Посткеңестік кеңістіктегі тарихи білім беру ісінің тарихы отарлық империяның және кеңестік одақтың орталығы болған Ресей мемлекетімен байланысты. Ресейдегі тарихи-әдістемелік ойдың қалыптасуы тарихи мәліметтер топтастырылған жианқтардың пайда болу кезеңімен байланысты. Бҧл ХV-ХVІІІғғ. Азбуковник пен 1674 жылы Киевте шыққан «Синопсис» болды. Бҧлар оқырмандарға материалдарды ҧсынушы болды, бірақ оқулық бола алмады. ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында тек жалпы тарих оқытылуына орай Ресейдің ӛзінде мҧғалімдер мен оқулықтарының болмауына орай оқыту шет тілінде жҥрді. Оқиғалар тек ассирия-вавилондық, парсылық, македондық (гректік) және римдік монархиялардың схемасымен монографиялық немесе синхрондық тҥрде оқытылды. Материал сҧрақ-жауап тәсілімен оқытылды. М.В.Ломоносовтың «Ежелгі Ресей тарихы» туралы еңбегінің шығуы ХVІІІ ғасырда мектептерде біртіндеп орыс тарихының орын алуына ықпал етті. Алғашқы мектеп оқулығы 1760 жылы шығып, мектеп пәні ретінде тарих ХVІІІ ғасырдың аяғында, 1786 жылы қалыптасады.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс оқулықтарында Н.М.Карамзиннің монархиялық концепциясы, ал ежелгі дҥние мен орта ғасырла тарихында И.К.Кайданов пен С.Н.Смарагадовтың, орыс тарихы бойынша Н.Г.Устляровтың концепциялары кӛрініс алады. Тарих пәні болып адамдардың тағдыры мен іс-әрекеті танылды, барлық оқиғалар кӛрнекті адамдардың психологиясымен тҥсіндірілді.
Петербургтік неміс училищесінің директоры Готлиб фон Шуберт рифмикалық әдісті, яғни тарих фактілерін рифмдеп, одан кейін оны әндетіп, жаттап алуды ҧсынды. Сӛйтіп ХІХ ғасырдың ортасында оқыту оқулық текстерін айтып берумен ғана шектеліп, оқушы ойының дербестігін тежейтін схоластикалық тәсілдермен жҥргізілді, документ материалдары пайдаланылмады. Оқушының білім кӛлемі кӛбінесе жеке фактілермен, әсіресе қолбасшылар мен билеушілердің ӛмірінен келтірілген қысқаша әңгімелермен шектелді. Оқытудың мҧндай шіркеулік-монархиялық жҥйесіне ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарында революционер-демократтар В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов т.б. қарсы шықты.
Революционер-демократтар тарихтың ең басты қозғаушы кҥші – самодержавие мен шіркеу де, жеке адамдар да емес халық бҧқарасы деп кӛрсетті. Революционер-демократтардың идеялары 40-60 жылдардың басында шыққан кейбір оқулықтарда, мысалы, В.Я.Шульгиннің ортағасырлар оқулығында айтылған. Әсіресе Н.Г.Чернышевскийдің мектептегі тарих курсы ғылым талабы мен оқушының жас ерекшелігіне сай келуі керек деген ойына осы оқулық сол кезеңде біршама сай келді. 60-жылдардың ортасында белгілі тарихшы М.М.Стасюлевич репетициялық әдісті шынайы әдіспен алмастыруды ҧсынып, тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыратындай етіп хрестоматия текстерін мҧғалім басшылығымен оқыту керек дей отырып, әлеуметтік қатынастар, халық тҧрмысы мен мәдениетіне арналған документ пен мақалалардың 3-томдық хрестоматиясын қҧрастырды.
Бірақ ӛсіп келе жатқан ҧрпаққа революциялық ықпалдың ӛсіп келе жатқанын тҥсінген министрлік саяси реакцияны кҥшейтіп, жаңа тарих бағдарламасын шектеп, жаңа заман тарихын оқытуды гимназиялардан алып тастап, ежелгі дҥние тарихы мен классикалық тіл сағаттарын ӛсіреді. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарында Халық ағарту министрлігінің қолдауымен Д.И.Иловайскийдің «фактілердің, адам аттарының, цифрлардың жиынтығы» болып табылатын оқулықтары кең таралды. Бҧл оқулықтарда экономикалық даму мәселелері айтылмады, мәдениет тарихы қосымша ретінде тараудың соңында жарияланды. Әдістемеде жаттап алу тәсілі кең қолданылды. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық ӛмірдегі ӛзгерістер тарих біліміне де ӛзгеріс әкелді. Бҧл кезеңде буржуазиялық тарих ғылымы қалыптасып, оның кӛрнекті ӛкілі С.М.Соловьев орыс тарихы жӛнінде оқулық жазады. Алғашқы орыс әдістемесінің авторы ретінде тарихты тереңдетіп және ғылыми тҧрғыда оқуды ҧсынушы Я.Г.Гуревичті айтуға болады. 1877 жылы шыққан «тарих әдістемесінің тәжірибесі» еңбегінде ол тарихты элементарлы тҥрде оқытуға ҥлкен маңыз береді. Бҧл кезеңде Б.А.Павлович, Г.Дистервег, А.Никольский, А.В.Добряков, С.Ламовицкий т.б. әдіскерлер әдістеменің қалыптасуына ықпал жасады.
Сӛйтіп ХІХ ғасырда оқытуда негізінен мынадай әдістер қолданылды:
Биографиялық – кӛрнекті жеке тҧлғаларды сипаттай отырып сол арқылы белгілі фактілер мен оқиғаларды оқу;
Реальды немесе Хрестоматиялық – хрестоматиядан деректерді оқып, талдау арқылы тарихи фактімен танысу;
Прогрессивтік – хронологиялық ретпен тарихи оқиғаларды
оқу;
Регрессивтік – қазіргі кезден бастап оқып, біртіндеп отан
тарихының ӛткеніне ену;
Драматизация.
Ал ХХ ғасырдың басында Ресейдің әлемдік революциялық процестің орталығына айналуына орай кӛптеген мектептер прогрессивтік сипат ала бастайды. Ірі қалаларда қоғамдық педагогикалық ҧйымдар пайда болады. Оқыту әдістері мен оқулықтарды ӛзгерту мәселесінде оқытушылар мен ғалымдар арасында 2 бағыт пайда болады. Олар:
Либералдық;
Радикалдық.
П.Г.Виноградов, Н.И.Кареев, С.Ф.Платонов т.б. либералдар
«адамдардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынасын» тәрбиелеу міндетін ҧсынып, езушілер мен езілушілердің арасындағы келісімді, бейбіт қатынасты уағыздады. Олардың жазған оқулықтарында қоғамның саяси, мәдени-тарихи жақтары қаралмады. Оқыту әдістемесінде кӛрнекілеу, образдылықты ҧсынды. Сондықтан олардың оқулықтары профессорлық деп аталды, себебі университет курстарына ӛте ҧқсас болды.
Ал радикалды бағыт ӛкілдері М.И.Покровский, Н.А.Рожков, М.Н.Коваленский т.б. басқалары оқыту әдісін қайта қарастыра отырып, мысалы Рожков басты орынға дерек, қҧжатты конспектілеуді қойып, бҧлармен жҧмыс ақыл-ой жекешелігін дамытып, оқушылардың материалистік кӛзқарасын қалыптастырады деп кӛрсетті.
ХХ ғасырдың басындағы кӛптеген методологиялық және әдістемелік ағымдардың арасынан екі негізгі бағытты- эволюциялық және әлеуметтік бағытты бӛліп алуға болады. Эволюциялық бағыттың негізін салушы Н.И.Кареев және басқалары тарихи процестің алғашқы негізін қоғамдық идеалдар анықтайды деп есептеді. Тарих- заңды процесс, ол эволюциялық тҧрғыда дамиды деп кӛрсетті. Ал әлеуметтік бағыттың ӛкілдері Р.Ю.Виппер, Н.А.Рожков т.б. тарихты жасаушы халық бҧқарасы,
ол стихиялы тҥрде ықпал жасайды, ал жеке тҧлғалар оның дамуына ықпал етпейді деп есептеді. Мәскеу университетінің профессоры Р.Ю.Виппер оқулықтарды жазуда материалдарды мҧқият іріктеу, топтау, баяндау талабын қойды. Осы кезеңде бірнеше оқу әдістері ҧсынылды. Мысалы, Н.П.Покатило реферат әдісін ҧсынып, ауызша -жазбаша рефераттар оқушыны кітап оқуға, негізгіні бӛліп алуға, жеке ӛз бетімен жҧмыс жасауға ҥйретеді десе, драматизация әдісін А.Ф.Гартвиг кең сипаттады. Ол тарихи материалды рольге бӛліп оқу тәсілі танымдық қабілетті кҥшейтеді деп кӛрсетті.
Сӛйтіп ХХ ғасырдың басында ҧмыт бола бастаған бҧрынғы әдістер қайта енгізіліп, жаңа әдістер де пайда болады. Олардың арасында реальды, лабораториялық, дрматизация әдістері болды.
ХХ ғасырдың басында педагогтар тарихи білім беру ісінде оқыту әдістемесіне кӛп кӛңіл бӛле бастады. Олар сабақтың қҧрылымын оқушылардың дербес танымдық әрекетін ынталандырып, олардың бойында білімге деген қажеттілікті қалыптастыруды бағыттауға тырысты.Олардың кейбіреулері бҧл жолды кӛрнектілікпен оқытудан, ал екіншілері оқушылардың реферат пен баяндама дайындау жҧмысынан, ҥшіншілері тарихи дереккӛздерді пайдаланудан іздейді. Ал кейбір әдіскерлер тіпті еңбекпен оқыту әдістемесін дәріптеді. Жалпы ХХ ғасырдың басында мынадай оқыту әдістері қолданылды:
Лабораториялық;
Еңбек;
Рефераттық;
Экскурсиялық;
Драматизация;
Иллюстративтік.
Тарихты оқыту барысында оқушылардың санасында нақты бейне қалыптастыруға ҧмтылыс байқалды. Ол ҥшін карталар мен картиналар, суретті оқу кітаптары пайдаланылады. Саяхаттық жҧмыс оқыту процесінің ажырамас бӛлігіне айналды, тарих сабағына ӛлкетану материалдары кеңінен тартылды. Осындай жҧмыстар арқылы оқушылардың бойында дербес жҧмыс істей алу дағдысын қалыптастыруға кӛп кӛңіл бӛлінді.
Осы кезеңде сҧрақ және жоспар әдісі кең тарады. Оларды мҧғалім қҧрастырып, оқушыларға ҥй жҧмысы ретінде беріп отырды. Ҥйде де, сыныпта да оқулықпен жҧмыс істеуге баса
кӛңіл бӛлінді. Бҧл әдіс оқушыларды мәтінді дҧрыс оқуға, оқығаны бойынша жоспар қҧруға дағдыландырады деп есептелді. Оқыту процесіне жаңадан іс жҥзіндегі зертханалық және драмалау әдістері енгізіле бастады. Іс жҥзіндегі әдістің мәні -
тарихи дереккӛздері негізінде жҧмыс істеу.
Зертханалық әдіс оқушылардың тарихи қҧжаттармен, иллюстрациялық материалдармен және ғылыми кӛпшілік мақалалармен дербес жҧмыс жасауға ҥйрету жҥйесін қамтиды. Мҧғалім оқушыларды тарихи зерттеудің зертханасына жетелеп енгізгендей болады, ал оқушылар ғалым ретінде қарапайым жаңалықтарды ӛзі ҥшін алғаш рет ашады.
Белгілі әдіскер А.Ф.Гартвич әдетегі сабақты оқушылардың рефераттарын оқу және оларды талдауға арналған әңгіме тҥрінде ӛткізумен алмастырады. Бҧл жерде мҧғалімнің рӛлі оқушылардың дербес жҧмысына жетекшілік жасаумен айқындалады. Бҧл әдістің ең басты мәні-оқушыларды дербес жҧмыс жҥргізуге ҥйрету.Сонымен бірге ол оқытудың драмалау әдісін ҧсынды. Оның мәні-оқу процесінде оқушылардың тарихи оқиғаларға арнап шағын драмалық кӛріністер қоюы.
Рефераттану жҥйесі әдіскерлер Б.А.Влахопулов пен Н.П.Покотилоның ҧсынған жаңалығы болды. Реферат дайындауды олар оқушылардың бойында дербес жҧмыс істей алу дағдыларын дарытатын негізгі тәсіл деп білді. Мәселенің тарихнамасымен танысқан оқушының реферат жҥйесіндегі әрекеті бірнеше кезеңді қамтиды.
ші кезеңде оқушы ҧсынылған мақала, брошюра немесе шағын кітаптарды олқып шығып, конспектілейді.
ші кезең бірнеше кҥрделі кітаптың мазмҧнын баяндауға арналады. Оқушы кітап мазмҧнымен мҧқият танысып, рефераттың жоспарын жасайды.
ші кезеңде бір тақырыпқа арналған бірнеше шағын кітап бойынша реферат дайындалады, ең бастысы оқушы материалды мазмҧндаудың ӛзіндік жоспарын жасай алуы тиіс.
Келесі кезеңде әртҥрлі кӛзқарастағы бірнеше еңбектің мазмҧны ортақ тҧжырымға келтірілуі тиіс.
Соңғы ең кҥрделі кезеңде жоғары сынып оқушылары қҧжаттармен жҧмыс істеп, дерек кӛздерінің ішкі материалдарын талдай алуы тис. Рефераттау жҥйесінің кезеңдерге бӛлінуі жоғары сынып оқушыларының ӛз ойларын мазмҧндауына, ойды
байланыстыра алуына, арнайы тарихи білімдермен бірге жалпы пәндер бойынша да білімдерін тереңдетуге мҥмкіндік береді.
XX ғасырдың басында әдістеме ісін жетілдірумен қатар соған сай педагог кадрлар дайындауға да кӛңіл бӛле бастады. Мәскеуде екіжылдық педагогикалық институт ашылып, оған жоғары білімді мамандар тартылды. Оның тыңдаушыларының әдістемелік дайындығына кӛп кӛңіл бӛлінді: бірінші курста әдістемеге аптасына тӛрт сағат, ал екінші курста ҥш сағат уақыт бӛлінді.
1917 жылы Қазан айында Кеңестердің Бҥкілресейлік II сьезінде В.И. Лениннің ҧсынуымен А.В. Луначарский басқаратын Халық Ағарту Комиссариаты қҧрылды. Ооынң тӛңірегіне кӛрнекті оқымыстылар мен алдыңғы қатарлы мҧғалімдерді жинап, тәжірибе жинақтау ісі жҥргізіледі. М.Н.Покровскийдің басшылығымен тарихтан алғашқы ҥлгі бағдарлама жасалады. 1920 жылы оның «Қысқаша очерктегі Орыс тарихы» кітабы жарық кӛреді. Бірақ тарих жеке пән ретінде оқытылмады. Азаматтық тарихты оқытудың орнына әлеуметтану, еңбек тарихын оқыту ҧсынылды. Осылайша тарихи білім беру саласында қайта қҧрулар басталды. Оның бастапқы кезеңінде тарихи білім берудің ескі мазмҧнынан бас тартып, тарихты оқыту қоғамтанумен ауыстырылады. Сӛйтіп қоғамтану курсының аясында маркстік кӛзқараспен ерекшелеген жеке фактілерден қҧралған тарих курсының жекелеген элементтері ғана сақталып қалды.
1918 жылы кеңестік еңбек мектебінің негізі қаланды. Жаңа мектепте оқушыларға берілген ҥй тапсырмасын тексеріп, білімін бағалаудың ҧпайлық жҥйесі, емтихан, жазалау сияқты тәсілдер жойылды. Оқушылардың кластан класқа кӛшуі, мектепті бітіруі мектеп педагогикалық кеңесінің оқушының оқу жҧмысын орындауы туралы пікірі бойынша жҥзеге асты. Кластың орнына ҧсақ топтарды «бригада» деп, сабақтарды зертханалық, студиялық оқу деп атау ҧсынылды.
1918 жылы қазанда РКФСР БОАК бекіткен «Біртҧтас еңбек мектебі туралы ереже» тӛңкеріске дейінгі мектеп жҥйесін тҥгел алмастырды. Ол бойынша еңбек мектебі екі сатыдан тҧрды: біріншісі-8-13 жас аралығы және екіншісі-13-17жас аралығы. Бірінші саты мектебінде тарихтың бастапқы курсы ҥшінші оқу жылынан бастап оқытыла бастады. Соңғы жылына Кеңестік
Конституцияны оқыту енгізілді. 1921 жылы бағдарламаларында әңгімелеу мен саяхаттар барысындағы ең басты жҧмыс ретінде туған ӛлкенің тарихын, адамдардың мәдени тҧрмыстық ӛмірін оқып ҥйрену жоспарланды. Осы жылдан бастап қоғамтану курсы енгізілді. 1923 жылдан бастап мектептерде пәндік оқытудан бас тартылып, оның орнына 1931 жылға дейін кешенді бағдарламамен оқыту енгізілді. Онда ӛмір қҧбылыстарын табиғат, еңбек, қоғам бойынша бӛлімдер арқылы комплексті оқытып, тарихи тарихи мәліметтер тек анықтама материал ретінде келтірілді. Оқушылардың дербестігі мен шығармашылық қуатын дамытудың мынадай әдістері: еңбек, зертханалық- бригадалық, зерттеушілік әдістер кеңінен қолданылды. Осы бағытта жаңа оқулықтар, кітаптар жазылды. Мысалы, 1928 жылы А.А.Введенский мен А.В.Преджеченскийдің «Жоғарғы сыныптар ҥшін жҧмыс кітабы» жарияланып, онда жеке тақырыптар бойынша материалдар берілді.
Зертханалық-бригадалық әдіс сабақтарында жаңа типті кӛмекші қҧралдар қолданылады, оларда оқу материалын байланыстыра баяндау мақсаты қойылмады. Тапсырма 5-6 адамнан қҧралған оқушылар бригадасына орындауға тапсырады. Мердігерлік тапсырмаларға сҧлбаның суретін салу, карта, кастюм, қару-жарақ тҥрлерін жасау, ҥлгілеу жҧмыстары енеді. Бҧл кезеңде оқытуды ӛмірге жақындату ҥшін оқушылардың ӛздігімен жҧмыс істеуін барынша дамыту принципі ҧсынылды да, ол зерттеу және лабораториялық әдістер арқылы жҥзеге асырылды.
Жалпы 20-жылдарда кейбір кемшіліктер мен қателіктерге қарамастан қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі жӛнінде ҥлкен ізденістер жасалды.
30 жылдары тарихи білім берудің жайы ӛзгере бастады. Тарихты жеке пән ретінде қалыптастырумен сипатталатын тарихи білім берудің жаңа кезеңі басталады. Партияның Орталық Комитеті зертхана-бригадалық әдістен бас тартуға нҧсқау береді. Оқу жҧмысын ҧйымдастырудың негізгі тҥрі оқушылар тобымен жҥргізілетін қатаң оқу кестесіне бағындырылған сабақ болып белгіленеді. Тарих бағдарламаларына маркстік қоғамдық- экономикалық формация теориясы негіз болды.
Бағдарламалардың негізінде жаңа оқулықтар жазыла бастады. Бірақ авторлар оқулықтарда азаматтық тарихты емес,
қоғамдық ӛмірдің формаларын ғана берді. Қазақстан тарихы мҥлдем ауызға алынбады. Тек 1930 жылы 5 қыркҥйекте БК(б)ОК
«Бастауыш және орта мектеп бағдарламасы» туралы қаулысында оқу пәндерінен, әсіресе тарихтан жҥйеге салынған бағдарлама белгілеу қажеттігін атап кӛрсетті. Осыған орай 1933 жылы жазда тарих бағдарламасы шығарылды. Ал 1934 жылдың 15 мамырында «КСРО мектептерінде азаматтық тарихты оқыту туралы» қаулы қабылданды. Ол тарихты нақты формада, хронологиялық ретпен баяндауды талап етті. Сӛйтіп курстың қҧрылымына тарихи оқиғаларды баяндаудың хронологиялық бірізділігі және қайталамау қағидаларын басшылыққа ала отырып, жалпы тарих және дербес Отан тарихы курстары енгізілді. 1934 жылы 9 маусымда V-VІ сыныпта ежелгі дҥние, VІ- VІІ сыныпта ортағасырлар тарихын енгізуді белгілеген қаулы қабылданды. 1935-41 жылдар арасында тарихты оқытуға аптасына 14-25,5 сағатқа дейін бӛлініп, тарихты хронологиялық ретпен оқыту ҥшін тарих оқулықтарын жасау талап етілді. Осы талапқа сай А.В.Шестоковтың басшылығымен КСРО тарихының қысқаша курсы, 1940 жылы А.М.Панкратованың басшылығымен VІІІ-Х сыныптарқа арналған КСРО тарихы, А.В.Мишулинаның редакциялығымен Ежелгі дҥние тарихы, А.Е.Косминскийдің редакциялығымен орта ғасырлар тарихы, А.В.Ефимованың басшылығымен «Жаңа тарихтың» І бӛлімі шықты. Ал 1945 жылы В.М.Хвостов пен Л.И.Зубоктың редакциялығымен «Жаңа тарихтың» ІІ бӛлімінің шығуымен мектеп тарихтың барлық курсымен жабдықталды.
Дегенмен бҧл оқулықтарда сҧрақ, қҧжаттардың, тапсырмалардың болмауы мҧғалімге оқушылардың жеке жҧмысын ҧйымдастыруда ҥлкен қиындық келтірді.
ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы жаңа оқулықтар шығару, жаңа оқу әдістерін іздестіру, тәжірибе алмасу сияқты бастамаларға Ҧлы Отан соғысы кедергі жасады.
Соғыс кезіндегі тарихты оқытудың ӛз ерекшелігі болды. Ол ең алдымен оқытудағы тәрбиелік мақсаттарға баса мән берумен айқындалды. Мҧғалімдердің алдына патриоттық тәрбие мен интернационалдық бірлікті нығайту міндеті қойылды. Ҧлы Отан соғысы еліміздің кҥллі байлығын соғыс қажетіне, ал миллиондаған азаматтарын еріксіз соғыс майданына тікелей бет бҧрғызды. Бірақ соғыстың кҥйзеушілігін, оның зиянды шарпуын
жас ӛспірімдерге тигізбеудің қамы о бастан жігерлі тҥрде қолға алынып, мектеп пен баланың қамы мемлекеттік іргелі жҧмыстың бірі деп жҧртшылықтың алдына тартылды.
Ҧлы Отан соғысы кезінде мектеп елімізді нығайтудың, Отан қорғау ҥшін мол білім алып, шыныққан жастар даярлауда ҥлкен рол атқарған. Бағдарламалар және барлық оқу сабағының мазмҧны соғыс мәселелеріне байланысты жҥргізілді.
Партия мен ҥкімет соғыстың ауыр жылдарында мектепке деген қамқорлығын бҧрынғыдан да кҥшейтіп отырды. Мектептерде оқу, тәлім-тәрбие жҧмысын жақсартуда бірқатар жаңа шаралар белгіленді. Ер балалар мен қыз балаларды ӛз алдына бӛлек оқыту тәртібі жҥзеге асырылды, балалар мектепке 7 жасынан бастап тартылатын болды. Ер балалар мен қыз балаларды ӛз алдына бӛліп оқыту 1943-1944 оқу жылынан бастап республикамыздың барлық обылыстық қалалары мен ірі ӛнеркәсіп орталықтарымен жҥзеге асырылды. Компартия басшылары оқу-тәрбие саласы, оның ішінде тарих пәнін оқыту ісінің жауды жеңу мақсатында бағындырыла жҥргізілуін қатаң талап етті. Мҧғалімдер партияның ҧйымдастырушылық және басқарушылық рӛлін шәкірттерге ҥсті-ҥстіне тәптіштеумен болды.
Мектепте тарих пәні оқытылғанда фашистердің қарақшылық жоспары әшкерленуге тиіс болды. Ол жоспардың негзгі белгілері мыналар: басқа нәсілдерді жек кӛрушілік, таңдаулы ҧлттардың ҥстемдігін дәріптеу, басқа ҧлттарды бағынышты ету және олардың жерін басып алу, бағынышты ҧлттарлды экономикалық жағынан езу, басып алынған жерлерде фашистік тәртіп орнату. Ғалым Л.Бущик «ССРО тарихын оқыту мәселелері» атты еңбегінде соғыстың тарихын ҥйретумен байланысты, бірнеше ғасырлар бойы ӛзінің тәуелсіздігі ҥшін ойдағыдай кҥрескен орыс халқының таңдаулы жауынгерлік дәстҥрлерін кӛрсету, орыстың кӛрнекті қолбасшылары Невскийдің, Донскойдың, Суворовтың және т.б шебер қолбасшылық ӛнерін кӛрсетудің маңызы зор екенін атап кӛрсетті. Ҧлы Отан соғысы кезінде тарих пәнінің мҧғалімдері тәрбие жҧмысын шәкірттердің тарих ҥйірмелері арқылы ҧйымдастырып жҥргізуге тырысты.
1944 жылы РСФСР-дың педагогикалық ғылымдар Академиясы қҧрылады. Ол 1966 жылы Министрлер Кеңесінің қаулысымен КСРО педагогикалық ғылымдар Академиясына
айналады. Бҧл Академияның қҧрамында тарих әдістемесінің секторы болды. Осы сектордың басшылығымен мектеп мҧғалімдеріне кӛмекші ретінде «мектепте тарихты оқыту» журналы шығарылады. Онда алдыңғы қатарлы тәжірибе, жаңалықтар, әдістемелік әдебиеттер рецензиясы т.б. жарияланып отырды. Соғыстан кейінгі жылдары әдістеменің дамуына В.Н.Бернадский, Н.А.Андреевская, М.А.Зиновьев, Д.Н.Никофоров және т.б. ғалымдар кӛп ҥлес қосты.
8 жылдық жалпыға міндетті білім беру енгізілгеннен кейін 1959 жылы 8 қазанда Министрлер Кеңесінің «Мектепте тарихты оқытудағы кейбір ӛзгерістер» қарары қабылданып, тарихты оқытудың мынадай тәртібі енгізілді:
ІV сынып – КСРО тарихынан әңгімелер; V сынып – Ежелгі дҥние тарихы;
VІ сынып – Орта ғасырлар тарихы;
VІІ-VІІІ сыныптар – КСРО тарихы, жаңа және қазіргі заман тарихы.
50-жылдардың соңында оқулықтарға оқушылардың дербес жҧмыс жҥргізуіне арналған қҧжаттар енгізіліп, тарих бойынша жҧмыс дәптерлері шығарыла бастайды.тарихи білім берудің қҧрылымы, мектепте тарихи білім берудің теориясы мен практикасын жетілдіру ісі жҥзеге асырылады.
Бҧл кезеңде тарих оқулығының міндеті мен қызметі ӛзгеріске тҥсті. Ол сабақта оқығанда бекіту ҥшін ғана емес, сонымен бірге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге, курстың мазмҧнын қорытып, жҥйелеу ҥшін де қажет бола бастады. Бҧл міндеттерді іске асыруға оқулықтағы кестелер, сҧлбалар, анықтамаматериалдар, қҧжаттар мен безендірулер де кӛмектеседі. Солар бойынша оқулықтың тақырыбы, парграфынан сҧрақтар мен тапсырмалар туындайды.
1965ж мамырда КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Мектептерде тарихты оқыту тәртібіне ӛзгерістер енгізді. Ең бастыларының бірі ретінде алғаш рет одақтас республикалар тарихының оқу бағдарламасына енгізілуін айтуға болады. Бҧл қаулы мектептерде Қазақстан тарихын оқытуға жол ашқан ҥлкен мҥмкіндік еді.
60-70 жылдарда тарихты оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерімен әдіскерлер А.А.Вагин, П.С.Лейбенгруб, Ф.П.Коровкин, П.В.Гора, Н.Г.Дайри т.б. айналысты. Мектептегі
тарих курсының қҧрылымындағы ендігі ӛзгерістер міндетті тҥрде орта білімге кӛшумен байланысты жҥзеге асты.
1992 жылы ҚР-ның «Білім туралы» заңы қабылданды. Тәуелсіздік нәтижесінде қабылданған осы заң еліміздегі тарихи білім беру қҧрылымына тҥбегейлі ӛзгеріс енгізді. «Білім туралы» заңға сәйкес білім беру жҥйесін реформалауда тҧлға дамуына басымдық беру қағидасы басшылыққа алынды. Тарихи даму және қоғамтанушылық білім беру стратегиясына сай, мемлекеттік- партиялық идеологияның монополиясынан бас тартып, идеологиядағы плюрализмге жол ашылды. Қоғамдық- гуманитарлық пәндер қатарында ерекше орын алғандықтанда, тарих пәнін оқытудың әдістемелік мәселелерін шҧғыл тҥрде шешу міндеті ӛткір қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |