Internet – кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс
станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған
басқа компьютермен жылдам
байланыстыратын Дүние жүзілік желі. Оны дүниедегі ең ауқымды (глобаьный) желі деп
атайды.
WWW - бүкіләлемдік өрмек ақпарат іздеп бүкіл дүние жүзіне “электрондық саяхат”
жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әр түрлі ақпарат алуға
болатын ең кең тараған жүйе ретінде, WWW есептеледі. Интернеттің қалған бөліктерінен
гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.
Мультимедиалық технология
Мультимедиа – интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен визуальды
және аудиоэффектілердің өзара әрекеті. СD дискілердің пайда болуы және кең таралуы
мультимедиа
жүйесін
жарнамалық
және
ақпаратық
қызметте,
желілік
телекоммуникациялық технологияда, оқытуда тиімді қолдануға мүмкіндік берді.
Мультимедиалық ойындық және оқыту жүйелері дәстүрлі «қағаз кітапхананы» ығыстыра
бастады. Қазіргі кезде СD библиотекасы арқылы музейлерде, қалаларда т.б. шарлауға
болады [5].
Инновациялық білім – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық
қызмет пәндердің
мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік іскерлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға
бағытталған.
Кез-келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу
әрбір болашақ ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз”
қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс.
Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты
жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу
әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін
білім
жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.сол себепті педагогикалық оқу
орындарында инновацияға тәрбиелеу қажет.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі,
айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын
дәуір.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру,
логикалық - құрылымдық
ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік
даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып,
ақпараттық қоғамға бейімдеу. Мұндай құралдардың бірі - электрондық оқыту құралы.
Электрондық оқыту құралын жасау үшін
1) Инновациялық технология курсының мазмұнына мына элементтерді енгізіп,
оның мазмұнын анықталды,
2) Программалау ортасын таңдау жүргізілді. Оның қарапайым түрі мәтіндік
процессорда гиперсілтемелі мақмұндық элементтерді іске қосу арқылы жүргізу және оны
htm форматында сақтау. Екіншісі AutoPlay программасын пайдалану.
3) Программалық өнімді іске қосып, тексерілді. Кемшіліктер түзетілді.
4) Программалық
өнімнің жұмыс жасауға
дайындығына көз жеткізіп,
презентацияға дайындық жүргізілді. Нәтижесінде әдістемелік жоба дайындалды [6].
Қазіргі уақытта « қоғамды ақпараттандыру », «білім беруді ақпараттандыру » деген
сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру
дегеніміз не ? Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс
жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс -
әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына
байланысты объективті процесс.
Ол
оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл
процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады,
ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте,
маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді
ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады.
Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжа-мын
қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады [7].
Достарыңызбен бөлісу: