Жанама әсерлердің даму себебі: науқаста асқазан-ішек жолдарында созылмалы ауруы(ойық жара) болғандықтан, (диспепсиялық бұзылыстар дамыған) + жоғары уытты препарат болғандықтан.
Бұл ауруға басқа қандай препараттарды қолдануға болады?
Глюкокортикоидтар тобына жататын: Преднизолон или Целекоксиб
25 билет. Науқас Б., 18 жаста, 1 типті қант диабетімен ауырады (инсулинге тәуелді). 3 жыл бойы қысқа және ұзақ әсер ететін препараттарды жалпы мөлшері 20 бірлік/тәу. Мөлшерімен қабылдап жүрді. Келесі инъекциядан кейін науқаста қатты аштық сезімі, қатты терлеу, бас ауруы, жүрек соғуы пайда болды. Объективті: тахикардия, гипотермия, офтальмотонустың жоғарылауы, бұлшықеттердің еріксіз жиырылуы пайда болды.
Инсулин препараттарының гипогликемиялық әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
Ол жасуша бетінде орналасқан дисульфидті көпіршемен байланысқан екі альфа, в суббірліктерден тұратын арнайы рецепторлармен байланысады. Түзілген «инсулин+ рецептор» кешені эндоцитоз жолымен жасуша ішіне енеді, одан инсулин бөліп шығып, өзінің әсерін көрсетеді. Сонымен қатар, жасуша бетінде орналасқан рецепторлармен байланысқанда тирозинкиназалық белсенділігі бар в-суббірліктер ынталанады.
Инсулин глюкозаның жасуша мембранасы арқылы тасымалдануын және оның шеткі тіндермен жұмсалуын белсендіреді. Оның әсерінен гликогенез жоғарылайды, бауырда және қаңқа бұлшық еттерінде инсулин гликогенолизді төмендетеді.
Тапсырмада инсулинотерапияның қандай асқынуы сипатталған?
Инсулиннің артық дозалануымен байланысты гипогликемиялық жағдай (кома).
Бұл жағдайды жою үшін қандай препарат көрсеткіш болып табылады?
40% вена ішіне глюкоза ерітіндісі
Достарыңызбен бөлісу: |