К. А. Каткеновке


КӘСІПОРЫННЫҢ (ҰЙЫМНЫҢ) ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



бет3/4
Дата22.11.2023
өлшемі26,4 Kb.
#192914
1   2   3   4
Байланысты:
Доки по практике
0211-3is-mdk0301-lr3, 256-257 Алгоритмизация и программирования спецификация, РУП КМ06 , AutoCAD графикалық ортасының интерфейсімен танысу., Курсач, Windows 10 сақтық көшірмесін қалай жасауға болад1, Лабораторная работа
3. КӘСІПОРЫННЫҢ (ҰЙЫМНЫҢ) ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


3.1 Кәсіпорын (ұйым) мыналарға құқылы:

  1. жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес кәсіптік

тәжірибенің білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысуға;

  1. кәсіпорынның қажеттіліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың

тақырыптарын ұсынуға;

  1. білім алушыларды қорытынды аттестаттауға қатысуға;

  2. білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұратуға;

  3. білім беру ұйымынан жұмыс берушінің күтулеріне сәйкес білім алушыларды сапалы

оқытуды талап етуге міндетті.


3.2. Кәсіпорын (ұйым) мыналарға міндеттенеді:

  1. білім алушыны жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайымен қамтамасыз ету (қауіпсіздік

техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалар жүргізе отырып) және қажет болған жағдайда білім алушыны Еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқытуды жүргізу;

  1. тиісті бос орын болған жағдайда алған мамандығына сәйкес жұмысқа қабылдау үшін

Түлектің кандидатурасын қарау;

  1. білім беру ұйымдарына оқу процесінің кестесіне сәйкес білім алушының кәсіптік

тәжірибесің өткізу үшін жұмыс орындарын ұсыну;

  1. осы Шарттың талаптарына сәйкес білім алушының тиісті мамандықтары бойынша кәсіптік

тәжірибеге жолдама бойынша қабылдау;

  1. білім алушыны тәжірибе бағдарламасында көзделмеген және білім алушының

мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда пайдалануға жол бермеу;

  1. кәсіпорынның (ұйымның) бөлімшелерінде (бөлімдерінде, цехтарында, зертханаларында)

білім алушының кәсіптік тәжірибесіне басшылық жасау үшін білікті мамандарды ұсынуды қамтамасыз ету;

  1. білім алушылардың еңбек тәртібін және кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін бұзуының,

өндірістік оқыту немесе кәсіптік тәжірибе бағдарламасы бойынша үлгермеуінің барлық жағдайлары, сондай-ақ денсаулығының физикалық және психикалық жай-күйіне сәйкес келмеген жағдайлар туралы білім беру ұйымдарына хабарлау;

  1. зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапхананы, сызбаларды, техникалық

және білім алушылардың кәсіптік тәжірибе бағдарламасын ойдағыдай игеруі және олардың жеке тапсырмаларын орындау үшін қажетті басқа да құжаттамаларды пайдалану мүмкіндігін бере отырып, жұмыс орындарында білім алушыларға кәсіптік тәжірибе бағдарламасын орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;

  1. кәсіптік тәжірибе аяқталғаннан кейін білім алушының жұмысы туралы мінездеме беру

және кәсіптік тәжірибеден өту сапасына баға қою.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет