқытушының қызметінің бірі де болжам жасай білу.