Жүргізуші : Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын А. Сейдімбек артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды



бет6/7
Дата08.02.2022
өлшемі34,33 Kb.
#131052
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ақселеу Сейдімбек
27,42, 7-қазақ тілі ТЖБ 1
«Сарыарқа» әні

1жүргізуші: Қазір арамызда өзі болмағанмен, артына қалдырған еңбегі қазақпен бірге қияметке дейін жасай беретіндігі анық.Қазаққа тән барлық мінез Ақселеу Сейдімбек бойынан табылатын еді. Білгірлігі, шешен сөйлейтін ділмарлығы, парасаттылығы, көрегенділігі, дәулескен күйші болғандығы, нағыз қазақ қандай болатындығын көрсетеді. Ендеше, нағыз қазақ Ақселеудей болсын деуіміздің өзі орынды сөз.
2 жүргізуші: Қарап отырсақ Ақселеу Сейдімбек бүкіл саналы ғұмырын елінің ертеңі үшін сарп еткен. Мұндай көзсіз ерлікке, туған жерін, атамекенін, халқын, елін шын жүрекпен сүйген адам ғана бара алары сөзсіз. Жастық шағынан бастап жанкештілікпен еңбекпен дос болған. Әрбір секундтың қадірін білу, сезіну деген осы. Қара бастың қамын ойлаудан аулақ, не істесе де, не жазса да халқы үшін, жалпы адам баласы үшін жазған. Нағыз бақыт - осы болар.
Ақселеу абыз өмірден өткенде Ғалым Жайлыбай өз ағасымен былайша қоштасқан екен:
Қош бол, аға!
Асығыстау қоштасты да өмірмен,
Бір жұлдызым ағып түсті көгімнен.
...Қорқыт баба қобызы боп күңіреніп
Тәттімбеттің күйлері боп төгілген.
Дараның да дарасы едің, ағасы,
Қамқа тонның жағасы едің, ағасы.
Қадір түні қадірлісін ап кетіп,
Күңіренеді бар қазақтың баласы. деп бастап,
Тірілердің рухына тұғырсың,
Ертегідей есте қалар ғұмырсың.
Бар қазақты құшағыңа сыйғызып,
Ұлтым - деген, Жұртым - деген бір ұлсың. деп жалғай келе,
Қалам алып бетбақ жонның шетінен,
Күңгір-күңгір күмбез іздеп кетіп ең...
Абыз дала Аңыз дала перзенті,
Алдыңызды жарық қылсын, өтінем.. деп түйіндеген


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет