К. Д. Бузаубакова


Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен



Pdf көрінісі
бет243/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

 
Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен 
қағидалары. Жас мұғалімдер мектебі. Тәлімгерлік. Педагогикалық 
шеберлік мектебі. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені 
жалпылау. Мұғалімдерді жаңашыл педагогикалық іс-әрекетке тарту. 


182 
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігің қалыптастырудағы өзіндік білімнің 
рөлі. 
Мұғалімнің кәсіби шеберліктерін шыңдауда педагогикалық оқулар
ғылыми-әдістемелік семинар, байқау, олимпиада, шығармашылық есеп, 
іскерлік ойындардың берері көп. Әдістемелік бірлестіктерді өткізудің белсенді 
формалары: дөңгелек үстел басындағы сұхбат, іскерлік ойын, пікірталас, 
конференция, педагогикалық оқулар, т.б.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда, кәсіби шеберлігін 
арттыруда мұғалімнің өз жұмысына өзіндік кәсіби талдауы үлкен рөл атқарады:
1)
мұғалімнің оқушы білім сапасының мониторингісін жасауы, өз іс-
тәжірибесіндегі дидактикалық қиындықтарды, кемшіліктерді көре алуы және 
оны болдырмаудың алдын алу шараларын белгілеуіне көмектеседі; 
2)
мұғалім өз жұмысына сын көзбен қарауды үйренеді, өз жұмысын, 
педагогикалық іс-әрекетін өзі талдауды үйреніп, өзіне-өзі баға береді; 
3)
жоғары кәсіби деңгейі қалыптасқан шебер-мұғалім өзінің төл 
инновациялық педагогикалық технологиясын ұсынуы мүмкін. 
Әрбір 
мұғалімнің 
өздігінен 
білімін 
көтеруі 
ой 
еңбегінің техникасын білу, ақыл-ой әрекетінің дербес ерекшеліктерін ескеру 
негізінде құрылады: 
1)
Әдістемелік бірлестік жұмысын жоспарлау:
ақпараттық қор, талдау, 
диагностика, мақсаттар мен міндеттер, жоспарлау. 
2)
Әдістемелік бірлестік жүргізетін іс-шаралар
: алдыңғы қатарлы озық 
іс-тәжірибені оқып-үйрену және енгізу, педагогикалық шеберлікті жетілдіру, 
сыныптан тыс жұмыстар, мәжілістерді өткізу сапасы. 
3)
Әдістемелік бірлестік жұмысының мұғалімнің кәсіби шеберлігінің 
өсуіне тигізер әсері:
мұғалімдердің теориялық және әдістемелік білімінің 
деңгейі, дамыта оқыту әдістерін пайдалану, мұғалімнің өз білімін көтерудегі 
шығармашылық белсенділігі.
4)
Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесі:
оқушылардың 
жалпы білімділік, іскерлік дағдыларын дамыту, сабақта оқушының пәнге деген 
қызығушылығы, шығармашылық белсенділігі, оқушылардың пән бойынша 
білімі, пән олимпиадаларының қорытындысы.
57-суретте 
мұғалімнің 
инновациялық 
іс-әрекетке 
даярлығын 
қалыптастырудағы әдістемелік жұмыстар жүйесі ғалым К.Д.Бузаубакова 
бойынша ашылды. 
Мұғалім еңбегін зерттеп, саралап, шеберліктерін арттыру, оқушы мен 
мұғалім арасындағы шығармашылық байланысты нақты танымдық іс-әрекетке 
ұластыру – әрбір мұғалімнің басты міндеті. 
Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімдері алдына төмендегідей міндеттер 
жүктеледі: 
1)
оқу-тәрбие процесін ізгілендіруді жүзеге асыру; 
2)
оқу-тәрбие процесіне инновациялық технологияларды енгізу; 
3)
оқушының жеке бас ерекшеліктеріне қарай саралап оқытуды қолдану; 
4)
оқушының жеке тұлғасының даму мониторнигісін құру. 


183 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет