Комиссар: Қайдан келдіңіз?
Әлия: Ленинградтан
Комиссар: Бұрыннан осында тұрасыз ба?
Әлия: Жоқ, мен Қазақстанда туып өскенмін.
Комиссар: Ә, онда қазақ қызы екенсің ғой, Жамбыл атаның қызымын десең болды, бәрін дереу түсінер едім ғой.Өте жақсы, бірақ мен сені соғысқа жібере алмаймын.
Әлия:- Неге?
Комиссар;- Өте жассың баласың
Әлия:- Жоқ, мен бала емеспін
Комиссар:- Жасың нешеде?
Әлия: 17-ге келдім
Комиссар:- Он жеті көп емес қой шырағым. Оның үстіне қыз баласың
Менің де сендей қызым бар.
Әлия:- Мен комсомол мүшесімін
Комиссар: Так,так. Мен де сендей кезімде азамат соғысына қатыстым. Жас жүректің
Жалынды оты қойсын ба? Комсомол тамаша ерлік көрсетеді
Әлия: Мен мылтық ата да, тигізе де аламын
Комиссар: Бұл соғыс тирде атып жүргенді керек етпейді.Қызым менің бір әкелік кеңесімді ал, асықпа.
I-жүргізуші; Әлия комиссардың кеңесін тыңдап, бір жылдан кейін пісіп, соғысқа дайындалып, мергендер мектебін бітіріп, қайтадан комиссар алдына оралады.
Комиссар:-Сен Молдағұлова, осында қаласың, жаңадан қабылданған курсанттарды оқытасың