186
Тәжірибесі аз мұғалімдер – жас мұғалімдерге жекелей, топтық көмек
көрсету және әдістемелік жеке тапсырмаларды
орындауға тарту жұмыстарын
жүргізетін «Жас мұғалімдер мектебі» жұмысын ұйымдастыру.
Педагогикалық шеберлік мәселелерін жетілдіруге баулу жұмыстарын
жүргізу, ол үшін пән әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын күшейту.
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін игеру, озат тәжірибені қорыту мен
тарату, жаңашылдар тәжірибесін өз мүмкіңдіктеріне қарай пайдалануда
«Мектеп оқушыларының өзін-өзі дамытуына жағдай жасау мақсатында
оқытудың
ұжымдық
түрін
қолдану
мәселесі»
тақырыбындағы
«шығармашылық топ» мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыру.
Әдістемелік апталықтарда, семинарларда
оқытудың ұстанымдары мен
әдістері, сабақтың типтері, осы заманғы сабақтың құрылысы, сабақтарға жан-
жақты талдау жасаудың үлгісі мен озат тәжірибені оқып-үйрену, зерттеу
нәтижелерін оқу-тәрбие ісінде пайдаланудың жолдары,
сынып жетекшілерінің
жұмысы туралы мәселелер қойылады.
Мұғалімдер жарыс сабақ, панорамалық, десанттық, конференциялық
сабақтар өткізіп, әр мұғалімнің педагогикалық қызметінде ұнамды істері,
шығармашылық ізденістері бар екені көрінеді.
Мектепте
өтілетін апталық, семинар жоспары ұстаздарға екі апта бұрын
таныстырылып, хабарландыру ілінуі керек.
Мектептегі пән бірлестіктерін аптаның алты күніне бөлінеді. Әр пән
бірлестіктері өздеріне тиісті жұмыстарын жоспарлы түрде өткізуге жұмылып,
апта бойы дайындауға кіріседі. Сахналық көріністерін мұғалімдер, ата-аналар,
оқушылар көріп тамашалайды.
Мектеп бойынша буклет, плакат, бюллетень,
шығармашылық альбомдардан көрме ұйымдастырылып, мұғалім еңбектерімен
келушілер қызыға танысады. Апталықтың қорытындысы кеңесте талқыланып,
барлық бірлестік бойынша атқарылып жатқан істер мен алдағы жұмыс жоспары
қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: