Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің



Pdf көрінісі
бет17/84
Дата21.10.2022
өлшемі11,5 Mb.
#154335
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   84
Байланысты:
Журнал 40 оза-2

18
Respýblıkalyq 
ǵylymı-pedagogıkalyq, 
ádistemelik 
jýrnaly
№40 (
säuır
) 2022 
jyl
 
Бес мыңға жуық жауынгердің арасында 
Нұржан Құсайынов, Райымбек Бәйсейітов, 
Тахауи Ахтанов, Әзілхан Нұршайықов, 
Мәлік Ғабдуллин және Сұлтан Жиенбаев 
сынды қазақтың біртуар азаматтары да 
болды. Оның ішінде екі қазақ қызы да бар 
еді: 
Мәншүк 
Мәметова 
мен 
Мәриям 
Сарлыбаева. 
Мәншүктің 
майдандасы, 
Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан 
Нұршайықов майданға аттанар сәтін былай 
еске алады: «Біздің санымыз 100-бригада 
қатарында І Алматы станциясынан аттанарда 
4889 
болды, 
ал 
Жоғарғы 
Қолбасшы 
И.Сталиннің 
жеке 
өкімімен 
эшолон 
аттанарда қатарымызға Мәншүк қосылып, 
санымыз 4890 адам болды». 
Отан қорғауға аттанған қазақстандық 
әскери 
құраманы 
Жамбыл 
ақын 
«Батырларым, Сіздерді ерліктерің үшін 
құрметтесін» деген жалынды тілегімен 
шығарып салған екен. 
Майдан 
даласына 
аттанған 
шынашақтай қазақтың батыр қызы барлық 
ұрыстарда 
батылдығымен, 
өжеттілігімен 
көзге түсіп, қару-жарақты шебер меңгеріп, 
жанындағы ер азаматтармен иық тірестіре 
шайқасады. Талай жаралы жауынгердің 
жарасын таңып, өлім аузынан арашалап 
қалады. 
Күні-түні жаумен алысып, от пен оқтың 
ортасында жүрсе де ұлттық бояуы қанық 
әндерді 
тамылжыта 
шырқайтын 
өнерін 
өшірмепті өжет қыз. «Максим» пулеметінен, 
автоматтық 
қарудан 
атуды 
меңгерген 
Мәншүк шайқастарда жауға бет қаратпай оқ 
жаудыратын 
болған. 
Қазақ 
қызының 
қайсарлығына сүйсінбеген жан қалмаған. 
Тектілігі мен ептілігінің арқасында Мәншүк 
жауларына сан мәрте тойтарыс берген. 
1943 жылдың қазан айында Мәншүк 
әскери қызметте болған батальонға Изоча 
станциясын еш шығынсыз жаудан азат ету 
туралы бұйрық беріледі. Псков облысындағы 
Невель қаласын жаудан босату үшін Изоча 
стансасындағы 173,7 биіктікте сұрапыл 
ұрыста қазақтың жаужүрек пулеметші қызы 
өзінің «Максимімен» бірге құйындата оқ 
боратып, 
70 
неміс 
фашисін 
жер 
жастандырады. 
Қасық 
қаны 
қалғанша 
жаумен қасқая күрескен қазақтың батыл да 
батыр қызы Мәншүк 1943 жылғы 15 қазанда 
ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты. 
«15 қазанда Мәншүк қаза тапты. Бұл 
қаралы хабарды біз сол қырғын ұрыс болған 
күннің түнінде естіп, қабырғамыз қайысты. 
«Мәншүк өлді» деген хабарды естігенде тірі 
қалған солдаттар тегіс жыладық. Мәншүк 
ортамыздағы жалғыз гүліміз еді. Анамызды 
да, апамызды да, қарындасымызды да, 
сүйген жарымызды да біз сол арқылы 
көзімізге елестетуші едік», - деп жазады 
Мәншүктің қаруласы Әзілхан Нұршайықов 
өзінің 
«Невель 
түбінде» 
атты 
деректі 
туындысында. 
Кіші 
лейтенант 
Болат 
Ахметжанов 
аталмыш 
ұрыс 
туралы 
естелігінде мынадай деректер келтіреді: «Біз 
жақтан адам өлімі көп болды, сондықтан 
позицияны тастап артқа шегінуге мәжбүр 
болдық. Кері 
шегінер жолда 
басынан 
жарақаттанған, ұрыс даласында бір өзі ғана 
қаза 
тапқандардың 
пулеметін 
қайта 
тұрғызып, орнына қойып жатқан Мәншүкті 
көрдік. Біз одан 4-5 шақырым қашықтықта 
алшақ тұрғанбыз, оған бізбен бірге жүр 
дегенде, ол «Өздерің бара беріңдер, егер мен 
кетсем, сендерді кім қорғап қалады», деп 
қарсылық білдірді. Ол көнбегесін, біздер кете 
бердік. Біраздан соң тылда өлі тыныштық 
орнады, біздер бір-бірімізге аң-таң күйде 
қарап: «Бәрі бітті», деген Болат Ахметжанов 
естелігін былай аяқтайды: «Осыларды еске 
түсіре отырып, менің айтқым келетіні, егер 
Мәншүк бізді жаудан қорғап қалмағанда, 
қазір тірі болмас едік, сондықтан біз өмір 
бойы Мәншүкке қарыздармыз!». 
Қазақтың 
қаршадай 
қызының 
қазасына қатты қайғырып, «Комсомолдың 
Орталық 
комитетінің 
бірінші 
хатшысы 
Михайловқа, болмаса маған Батыр атағын 
берген Калининнің өзіне барам. Тіпті 
Ворошиловқа кірем. Одан түк шықпаса, 
менің Мәлік атым құрып кетсін, өзімнің 
жұлдызымды 
берем», 

деген 
Кеңес 
одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 
табандылығы мен өжеттілігімен 1944 жылғы 
1 наурызда Мәншүк Мәметоваға Батыр атағы 
беріледі. 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш 
Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 
«Ұлы Отан соғысының адамзат тарихындағы 
ең қатыгез әрі қантөгісті соғыс, сонымен 
қатар фашизмге қарсы жалпыұлттық күрес» 
екендігін 
айтады. 
Ол 
«Мәскеу 
мен 
Сталинград түбіндегі қатыгез соғыста Курск 
пен Днепрде мыңдаған совет солдаттары өз 
бастарын қатерге тікті. Мәншүк Мәметова, 
Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы
Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин сынды 
Қазақстанның әскерилері жеңіс үшін жан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет