184
Әдістемелік апталықтарда, семинарларда
оқытудың ұстанымдары мен
әдістері, сабақтың типтері,
осы заманғы сабақтың құрылысы, сабақтарға жан-
жақты талдау жасаудың үлгісі мен озат тәжірибені оқып-үйрену, зерттеу
нәтижелерін оқу-тәрбие ісінде пайдаланудың жолдары,
сынып жетекшілерінің
жұмысы туралы мәселелер қойылады.
Озат тәжірибе мектебінің мүшелері мектептің басқа мұғалімдеріне арнап
теориялық, практикалық семинарлар,
конференциялар, педагогикалық оқулар,
дөңгелек үстел, педагогикалық тренингтер ұйымдастырады.
Әдістемелік жұмыс – басқарушылық жүйенің құрамды бөлігі. Демек,
педагогикалық талдау жүйесінің негізінде мектепішілік әдістемелік жұмыстағы
дұрыс міндеттерді белгілеуге
қолайлы жағдай жасау, ондай жүйеге түсу үшін
ғылыми негізде оқытуға, оқушылардың білім, дағдыларының сапасына ұтымды
әдістерді нақты жүргізу шараларын белгілеу.
Өздігінен білім көтеру ауқымды мәселелерді қамтиды. Әйтсе де
педагогикалық өз білімін көтеру мұғалімнің
педагогикалық оқу орнында
оқымаған, бірақ қазіргі уақытта мектеп үшін өзекті меселелерге бағытталуы
тиіс.
Бірлестік жұмысының деңгейі мен нәтижелері
жайлы хабарламалар
ақпараттық қорда жинақталып, мектептің
оқу-тәрбие жоспарын құруда
басшылыққа алынады.
Достарыңызбен бөлісу: