Сілекей ағуы және тершендік сілекей бездерінің секрециясын жоғарлауына байланысты,құсу және іш өту асқазан моторикасын жоғарлатуына байланысты.
17 билет. Ревматоидты артрит, белсенділік II сатысы диагнозымен 17 жастағы науқас ауруханада емделіп жатыр.Гормональды терапия алып жатыр,бірақ, науқас осыған байланыстына тәбетінің жоғарылауын, бетінің дөңгелектенуін, салмақ қосуын, АҚҚ көтерілуін, аяқтарының ісінуін, кейде, эпигастрий аймағындағы ауырсынумен ауырлық сезімін байқай бастады. 1. Препаратты анықтаңыз дексаметазон
2.Оның фармакологиялық тобын көрсетіңіз Қабынуға қарсы стероидты заттар 3.Препараттың қабынуға қарсы әсер ету механизмін түсіндіріңіз Қабынуға қарсы стероидты заттарга глюкокортикоидтар жатады. Олардың кабынуға қарсы әсер ету механизмі арахидон кышкылынын синтезiне кажет фосфолипаза А, тежелуiне байланысты.Глюкокортикоидтар фосфолипазаға тікелей әсер етпейді, олар аталған ферментті тежейтін эндогендi протеиндер - липокортиндер (синонимі - аннексиндер) синтезіне және босап шығуына ыкпал етеді деген мәліметтер бар. Глюкокортикоидтардын арахидон кышкылынын синтезі деңгейінде әсер ететінін ескерсе, олардың қабынуға карсы әсерінде тек простаноидтар ғана емес, оксикышкылдар мен лейкотриендер және де ТАФ синтезін тежеудiн де маңызы бар деп айтуға болады. 4.Науқаста АҚҚ көтерілуі және ісінуі немен байланысты екенін түсіндіріңіз Глюкокортикоидтардын минералокортикоидты белсендiлiгi бар: ағзада натрий иондарын (бүйрек өзекшелерiнде олардын реабсорбциясы артады) ұстайды және калий ионынын шығарылуын (секрециясын) жоғарылатады. Соған байланысты кан сарысуының көлемі және тіндердін гидрофилдігі артады, артериялық қысым жоғарылайды.
18 билет. Науқаста ота барысында (облитерациялаушы эндоартериит бойынша аяқтарының ампутациясы) шок жағдайы пайда болды. Осы жағдайдан шығару үшін науқасқа терапиялық мөлшерде норадреналины бар қан құю жүргізілді. Алайда айтарлықтай нәтиже байқалмады.
Норадреналин қандай фармакологиялық топқа жатады?