К., Аубакирова С. С. М. Ж. КӨпеев, С. Торайғыров пен ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық ЖӘне эстетикалық



бет2/6
Дата29.01.2018
өлшемі1,14 Mb.
#36193
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары
1. ХХ ғасыр басындағы қазақ даласына жалпы сипаттама беріңіз

2. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың шығармашылығындағы сан, музыка мен сәуле категорияларының түсініктеріне баға беріңіз.

3. Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» деген романындағы халық әндерін тыңдаушыларды сипатта. Қазіргі қазақ өлеңдерімен оларды орындаушылармен және тыңдаушыларды салыстыра қатар қою.

4. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деген фразаны қалай түсінесіз? Өз жауабыңды түсіндіріңіз.

5. С. Торайғыровтың музыкаға байланысты позициясын талдаңыздар.

6. М. Ж. Көпеевтің көзқарасы бойынша сал және сері өнеріне жалпы талдау беріңіз. Мысалдармен дәлелдеңіздер.

7. Бұл мәтіндердегі көшпелі мәдениеттің қандай категориялары анықталған. Жауабыңызды дәлелдеңіз.
Кірпішінің бірі – алтын, бірі күміс,

Көргенді таң – тамаша қалдырады.

Гауһардан әр жеріне шеге қақты,

Орнатты тамаша қып алтын тақты

Арыстан аң-таң болып тұра қалды,

Жас бала іркілместен жетіп барды.

Құдайым рақым көңіл бергеннен соң

Аяп кетіп баланы ертіп алды [1].


Бірі күн, бірі шолпан, бірі айым.

Солардан басқа кеше кім бар еді,

Қазақ үшін шам қылған жүрек майын [2, 147 б.]
Өнер ғой оқу деген таңдай атқан,

Оқу білсең орынды болар мақтан.

Білімге қарсы тұрар қандай күш бар,

Бас иер талай мырза кеуде қаққан [2, 22 б.].


Қартқожа өзгерді. Бұрынғы соқыр нанымнан, діншілдіктен, ісім ағзамнан тазарды... Бұрынғы жабығу, уайым-қайғының бірі жоқ, Қартқожа талапты, жігерлі, жалынды жігіт болды» [3, 142 б.].
Ұмытып бұл дүниені сол минутте,

Иллаһи, бір әлемде кезер барып

Ешбір жан, ешбір дыбыс шығара алмас,

Жанына жарық түсіп, тіл байланып.

Көңілі ойнап, көзіне жас мөлдірер,

Белгісіз бір ләзетке мейірі қанып [2, 218-219 б.].


«Бір халықтың әні кетсе, әдебиеті жесір қалады, сәні кетеді, сәні кетсе жаны кетеді. Қазақты жансыз ағаш қылып отқа жаққыларың келмесе, әнді сақтаудың қамын қылыңдар» [2, 131 б.].

«Жұрттың бәрі тым-тырыс төмен қарап, жер шұқып қалыпты. Қартқожа не болғанын білмеді. Аузын ашып, қалшиып, көзінен аққан жасы бетін жуып отыр, анда-санда әр жерден солқылдаған, ішін тартқан дыбыс естіледі» [3, 69 б.].

«Шабыты келмесе де зорланып айтады. Зорланып айтқан ән дұрыс шыға ма? Ән салу көңілден ғой...» [3, 418 б.].

«...Әншілердің көбі түр шығарам деп, әуре болады. Жақсы әнді бұзып жібереді. Қиқылдай ма, шиқылдай ма, аупылдай ма мазарат... Бет-аузын тыржитып, зорланып, күшеніп отырып салған соң ән бола ма? Әнді еркіне жіберіп, қысылмай салған ғой қызығы.... Кейбіреу орысқа еліктей ме, ноғайша жырлай ма? Қазақ әнін бұзып жібереді» [3, 418 б.].


1.4 Ортағасыр мұсылман мәдениетінің этикалық және эстетикалық спецификасы

Сабақтың мақсаты: Ортағасырдағы мұсылман ойшылдарының еңбектерінен этика және эстетикалық ерекшеліктерін талдау.

Тақырыпты меңгеруге арналған ұсыныстар: Ортағасыр мұсылман дәуірінің адамының жағдайын анықтау үшін, Ислам дінінің құндылықтарын нәтижелеп, абсолютті идеал ұғымын анықтау керек.

Ортағасыр ойшылдары: Әл-Фараби, Ибн Сина, Баласұғыни, Яссауилердің өнері мен шығармаларының, ғылыми білімдерінің дамуының спецификасын анықтау. Ортағасыр мұсылман және христиан дініндегі ғылым мен өнердің, адам орны ұғымының ұқсастығы мен айырмашылығының мақсаттық нәтижесі.

Ең басты кілтті ұғымға назар аударайық, ол ортағасыр мұсылман этикасы мен эстетикасына негізделген. Ең негізгі категориялардың мән мағынасын ашыңыз: «ғажайып», «жоғарылық», «ерлік». Бұлардың табиғатта, адамда, қоғамда пайда болған спецификасын анықтап, осы ұғымдардың қалыптасуына әсер ететін факторларды талдау. Этикалық және эстетикалық категориялардың қарым-қатынастарының спецификасын шығарып, оны архаикалықпен салыстыру болып табылады.
Тақырыптың мазмұны:
1. Әлемдік, қарым-қатынастың жаңа түрі, абсолюттік идеалға мақсаттану, жоғары құндылық – Алла.

2. Ортағасыр мұсылмандығының этикалық және эстетикалық класификациясының ара қатынасы: Әл-Фараби, Баласағұни, Яссауи.

Көшпенділердің дүниетанымы, олардың өмір әлемінің мәдениеті ортағасыр дәуірінде жаңа бағыттарға ие болды. Адам ақырындап өзін айналадағы әлемнен шығарып, ең алдыңғы қатарда синкретизм мен теңбе-теңдіктің ішкі және сыртқы, идеалды және материалды әр түрлі құбылыстарды салыстыра бастады. Егер ежелгі дәстүрде барлығы космологиямен байланысты болса, барлық салт-жоролғылар қызметтері, адамның ғарышпен байланыстылығы – бөлінбеуінен, кейбір жағдайда олардың арасында алыстаушылық байқалады, этикалық пен эстетикалық байланысты адамды құрудағы күш жоғарылайды және ашылады. Белгілі болғандай, көшпенділер дүниетанымындағы бұл өзгерістер адамның шексіз дамуына мақсатталғанеді, оның шығармашылық әлеуетінің өзектілігін көрсетеді. Бірақ сол кезде де этикалық және эстетикалық ұғым адамның қызығушылығы мен санасынан шықпай ол тәжірибелік сұраныс ретінде қаралған жоқ. Қоршаған әлемнің және адам жағдайының нашарлығынан универсалды мәдениет пайда болып, сонымен бірге жаңа әлемдік қарым-қатынастың абсолютті түрі пайда болып, онда жоғарғы құндылық Аллаһ болып саналды.

Тағы бір ескеретініміз, көшпенділерде ислам идеясы таза түрде болмады. Олар исламға өздерінің, ата-бабаларының, әулиелер мәдениетін кіргізіп, оны қазақтардың эпикалық мұрасынан, жыраулардың поэзияларынан, ақындардан да байқауға болады. Мысалы, ұлы түрік ойшылы Махмұд Қашқаридің поэзиясында, сопылық философия мен шамандық дүниенің синкреттілігінің бірігуі, бұның барлығы Аллаға мойынсұну, кейбір кезде «Тәңір», яғни Аспан: «Тәңірім аспанды кең жаратыпты, жұлдыз бар онда ғажап, дара тіпті» [4]. Ш. Уәлиханов қазақтар екі наным, сенім болды деп айтқан «...қырғыздарда оны (шамандық) мұсылмандық сеніммен араласып кеткен, бұлар араласса да бір сенімді құрады, ол мұсылмандық деп аталды, бірақ [олар] Магометті білген жоқ, Аллаға және бір мезгілде онгондарға сеніп, мұсылмандық қабірге де құрбандық шалып [ және бір мезгілде] шаманға да сеніп, могаметтің қажыларын сыйлап [және] отқа табынды, ал шамандар мен онгондар барлығын мұсылмандық періштелерге сендіріп, Алланы мақтауға шақырған. Бұл қарама қарсылық бір-біріне бөгетін тигізген жоқ, қырғыздар бұның барлығына сенді» [5]. Сондықтан көшпенді ойшыл дәстүрі және мұсылмандық шек, бұл зерттеуде ауыспалы және шартты түрде бөлінген.

Барлық мәселені шешуге мақсат қоймай, біз ортағасырлық мұсылмандық зерттеулерінің нәтижесі осы дәуірдің құндылықтарына соның ішінде М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытовтың этикалық және эстетикалық көзқарасына елеулі әсерін тигізді деуімізге болады.

Адамның әлеммен құратын гармониялық қарым-қатынасы, біздің ойымызша ортағасыр дәуірінің жаңа қоғамдық деңгейдің бір сатысы секілді болған. Ислам діні дәстүрлі көшпенділер әлемінің көзқарасының басты элементі, идеясы болды. Бұл мұсылмандық ойдың жоғары идеясы, бұның іргетасын қайырымдылықтың бірлігі, шындық және сұлулық, интеллектуалды сұлулық, адамдар арасындағы қарым-қатынас, денсаулық қалайды. Жоғарылық туралы сұрақ ортағасыр мұсылмандық философиясында бар екендігі мен көзбе-көз, бұл бар деп айтуға болады. Алла бар жерде барлық ғажайып пен жоғарылық та тоқтатылды, Алланы жоғары көтеріп, жаратушы деп, өзіңді оның құлымын деп санау, жаратушыға деген адамның шынайылық махабатын көрсетеді. Ең шынайы сұлулыққа жету демек, Құдай тек қана жүрекпен болады. Ортағасыр дәуірінің этикалығы мен эстетикалығын ұғу үшін оның арасындағы қарым- қатынасты, ортағасыр мұсылман ұғымының анықтамасының таным процесін ұғу керек. Философтар мен ғалымдардың, сопылардың мистикалық ұғымын шығарып қарасақ, бұнда «сананың рационалды білімін жоғарылауын көруге болады» [6]. Е. Фроловтың, Г. Шаймухаметованың зерттеулерінде бірнеше рет байқалды, кереметтік спецификалық ұғым сопылардың сезімдік қайғыруы делінген. Бұл жанның шындықпен, кереметтілікпен байланысқан кездегі қайғысы. Бұл жерде шынайы білімді мистикалық махаббат үрдісін көруге болады, сананың ішкі таным жұмысының қиындығын жобалауға болады. Индивидтің таным үрдісінің жасырын жоғарылығының осы жағдайы шығыс лириктерінің поэзияларында кең таралған. Ғұлама шығыс ақыны – Хафиз осылай деп жазған:


Не жалуйся Хафиз!

Любимой верен будь.

Ничтожное забудь!

Высокому хвала!

Хафизу дай вина глатнуть,

Всегда великодушной будь.

К твоей душе заветный путь

Мне отворит Незримый [7].


Құранда Сура Әнғам Сүресі бар [6:59], онда Абсолюттікті рационалды түрде жетуге болмайтынын айтады: «Көместің кілттері оның жолында. Оны Ол, өзі ғана біледі және құрылықтағы, теңіздегі нәрселерді біледі. Бір жапырақ түссе де, Алла оны біледі. Және жердің қараңғылықтарындағы құрғақ және жас ұрпаққа дейін ашық Кітапта бар» [8]. ( У всего ключи тайного; знает их только Он. Знает Он, что на суше и на море; лист падает только с Его ведома, и нет зерна во мраке земли, нет свежего или сухого, чего не было бы в книге ясным ) [9].

Бақылау сұрақтары
1. Этикалық және эстетикалық ұғым адамның санасында қандай жаңа діни концепцияны әкелді?

2. Жоғарылыққа жету мүмкін бе? Өз жауабыңызды дұрыс, нақты жазыңыз.

3. Әлемді танудың мистикалық және рационалды жолы, мәні неде? Біріне- бірі қарама-қарсылығы қаншалықты?

4. Ж. Баласағұни, М. Қашқари, Х А. Яссауи, Әл-Фараби шығармаларының этикалығы және эстетикалығының жоғарылық принципінің категорияларын ашып нәтижеле.


1.5 М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов мұраларында мұсылман мәдениеті этикалық және эстетикалық бірізділіктің көрінуі

Сабақтың мазмұны: мұсылман мәдениетіндегі М. Ж. Көпеев, С Торайғыров және Ж. Аймауытов шығармаларының этикалық және эстетикалық спецификасы мен ұқсастығын, айырмашылығын анықтау.

Тақырыпты меңгеруге арналған ұсыныстар: XX ғасырдың басындағы ортағасыр дәуірінің «адам жоғарылығы» ұғымының мақсаттық нәтижесін жүргізу. Этикалық және эстетикалық байланысты ең жоғары деп қарастырып, бұл байланысты М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың шығармаларынан байқауға болады.

Бұл байланысқа авторлық негізгі анықтаманы беруге болады: адамгершілік, жауапкершілік (М. Ж. Көпеев), қайырымдылық (С. Торайғыров), адамдар әрекеттері (Ж. Аймауытов). XX ғасыр адамының рухани дүниесіне назар аударып, оны ортағасыр мұсылман дәуіріндегі адамның рухани жағдайымен салыстыру.


Тақырыптың мазмұны
1. Жоғарылық мәселесі. Мұсылман діни тұжырымындағы этикалық басымдылық.

2. Этикалық және эстетикалық, адамгершілік, жауапкершілік, ( М. Ж. Көпеев ), қайырымдылық ( С. Торайғыров ), адамдар әрекеттері ( Ж. Аймауытов ) негізіндегі байланыс.

3. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов шығармаларының рухани дүниесінен және адамның өзін-өзі талдау ізденісі.

XX ғасырдың басындағы қазақ ойшылдарының мұраларымен таныса отырып, М. Ж. Көпеевтің философиялық, әлемге деген көзқарасы С. Торайғыровтың және Ж. Аймауытовтың көзқарастарынан бөлек екенін байқауға болады. М. Ж. Көпеевтің шығармаларында исламдық дәстүр бар екеніне куә ретінде, мына парсылық шығармаға айтылған пікірден байқауға болады: «Шығыс әдебиетінен Фердоуси, Низами, Хафиз, Саади шығармаларын зерттеп оқыған» [10], түрік дәстүрі ( Фараби, Баласағұни, Қашқари, Яссауи ). Оның адам туралы, жақсылық, бақыт, өмірдің мәні, махаббат, сана, сұрақ-жауап туралы аффистикалық ой формасында айтылған. «Ғалы Арыстанның әңгімесі», «Жарты нан хикаясы» (Притча о половинке хлеба). Жаратушының өмірі туралы ойлап, оны шығармашылық тұлға ретінде қарастырып, өзінің қиссаларында, этикалық діни бағыты бар екенін көрсетеді. «Жер мен көк» ( Земля и небо ), «Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы», (О пророке), «Адам мен жұлдыздар арақатынасы» ( Взаимосвязь человека и звезды)

С. Торайғыров көп уақыт өзін атеистпін деп, мұсылмандардың рухани өміріне және өкілдеріне қарсы болды. Бұл біржақтылық жас ойшылды өзінің шығармасын үстірт ұғынуына әкелді. Біздің ойымызша бұл жерде әлемге деген діни көзқарас пен ойшылдардың діни іскерлігі арасында айырбас болды. Көп ғасырлар бойы қазақтардың өмірінде елеулі орын алған діни феноменді ұғыну үшін Ж. Аймауытов та еңбектенді. Ол діни сұрақтарды терең талдаған, дінилікжасырын іскерлік пен шынайы діни ойшылдар арасында шекара қойды, олар әрқашан ізденіс үстінде және бітпес әлем диалогын табады деп айтқан. Ойшылдың пайымынша қазіргі имандардың білместігі, фанаттылығы, кітаптар мен газеттер таратылуы, дұрыс емес уағыз айтудың барлығы біздің болашақ ұрпағымызға елеулі әсерін тигізеді делінген. «Дін мен фәлсафаның шаруаға байланысы» деген мақаласында Ж. Аймауытов былай деп жазған: Діннің тарих және философиялық мәнін нәтижелесек, XX ғасырдың басында жаңа жастардың ойында дін деген мағына жоқ» деп ой қорытындылап шығарды. Осы жоғарыдағы айтылғандардың барлығынан ой түйсек: С. Торайғыров пен Ж. Аймауытовтың шығармаларын зерттеген зерттеушілер олардың мұраларының мағынасын жоғалтып алған сияқты.

Көпеев абсолютті танымның болмайтынын мойындады, ақиқаттың жоғалуы, жоғарғы болмыс танымның әлем бейнесінен шығады. Тек қана жүрек адамның терең танымдық талпынысының сырын ашуға көмектеседі. Бұл позиция жалпы мына тезистен шығып отыр: Құдай адам жүрегінде: «Өзіңді танысаң – әлемді танисың (Құдайды)». М. Ж. Көпеевтің ұғымынша жетілген адам – өз бойында шындықты, адамгершілік қасиеттерін ашып, өзін және бүкіл әлемді ашушы. Алайда М. Ж. Көпеев өзіңді тану үрдісінде өзіңді тежеу деген мағынада емес, ол өз-өзімен болу, ақиқатқа кіру деп айтқан. Өзіңді-өзің ұғыну барысында адам айналадағыларды өзінен мезі қылмауы керек. Керісінше ойшыл, өзіңді танығың келсе, айналадағылармен аралас деп айтқан.

М. Ж. Көпеевтің ойын қорытындылай келсек, ол екі деңгейлі адам жанын бөліп шығарған примитивті және жоғары, ерекше сезімсіздік, сауатсыздық жанның жаман ойларға тап болуына итермелейді. Жоғарылыққа жету үшін адамның жаны жұмыс істеуі керек. Әрбір адамда бұл үрдіс жеке дара түрде жүреді, бұл өмірді тану үшін бір өмірлік элемент. М. Ж. Көпеевтің ойлауында мистикалық сана ол «жанданған сезім» еместігін айтқан. Қазақ ойшылдарының тұжырымы адам өмірінің шындығына көп мән берген. Бұны біз М. Ж. Көпеевтің мына философиялық позициясынан көреміз, алдын ала жүрек және ой «Өзге нәрсеге – «құлақ пен естіген – танық, көзбен көрген – анық. Көзім көрмей нанбаймын» [11, 24 б.]. Яғни Құдайға деген жол руханилықты ғана емес, интеллектуалды ізденісте болуын қажет етеді.

Бірақ, егер М. Ж. Көпеев санаға қайырымдылық махаббат арқылы жетуге болады десе, С.Торайғыров өзіңді тануға құлшыныс, қоғамдық әділеттікке [әділ] талпынуға болады. Ойшылдың өз-өзімен жүргізген диалогы, «Меннің» тануы оны адам жанының бір қасиетін ашуға көмектеседі, ол «ар-ождан». «Ар-ождан» адамның жанының ішкі стержинін адамның өзіне нәтиже беруіне, өзін бағалауға жағдай туғызады. Жалғыз құдай ғана өз дауысымен адамды дінге шақырады. Басқа сөзбен айтсақ С. Торайғыров, өмірде жасалған жасалмаған нәрселерден барлығы таңдалған өмір мәні, ең ақырында бұның барлығы адамның жанының қуанышы, қайғысымен байланысты, ол механикалық түрде емес, адамның қайырымдылыққа деген құштарлығын көрсетуі керек. Ұйықтап жатқан жанды кім оятады? Адамның өз өмірінде жеткен жетістіктері, қуанышы, қайғысы, қорқынышы оның бойында «Менін» туғызады. Адам құдаймен ар тілінде сөйлеседі. Құдай әр адамның жүрегінде, жанында өмір сүреді. Адам өз-өзіне қожа, барлық қиындықтарды жеңе келе, өзінің әлсіздігін жеңуі керек. Осы жағдайда ғана ол өзін танып, жағдайын жақсартады. Осындай таным контексі, этикалық және эстетикалық бірлігі, әлемді гармонияға әкеледі. Ж. Аймауытовтың «Неге арналсаң, соны істе» деген мақаласы адамдардың данышпандығы, адамның рухани жоғарылығын ұғыну арқылы көреміз. Ж. Аймауытовтың әлемге деген көзқарасы адамның табиғаттағы дамуын, мінезін тануға көмек береді. Бұл жерде адам мәселесі қозғалып отыр. Бұл жол жоғарылауға баратын жол. Ж. Аймауытовтың онтологиясында адамның қылықтарын да көруге болады. Қарсы жағдайда бұл әлеуеттік қауіп бұл қылықты жасаймын деп адам өзінің адамгершілік қасиетін жоғалтып алу мүмкіндігі бар. Ойшылдардың пайымдауынша адамның бойында үш «Мен» бар: «Менікі», «Мен өзімдемін» (ішкі Мен), «Мен басқалар үшін» (қоғамдық). Біздің ойымызша бұл жерде діни көзқарасты байқауға болады, адамның жүрегін мәңгілікке құдаймен байланыстыру. Барлығына қателесу тән, біз бір-біріміздің алдымызда шынайы емеспіз. Санамызға кейде жүректің әмірі де жүрмейді. Жан «ішкі мен», оны тану қиын, меңгеру қиын. Бұның жауабын Ж. Аймауытов былай түсіндіреді: сананың, бейсаналықпен байланысы, оның бірлігі адамның жанын ашады. Бұл жерде бейсаналық көп мағынаға ие.

М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов барлығы түрлі жолдармен келіп, бір идеяға сүйенеді. Сананың гармониялық бірлігі, адамгершілік сұлулықтан тұрады. М. Ж. Көпевтің ойынша тану үрдісі арқылы өмірге деген жауапкершілікті табуға болады, ал С.Торайғыровтың ойынша саналы адам әлемімен гармонияда болып, әділеттікке талпынуы керек деп айтқан. Ал Ж. Аймауытовтың тұжырымында ол 3 деңгейлі Мен, адамдардың жасайтын жалпы қылықтарын, мәні мен адамдардың бағытталуының мағынасын көрсетеді.
Бақылау сұрақтары
1. Берілген ойдың авторы кім? Мына жолдарда қандай этикалық және эстетикалық категориялар талданған? Өз жауабыңызды нақты жазыңыз.
Ұзын түн зығырланам, қайнауменен.

Зарлаймын ұзын түні көрермін деп,

Көре алмай ашылғанын қасіретім көп.

Ғұмырымда бір ашылған уақытын көрмей,

Барамын бұл жалғаннан мен уайым жеп [1, 26 б.].
Стараясь не порвать

Надежды нить,

И эту жизнь в одно

Соединить с загробной,

Кто-то ищет справедливость.

Но где же он?

Легко ему ли жить?

Но где он?

Мужеству его хвала.

Ведь надо быть сильнее лжи и зла.

И верность человечности и чести,

Хранить всегда,

Хоть душу жги дотла [12, с.34].
«Санасыздық дүниесі біздің көңіл күйімізге де әсері тиеді екен. Кейбір жұмысты жақсы істеуге көңілдің көтеріңкі болуы – жағымды шарттың бірі».

«Өзгелерді өзімізге ұйқастырып бақылаймыз, басымыздан нені кешірсек, басқаларды да сонымен өлшейміз».

«Өзінді білгің келсе, өзгелерге қара; өзгелерді ұқпақ болсаң, өз жүрегіңе үңіл,- дейді Шиллер».

2. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың дінге деген қатынас спецификасын анықтау (өзіңіздің жауабыңызды олардың шығармашылық негізіне талдау арқылы түсіндіріңіз).


1.6 ХV-ХVIII ғғ. ақындары мен жырауларының мұраларындағы этикалық және эстетикалықтың бірлігі мен қайшылығы

Сабақтың мазмұны: ақындар мен жыраулар мұраларындағы этикалық пен эстетикалығының ерекшеліктерін талдау.

Тақырыпты меңгеруге арналған ұсыныстар: берілген тақырыптың негізгі мақсаты қазақтың ақын-жырауларының поэзиясындағы этиканың және эстетиканың берік категорияларын қарастыру, тұлғаралық қатынастардың талдауын қамтиды. Туысқандық, ағайындық, қаһарман және т.б. категорияларға терең тоқталу керек. Сондықта да, негiзгi дәрежелер және оларды тереңдетiп айқындайтын ұғымдардың арасындағы байланыс айқындалуы керек.

Қойылған тақырыпты оқытуда ақын және жырау поэзиясының жеке өкiлдерiнiң ойлауындағы бақыттың мәселесi және өмiрдiң мағынасының ұғынуына үлкен мән беріледі. Осы мақсатта ақындар мен жыраулардың шығармашылықтарындағы бастапқы дүниетанымдық бағдарларын айқындап алу керек.


Тақырыптың мазмұны
1. Этикалық және эстетикалық туысқандық қатыстардағы сыртқы және iшкi диалектикалық бiрлiк.

2. Асан-Қайғы, Доспамбет-жырау, Шалкиіз-жырау, Шал-ақын, Бұқар-жырау шығармашылықтарындағы бақыт және өмірдің мәні туралы мәселелері.

Сөзсіз, туысқандық қатынастардың мәселесi бұрыннан қозғалып жүр. Ортағасырдың өзінде де адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасынан гармония формасына ерекше екпін қойылған. Белгiлi жай, адамдардың материалды және рухани өмiрлері көп жүзжылдар бойы қазақ қоғамында бiр-бiрiне этика және эстетикалық байланыстар рулық, отбасылық, қандас-туысқандық қатынастарымен айқын анықталып отырған. Сол кездегі қатал хал-жағдай біреуінің өмiр сүруіне мүмкiндiк бермеді, ол адамдарды ол адамдарда мәдениеттің жаңа оң сапаларын дамыды, олар халықты алдымен бірлік пен біртұтастыққа алып келді. Далалықтардың бір-бірін сыйлауы және махаббат, қандас-туысқандық қатынастардың беріктігі мынадай ұғымдарда туысқандық, ағайындық, абысындық және т.б көрінді. Әр дәуiрлерде ойшылдардың жиі еске алатындары, олар терең мәнді этика-эстетикалық негізге ие, туысқандар арасында өзара келiсiм идеясы және туыстардың бірі-біріне деген сыйластығы, демек бұл, барлық халықтың бiрлiгін, адамгершілікпен жақсы қасиеттерді және тұлғаралық қатынастардың жақсы орналасқанын байқаймыз. Және бұл қарым-қатынастың сипаты бiр уақытта оң эстетикалық және этикалық құндылыққа ие болды.

18 ғасырдың белгілі ойшылы Бұқар-жырау жақын туыстар мен ағайындылар арасындағы жаман қатынастар тайпа ішіндегі дұшпандыққа, халықтың моральды құлдырауына әкеледі және ағайындылардың әйелдерінің бір-бірімен келіспеушіліктері ауыл ішіндегі адамгершілікті жояды, тұлғааралық қатынастың берекесін кетіреді деп айтқан.


Ағайынның аразы

Елдің сәнін кетірер,

Абысынның аразы

Ауыл сәнін кетірер [13,93б.].


Абысындардың арақатынастарына үлкен мән берілу себебі, қазақ қоғамында әйелдер жас ұрпақққа тәрбие беру рөлімен ұғындырылады. Атап өту керек, адамгершілік қасиеттерге жанның әдемілігіне көп көңіл бөлінеді, «Сұлу – сұлу емес, ару – сұлу, неге десең жаны сұлу» – «Не та прекрасна, что красива, а та, что душою хороша».

Шалкиіз-жырау өз ойында ағайындық ұғымы тек қана туыстық қатынастарда кездеспейді деп айтқан. Осы ұғым оның шығармашылық дамуында барлық адамдардың тұлғааралық қатынастармен байланысады дейді. Жырауды айтып өткен, адамдардың арасындағы күндеушiлiк әсiресе, дарынды адамдарға деген әділ қатынастардың болмауы, олардың кеңестерi және даналықтары халыққа қиын қыстау кезінде көмегін берер еді. Оларды туған өлкесінен қуу тек қана күндеушілердің өкінулерінде, кеш нәтиже шығарады:


Ағайынның ішінде,

Бір жақсысы бар болса,

Қоңқылдаған көп жаман,

Сол жақсыны көре алмас.

Сол жаманның басына,

Қиын қыстау іс келсе,

Бағанағы жақсысын

Қос арғымағын қолға алып,

Күнінде іздесе де таба алмас [13, 45б.].

Бақылау сұрақтары
1. Неліктен қазақ ақындары мен жыраулары қандас - туыстық қатынастар мәселесіне көп көңіл бөлінді? Өз жауабыңызды дәлелдеңiз.

2. 21 ғасырдағы осы қатынастардың ерекшелігі неде? Қазіргі қазақ қоғамында ақындар мен жыраулар идеяларының оң және теріс аспектілерін ашып көрсетіңіз.

3. Бұқар-жырау, Доспамбет-жырау, Ақтамберді-жырау поэзиясындағы ғажайып, бұзақылық, батырлық ұғымдарына мысалдар келтіріңіз. 21 ғасырдың адамына олардың ойлары өзекті ме? Өз жауабыңызды дәлелдеңiз.
1.7 Ақын және жыраулар этика - эстетикалық идеяларының М. Ж. Көпеевпен, С. Торайғыровпен, Ж. Аймауытовпен дамуы

Сабақтың мақсаты: М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов мұраларындағы ақындардың жырау этика - эстетикалық идеяларының әсер етуiнің ерекшелiктері және айқындалуы.

Тақырыпты меңгеруге арналған ұсыныстар: студенттерге бұл тақырыптар олардың өмiр сүруi және өнердiң призмасын Қазақ ақындарының философиялық ойлауларында және мәселенiң дәстүрлi емес ұғынуы этика және эстетикалық арқылы ретке келтiруге көмектесуi керек.

Тақырыпты оқуға арналған ұсыныстар: Студенттерге бұл тақырыптар қазақ ақындарымен және жырауларының философиялық ойлауларынан дәстүрлi емес этикалық және эстетикалық мәселелері арқылы олардың өмір сүрулерін ретке келтiруге көмектесуi керек. Ақындармен жыраулардың тақырыптары және басқа адами дүниетанымдық мәселелеріне көңіл аударылды.
Тақырыптың мазмұны
1. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов шығармашылықтарында ақындар, жыраулар өмірлерінің мәні, бақыт ұғымын түсiнудегi ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

2. 15-18 және 20 ғасырлардың басындағы халық бiрлiгiнiң мәселесi: салыстырмалы талдау .

Қазақ қоғамы үшін XX ғасырдың басы тұлғааралық қатынастардың күрделiлiк қарама-қайшылығымен, олардың асқынуымен сипатталады. М. Ж. Көпеевпен рухани бiрлiктiң жоғалуы жеке бас өзiмшiлдiгінің өсiп кетуінен қоғамның құндылық қойысында адамгершiлiк өзгерiсi бар екндігі байланыстырылады, бұл – ең соңғы эгоистік белгі:
Дүние үшін бірін-бірі көрмей безіп,

Ағайын татулықтың жібін үзіп.

Арсалаң тазыға ұқсап жүрген жан көп,

Қанағат қашқандықтан көзін сүзіп [1, 77б.].


Ойшыл, қоршаған әлем және өзара байлыныс пен адамдар өздерiн өздері алдайды деп білген. Және олар, өздерi сезінбей бұртұтас әлемнің жеке бөлшектеріне өздерін және басқаны танымай бір-бірімен қарсыласады. Адам өзі шексiз рухани құндылықтарды пайдаланбағаны үшін жауапкершілікке тартылады. М. Ж. Көпеев болмыстың қажеттігін терең түсінген, себебі жеке болмыс мәнсiз болып табылады:
Бір адам бар: өрік, мейіз ағашы сықылды

Жемісінен дүние жүзі баһра алады.

Бір адам бар терек ағашы сықылды,

Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды [1, 84б.].


Жақсылық, қайыр, ихсан қылған ісі,

Адамның қымбат баһа сол жұмысы [1, 84б.].


Берілген контексте құдайға деген махаббатты айта кету қажет, ол жалпы жаратылыс әлемін, әлемдегі барлық жаратылғанды оған мойынсұндырады, М. Ж. Көпеев түсiнуінде - бұл тек қана қайырымдылық және сұлулық туралы жай толғаныстар емес, ол дұрыс намаз оқу мен ауыз бекітуді көзге жай көріну үшін ұсталмайды. Шынайы, таза махаббат ол қамқорлықта, нақты бір адамға деген қайырымдылықта көрінеді. М. Ж. Көпеев бойынша соңғысы, адамгершiлiк рухтың мәнiн бiлдiредi.
Оразаң отыз күнгі – отыз кісің,

Бес кісі – бес намазың білемісің.

Жоқ қылып жамаңдықты жойылтуға,

Бұлармен дәнемеге келмес күшің.

Қысылды, мен болмасам, шыбын жаның,

Дәрменің калмап еді, құрып әлің.

Танып қой, танымасаң, мен боламын,

Дүниеде қылған қайыр –

жарты наның! [1, 167б.].
Сондықтан бұл бірінші жоспарда тепе-тең емес басқа қарым-қатынастар шығуы керек, бірақ жоғарғы және руханиландырылған қатынастар болуы мүмкін, осындан қайырымдылық бір-бірінен пайда көздемеген жағдайда ғана болуы мүмкін. Адамға деген негізгі басты жауапкершілікті Көпеев арқалата жүктеген. Оның және басқаға деген қайырымдылығынан (жауапты) мейірімділік гармониясы мен сұлулық көзі қалыптасады. М. Ж. Көпеевтің жауапкершілік туралы түсінігіне мән берсек адамның этика-эстетикалық жетілуін онтологиялық негізде ғана емес, адамның рухани-адамгершілік жауапкершілігі тұрғысында айтқаны көрінеді.

С. Торайғыров та өзінің рухтық позициясы жағынан М. Ж. Көпеевке жақын екенін атап өту керек. Iс жүзiнде оның барлық туындыларында адамдардың рухсыз қатынастары трагедиясы бақыланып отырылады :


Өмірде неше түрлі уды іштім,

Неше түрлі азапқа, жаным, түстің.

Ағайынның ішінен ала шықса,

Жау ішінде бар ма екен сонан күштің [2, 141б.].


Я в жизни своей много яда вкусил!

Терзанья душе стольких стоили сил!

Но если в родне появился завистник,

Он хуже врагов тебе будет постыл [12, 24б.].


Оны адамдардың диалогi шексiз және алуан түрлi екенін атап өтеді, сондықтан, ол бiртұтас гармонияға дауыстарын бiрiктiретiн полифония болуға тиiстi. Бұл ештеңе емес, С. Торайғыров әдiлдiкті дүниежүзілік заң ретінде қабылдауды өтінді. Шынайы және адамгершiлiк қатынастар, басқаша айтқанда, ар-ұждан С. Торайғыровша жетілген адамды анықтайды. Егер адамдардың арақатынастарында М. Ж. Көпеев кешірім және қайырымдылық сияқты сапалары атап өтсе, С. Торайғыровтың еңбектерінің ең негізгісі әділдікке бағытталған. Және С.Т орайғыров өзiне кiсiлiктiң негiзiн қалайтын сапалардан үнемi басқаға көзқарасын байқауға болады, адамгершілк сапалардың негіздеуші қатынастардың тәсілі болып табылады. Бiр жағынан, бұл жерде С. Торайғыровтың әділдікке деген ұмтылысы адамдарға және өзіне бiржақты тар түсінік болып көрінуі мүмкін (өзіме жаман және басқаға сондай). Бірақ С. Торайғыров бойынша әдiлдiк менмендікте және өшпенділікте емес, жеке дара ұғым емес, керiсiнше әділдік – өзiмшiл себептерге қарсы тұратын өздеріне қайғы әкелмейтін гармония. Әділдік оның түсінігінде өзіне қайтатын сый деп білсе және араб мәдениетін талдауда А. А. Смирновтың айтуынша: «әділдік – жеке атомдарды қоғамда теңестіру тәсілі емес, оны жоғарылатудағы «кіріс» ( және сондықтан ішкі қайшылықтарды бір-бірі арқылы жоғарылатуға болмайды); әділдік бұл болмыспен шектелген модус болып табылады. [14]. Басқаша айтқанда ол гармониялық болмысқа бағытталу, өмiрдiң ереже және нормасы. Адамзат өзінің ізденістерінде жоғарғы ауыспалы құбылыстарға, басымдылықтарға жол беріп, әділеттікте этикалық көзін жоғалтты. Осыдан әдiлеттілік идеясы жоғары рухани үйлесетiн бастама және түсінік бұрмаланды. Барлық айтылғандардан, адам қарапайым құбылыс емес, онда әлемдік мән, этикалық және эстетикалық бірлік бейнеленген, ол жол бір, онда барлық әлем өзінің жоғарылауын және негізгі мақсатын алады. Бұл жолдарда әлеуеттік шығармашылық жолы және өзiнiң жақсы iзденістерінде сан жағынан емес, сапа жағынан шексіздік бар.

Ж. Аймауытов мұраларына көшетін болсақ, онда қазақтардың әртүрлі қоғамдастықты, «Қартқожа» романындағы бір-біріне көмек бергісі келмейтіндер ұлттық шеңбер аясынан шығып кеткендерді жазады. Ол көмек пен қолдау туыстық қатынастар ғана емес, ең алдымен адамгершілік принциптерін атап айтады. Біз дәстүрлі дүниетанымда ағайындық, туысқандық сияқтылар этика-эстетикалық өте терең мән және ойлар Ж. Аймауытовта адамгершілік ұғымы арқылы бейнеленетінін атап айту қажет. Қоғамдағы жоғары әлеуметтiк жағдаяттарында, білімділігінде, Ж. Аймауытов бойынша қатігездік пен рақымсыздық жиi көзден таса болмайды: «мыңдаған үйі, миллиондаған жаны бар қала тым болмаса есігінен қаратпады-ау. Мұны білімнің, адамгершіліктің орны дейді-ау! Адамгершілігі қайда? Білімді ел тас бауыр бола ма екен? Мына тұрғандар үй ме? Жыртқыш, жалмауыз ғой. Ай, кеңпейіл қазағым-ай! Қадірің осындайда білінеді екен ғой» [3,140б.]. Біздің ойымызша Аймауытовта адамгершiлiк және ақыл өте дұрыс жолға қойылған, теңсіздік көрсетілген. Бiрақ, адамда біртұтас бірлік ретінде керек екені саналы сезініп, ойшыл этикалықпен ақылды біріктіретін бастаушы деп, адамзаттың сыртқы емес, бірақ ішкі ойына бір - бірімен үндесуін мақұлдады. Демек, тек қана адамгершiлiк, адамда жай ғана ақылды қатынас емес қуатты күш ретінде көрінеді. Және бұл контекстте адамгершiлiк ғажап деп ұғынылады. Белгі болғандай, ойшыл бұл жерде туыстық қатынастарды емес, адам жасына, ұлтына қарамай адамгершілік қасиеттері туралы сұрақтарды көтерген: «Қартқожа қазағын, елін сүйеді. Байын, жауызын емес, бұқарасын, кедейін, жалшысын, жерін, суын сүйеді. Қазақ пен орыс төбелесіп жатса, орыстікі зорлық деп ұққысы келеді. Бірақ орыстан көрген жақсылығын ұмытпайды, орысты да бауыр тұтқысы келеді [3,142б.]. Осыдан Аймауытов бойынша жетілген адам – көмек беруге белсенді адам, адам –жаратушы. Және адамның рухани жағдайынан этикалық және эстетикалықтың байланысы олардың бірлігі мен қайшылығы тәуелді болады.

Біздің байқауымызша, қазақ халқы дәстүрінің этикалық түрін эстетикалықтан бөлмейтін бүтін мағынасын жоймай әмбебаптықты жасап алды. Оларға қазақ ойшылдары жаңа мағыналы мазмұн енгізді, тар – туыстық қатынастарды жалпы адамгершілік деңгейге кеңейтті.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет