295
Педагогикалық қабілеттер әр педагогтың әр дәрежеде ие болған тұлғалық
әлеуетін сипаттайды. Дәл педагогикалық қабілеттер және педагогтің оларды
өзінде анықтауы педагог болудың сәйкес кәсіби ниетін,
педагогикалық іс-
әрекетпен айналысу бейімдігін, педагогикалық еңбектің тиімділігін анықтайды.
Креативті көшбасшы – жаңа білімді меңгерген, өз ісіне үлкен
жауапкершілікпен қарайтын, кез келген іс әрекетті
нәтижеге бағыттай алатын,
әрбір адамның жүрегіне жол табатын, өзін де, өзгені де шығармашылық
ізденіске
бағыттай алатын, ұдайы шығармашылық ізденістегі интеллектуалды
тұлға.Көшбасшының креативтік-тұлғалық сипаттамасы: тұлғалық сапасы; іс-
әрекеттілік сапасы; қабілеттілік сапасы.
Көшбасшының
креативтік-тұлғалық
сипаттамасының ең маңыздысы – рефлексия жасай алуы.
Креативті педагогтың кәсіби өсуінің кәсіби іс-әрекеті маманның барлық
қабілеттері мен ішкі әлеуетінің толық ашылып, тәжірибеде көрініп, жүзеге асу
процесі арқылы сипатталады.
«Рефлексия»
ұғымы алғаш философия ғылымына енді,
индивидтің өз
санасында өзінің жасаған іс-әрекеттерін ой елегінен өткізуін білдірді.
Рефлексия (
“reflexio”
латын сөзінен шыққан, тікелей аудармасы – артқа қарау,
бұрылу) қандай да бір нәрсені үйрену мен таңдаудың көмегімен ой елегінен
өткізу процесі.
Ғалым В.П.Беспалько өзіндік рефлексия, өзін-өзі
талдау және өзін-өзі
бағалауды көшбасшы дамуының көрсеткішінің ажырамас бөлігі болып
табылатын кәсіби өзіндік санамен анықтайды:
а) «Белсенді Мен» – қазіргі кезеңдегі көшбасшының өзін қарастыруы;
ә) «Ретроспективті Мен» – көшбасшының өзінің жұмысын алғашқы
кезеңіне қатысты көре алуы мен бағалауы;
б) «Мен идеалы» – көшбасшының
кім болғысы келетіндігі;
в) «Рефлексивті Мен» – көшбасшының көзқарасында мектеп әкімшілігі,
әріптестері, оқушылар мен ата-аналар оның жұмысын қалай бағалайтындығын
қабылдауы (88-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: