Жұдырықты алдыңғы күмбезге қойып, жатырдың алдыңғы қабырғасына басыңыз.
Екінші қолмен іштің алдыңғы қабырғасы арқылы жатырдың артқы қабырғасына бірінші қолға қарсы бағытта басыңыз.
Қан тоқтағанға дейін және жатыр жиырылғанша басып тұрыңыз.
Қан кету жалғасқанда
Бір уақытта:
Барлық еркін персоналдарды мобилизациялау (қосымша көмекке шақыру: бөлім меңгерушісін, анестезиолог-реаниматологты (егер бұрын шақырылмаса); лаборантты; стационардағы қан құюға жауапты маманды).
Кереуеттің бас жағын түсіріңіз
Ылғал оттегін 10-15 л/мин жылдамдықта беруді жалғастыру
Жоғалған қан мөлшерін бағалау. 1500 мл және одан көп қан жоғалтқанда – мүмкіндігінше орталық көк тамырды катетерлеу
Әйелдің жағдайын бағалау және өмірге маңызды мүшелердің қызметіне бақылау жүргізу (АҚ, ЖЖЖ, ЭКГ, пульсоксиметрияны, температураны, ТАЖ, диурезді тұрақты мониторингтеу), қарқынды бақылау картасына енгізу.
Кристаллоидтарды жоғалған қанның мөлшеріне 3:1 қатынаста жылдам құюды жалғастыру. Инфузия жылдамдығы 15 минутта 1,0 л. Ары қарау инфузиялық емдеу көлемі анестезиолог-реаниматолпен бірге жүргізіледі.
Операциялық бөлмені дайындау.
Босанғаннан кейінгі қан кету кезінде инфузиялық емнің көлемі*
Инфузияның алдында барлық ерітінділер жылытылуы қажет
1000 мл дейін шок белгісі жоқ
>1000 мл немесе шок белгілері
>2000 мл
2000 мл дейін кристаллоидтар
2000 мл кристаллоидтар
3000 мл және одан көп кристаллоидтар
-
1000-1500 мл коллоидтар**
1000-2000 мл коллоидтар**
-
1000 мл СЗП
(коагулопатия жағдайында)
1000 мл және одан көп
СЗП
-
Эритроциттік масса
(гемоглобинді бақылау)
500-1000 мл
Гемоглобин 70г/л төмен
Гематокрит 22ден төмен
Тромбоциттердің 50x109 төмен деңгейінде тромбоциттік масса
Фибриноген 1 г/л-нен төмендегенде криоприцепитат
Эритроцитарная
масса
(под контролем
гемоглобина)
1000 мл и более
* Анестезиолог-реаниматологпен бірге инфузиялық емнің көлемін әйелдің жағдайына қарай коррекциялау (шок белгілері, қан ұюының бұзылыстары және т.б.).
**Коллоидтар: ГЭК-тер және сукцинилирленген желатин/модификацияланған сұйық желатин (нұсқауға сәйкес).