Жүрек гликозидттерді қабылдауды тоқтату калий иондарының сарқылуы



бет2/8
Дата18.10.2022
өлшемі33,6 Kb.
#153566
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-25 билет

Сульфаниламидтер
Сульфаниламидтер мен триметопримнен құралған препарат
3.Препараттың антибактериальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз:
Сульфаметоксазол мен триметопримнен тұратын біріктірілген микробқа қарсы препарат.
Құрылымы бойынша пара-аминобензой қышқылына (ПАБК) ұқсас сульфаметоксазол бактерия жасушаларында дигидрофолий қышқылының синтезін бұзады, оның молекуласына ПАБК қосылуын болдырмайды. Триметоприм сульфаметоксазолдың әсерін күшейтеді, дигидрофолий қышқылының тетрагидрофолий қышқылына дейін тотықсыздануын бұзады, фолий қышқылының ақуыз алмасуына және микроб жасушаларының бөлінуіне жауап беретін белсенді түрі.


7 билет. 135.Негізінен грам оң флораға әсер ететін антибиотиктерге жатады. Қышқыл ортада және бета-лактамазаның (пенициллиназаның) әсерінен ыдырайды. Коккты инфекцияларды және мерезді едеуде таңдау препараты болып саналады. Бұлшықетке, көктамырға, эндолюмбальды және деен қуыстарына енгізеді. Бұлшықетке енгізгенде 3-4 сағат әсер етеді. Негізгі жағымсыз әсері – аллергиялық реакциялар.
1.Препаратты анықтаңыз
Бензилпенициллиннің натрий тұзы
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
Бактерияға қарсы антибиотик,Биосинтетикалық пенициллин
3.Препараттың антибактериальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз
Бактерицидтік әсер көрсетеді.Олар тек бөлініп жатқан жасушаға әсер етеді.Антибактериялық әсер ету механизмі жасуша қабырғасы компоненттерінің синтезін бұзылуына байланысты.Транспептидаза ферментін тежеуіне байланысты пептидтік байланыстың түзілуін тоқтата отырып,жасуша қабырғасы синтезінің кеш кезеңдерін бұзады.


8 билет. Гипертониялық науқасқа диуретик тағайындалды, ол бір уақытта қан қысымын төмендетеді. Қан қысымы төмендеді. Алайда науқаста жүрек ауруы, әлсіздік пайда болды. Асқынуларды азайту үшін калий хлориді тағайындалды.
1. Бұл науқаста гипертонияны емдеу үшін қандай диуретик қолданылды?
Дихлотиазид
2. Осы препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
Негізінен дисталды өзекшелердің бастапқы бөлiгiнде Na+/CI-
тасымалдаушы жүйесiн тежей отырып натрий, хлор иондарынын реабсорбциясын тежейді. Дихлотиазид проксималды бүйрек өзекшелеріне де біршама әсер етеді. Аз дәрежеде карбоангидразаны тежейді, бұл әсері гидрокарбонаттын реабсорбциясы
төмендеуімен көрінеді. Калий ионынын секрециясын арттырады. Магний ионының экскрециясын бұзады.Осының бәрі зәрмен натрий,хлор,калий,магний иондары және НСО3 бөлінуінің жоғарлауына алып келеді.Осылайша диуретикалық әсер көрсетеді.
3. Бұл препарат қандай жанама әсерлерді тудыруы мүмкін?
Гипокалиемия,гипомагнемия,метаболиттік алкалоз,доқсу,құсу,диарея, әлсіздік,гипергликемия,аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін.
4. Неліктен калий хлориді тағайындалды?
Жанама әсері гипокалиемия тудырады.Организде калийдің мөлшері азайғандықтан жүрек ауруы,әлсіздік пайда бола бастаған.Сондықтан калийдің мөлшерін қалыпқа келтіру үшін калий хлориді тағайындалды


9 билет. Кең спектрлі антибиотиктерге жатады. Химиялық құрлысы мен микробтарға қарсы әсерінің механизмі безилпенициллиндер тобының антибиотиктеріме ұқсас келеді. Бета-лактамазаға (пенициллиназаға) тұрақты. Бензилпенициллинге тұрақты стафилококкты инфекцияларды емдеуде таңдау препараты болып саналады.
1.Препаратты анықтаңыз
Имипенем
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
Карбопенем
3.Препараттың антибактериальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз
Жасуша қабырғасының синтезін тежейді, В лактамазаға тұрақты, бірақ бүйректің проксимальды өзекшелеріндегі дегидропептидаза-1 мен бұзылысқа ұшырайды. Осыдан препарат концентрациясы төмен болады.


10 билет. Гипохромды анемиямен ауыратын науқаста, емделгеннен кейін қандағы гемоглобин индексі көтеріліп, денсаулық жағдайы жақсарды. Алайда, науқас тістерінің қараюына, ішінің кебуіне шағымданды.
1. Науқасқа қандай препарат тағайындалды?
Мальтофер (МНН Железа гидроксид полимальтозат) сироп?
2. Оның фармакологиялық тобын көрсетіңіз.
Эритропоэзді ынталандыратын заттар, оның ішіндегі гипохромды анемияда қолданылатын, темір препараттары.
3. Препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
Асказан-ішек жолынан тек иондалған темір сіңіріледі, әсіресе, өте жақсы екі
валентті ион түрінде .Соған байланысты хлорлы сутек кыШҚЫЛЫНЫҢ
және аскорбин қышқылының) қатысуы темірдің асқазан- ішек жолынан сіңірілуіне ықпал етеді. Сіңірілу белсенді тасымалдану арқылы немесе диффузия жолымен негізінен аш ішекте (әсіресе он екі елі ішекте) жүреді.
Ішектің шырышты қабатындағы апоферритин белогы сіңірілген темірдің жарты бөлігін байланыстырып, онымен ферритин кешенін түзеді. Ішек тосқауылынан өткен соң темір қан сарысуында бетта 1глобулин трансферринмен байланысқа түседі. Трансферринмен кешен түрінде темір әр түрлі тіндерге түсіп, кайтадан босап шығады. Суйек кемігінде ол гемоглобиннің жасалуы үшін жұмсалады. Тіндік қорда темір байланыскан түрде болады (ферритин немесе гемосидерин түрінде).
4. Жанама әсерлердің туындау себебін түсіндіріңіз.
Темір күкірт сутекпен әсерлескенде тістері қара түске бояйтын темір сульфидінін түзілуіне байланысты.


11 билет. Науқас Л., 21 жаста, ауруханаға: асқазанындағы қыжылға, ашқарынға эпигастри аймағындағы ауырсыну сезімі ас содасын қабылдаумен басылатындығына шағымданып түсті. Асқазанның гастроскопиясында асқазанда 0,5 см. көлемінде жара бар екендігі анықталды.Қарын сөлінің рН-метриясында: қышқыл өндірісі орташа қарқынды және қоры аз,реакцияның холинергиялық түрі анықталды.
1.Ең тиімді және қауіпсіз фармакотерапияға таңдау жүргізіңіз. Науқасқа протонды помпа ингибиторлары, соның ішінде - омперазол препаратын тағайындаймыз;
2.Сіз таңдаған препараттардың әсер ету механизмін және ықтимал жанама әсерлерін көрсетіңіз.
Қышқыл ортада омеперазол дисульфидті көпірлердің арқасында онымен әрекеттесіп, H+, K+ – АТФаза мембранасын қайтымсыз тежейтін белсенді метаболит сульфенамид нысанын алады. Ол тұз қышқылының базальды және ынталандырушы секрециясын тиімді басады. Асқазан секрециясының жалпы көлемін азайтады және пепсиногеннің шығарылуын тежейді. Ықтимал жанама әсерлер: диарея, жүрек айнуы, ішек коликі, бас ауруы, компенсаторлық гипергастринемия
3.Рационалды мөлшерлеу режимін көрсетіңіз.
Күніне 1 таблеткадан, продолжительно




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет