К. М. Мырзағалиева Махамбеттану


Толғаудың характерінен, “Екі жақ болып тұрғанда” деген жолдарынан біз Ішкі Ордадағы халықтың екі топқа бөлініп, бір-бірімен алыса алмай тұрған мезгілі - 1836 жыл екенін аңғарамыз



бет3/11
Дата18.11.2019
өлшемі328,47 Kb.
#51985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Мырзағалиева К.М. Махамбеттану
қыстағы құмырсқалар

Толғаудың характерінен, “Екі жақ болып тұрғанда” деген жолдарынан біз Ішкі Ордадағы халықтың екі топқа бөлініп, бір-бірімен алыса алмай тұрған мезгілі - 1836 жыл екенін аңғарамыз.


“Туған ұлдан не пайда?” толғауы да осы кезеңде шыққан. “Туған ұлдан не пайда, қолына найза алмаса”, “Алаштың байлығынан не пайда, Тарығып келген ерлерге қайыры оның болмаса?!”, “Алтын тақты хандардың Хандығынан не пайда, Қаріп - пенен қасірге туралық ісі болмаса?!”

Махамбет “не пайда?” деген риторикалық тіркесті қайталау арқылы өзінің өмірден түйген дидактикалық-философиялық пайымдауларын жеткізеді. Бұл риторикалық сұраумен келетін эпифоралық қайталаулар патриоттық толғауға әсер, күш беріп, ойын жаңартуға да, дамытуға да септігін тигізіп түр. Ақын ел намыс- жігерін жанып, майданға, ерлікке шақырады. Толғауда нақыл, тапқырлық, шешендік сөзге жүйріктік басым. Осы 1836 жылы дүниеге келген “Арғымақ, сені сақтадым” толғауында жауынгер ақын:

Арғымақ, сені сақтадым,

Құлағың сенің серек деп, – дейді.

Олай дейтіні, жаугершілік заманда, дәлірек айтқанда Исатай, Махамбет көтерілісі кезінде бастарына қауіп-қатер төнген шақта құтылып кету қамымен батырлар ешкімге көрсетпей сезімтал да жүйрік, ұшқыр ат ұстаған. Оны ереуіл кезінде мінетін болғандықтан “ереуіл ат” деп атапты.

Бұл сөз туралы мерзімді баспасөз беттерінде әдебиетшілердің, ғалымдардың, ақын-жазушылардың, қарапайым оқырмандардың біраз материалдары жарық көрді. Олардың бірі “ерулі” десе, бірі “ереулі” енді біреулері “ереуіл” десті. Ақыр соңында академик Зейнолла Қабдолов: “Ереуіл” деп дәлелдей келіп: “Қысқасы солай, “ереулі” де емес, “еруліде емес,” “ереуіл” /29/, -деп оған нүкте қойған болатын.

Осы пікірді ғалым Қабиболла Сыдиықов та қолдап: “Ереуіл аты – өзге кезде жүген, құрық салмайтын, арнайы соғыс, шайқаста ғана батырлар мінетін ат. Мұндай жортуыл-жорыққа мініске шыдамды, әрі жүйрік, жүргіш, әрі мықты қазанаттар мен тұлпарлар батырлардың бәрінде де болған. Махамбеттің 1912 жылы Қазан қаласында жарық көрген “Шайыр” жинағында “Ереулі ат-мінбей сақталған ат” деуінің мәнісі де тек жорыққа мінетін ат деген мағына береді. Оны қисық ойлап, қия тартудың жөні жоқ” /30/, -деп тұжырымды айтқан.

Исатайда осындай екі ат болған. Оның бірі Ақтабан, кәдімгі Тастөбе қырғынында санына оқ тиетін қазанаты, екіншісі – Көгілдір, өте ұшқыр, атылған жебедей зулайтын тұлпар. Батырдың осынау екі арғымағына арнап Махамбет “Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай” деген өлең де шығарған:

Мінгені Исатайдың Ақтабаны-ай,

Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны-ай.

Зеңбірек үш атқанда дарымады,

Құдайдың, міне қара, сақтағаны-ай

Мінгені Исатайдың Көгілдірді-ай,

Әскерін Барша қүмға төгілдірді-ай.

Мыңды алған бірді беріп ақтабанды,

Жыландай белге соққан бүгілдірді-ай.

Баласы Исатайдың Жақия-ды,

Жақия жауды көрсе ақияды.

Түлейді түнде жортқан жолбарыстай

Алдырдым қабыланымды қапияда-ай!

(1838)

“Зеңбірек үш атқанда дарымады, құдайдың, міне қара, сақтағаны-ай, мінгені Исатайдың Көгілдірді-ай, әскерін Барша құмға төгілдірді-ай” дегенде, ақын Ақбұлақтағы ақырғы шайқаста болған оқиғаны айтып отыр. Егер тарихи шындыққа жүгінер болсақ, бүл А.Ф.Рязановтың “Исатай Тайманұлы” деген еңбегіндегі “Геке өз отрядына бірнеше рет граната лақтыруға бұйрық берген бойда, біреуі Исатай жігіттерінің қақ ортасына жетіп жарылды да, екеуін аттан жұлып түсірді, бірнешеуі ауыр жарақат алды. Соған қарамастан, қалғандары жан-жаққа ыдырап сейіле тұрса да, алға ұмтылумен болды” /31/ деген жолдарға дәлме-дәл келеді. Мұны филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмат Тілепов те: “...зеңбірек үш атқанда дарымады” деп Исатай сарбаздарын шабуылға алып шығуы кезінде зеңбіректерден қанша доп атылғанына дейін айтатыны – сол айқас картинасының нақты көрінісі. Ал бүл нақтылық сол айқас туралы Гекенің және тағы басқалардың рапортында да, кейін осы оқиға жайлы дастан жазған Ы.Шөреков туындысыңда да айтылмай қалған, бірақ болған факті еді. Ақын мұрасының тарихилық бағасын арттыра түсетін де осындай шынайы шындық сәулесі екендігі даусыз” /32/, -деп нақтылап көрсеткен.

Бұл өлеңнің Исатай оққа ұшқаннан кейін шыққанын “Алдырдым қабыланымды қапияда-ай!” деген жолынан шамалауға болады.

“Мыңды алған бірді беріп ақтабанды, Жылаңдай белге соққан бүгілдірді-ай” – дейтіні, Көгілдір - Исатай ереуілге деп әдейі сырт көзден жасырып мініп жүрген ұшқыр аты. Осыны білетін орыс әскері Қиыл қырғынында Исатайды тірілей қолға түсіру үшін өзін емес, оның астындағы атын атып құлатқан.

“...халықтың сөз өнерінде жылқы малының сүйкімді бейнесі айрықша орын алады. Жұртшылық жылқының жасын: құлын, тай, құнан, дөнен, бесті деп бөлсе, аттың түсін: “Алдыңғы ат баран емес, қылаң дейді” (Ақан сері) -деп ажыратып отырған. Екіншіден, аузымен құс тістеген тұлпардың сұлу мүсіні, сын-сипаты, желіс- шабысы т.б. қасиет-ерекшеліктері халық шығармашылығындаәртүрлі теңеу-баламалармен өрнектеліп, көп астасулар туғызады” /33/.

Өйткені ат – батырдың пырағы, қысылған мезетте құтқарушысы, қуған кезде жеткізушісі, айқасқа түскен шақта айбыны, қайратына қайрат қосып, иесінің әр қимылына сай қимыл жасап, тебінгенде қаймықпай жауға ұмтылып, керек кезде жалтара да білетін есті серігі, баға жетпес керемет қазынасы.

“Ереуіл” – “еруліден” де, “ереуліден” де қуатты сөз. Махамбет сөз қуатына, құдіретіне айрықша мән берген. Әсіресе, синоним сөздерді таңдап, талғап орнымен қолдана білген. “Мен Махамбет өлеңін “ереулі” де, “ерулі” де емес, “Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай” – деп оқығанмын, -деп жазады қазақтың белгілі талантты ақыны, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы Әбділдә Тәжібаев. – Бүгін де солай оқимын. “Ереуіл” – біздің ең бір қуатты, мәні айқын сөздеріміздің бірі. Газет-журналдарымыз әлемнің әр бүрышында көтеріліске шыққан, демонстрация жасаған жұмысшыларды “ереуіл жасаушылар немесе ереуілшілер” деп жазып жүр. Оған жұрттың бәрі түсінеді. Жарауы жеткен жүйрікті көрген сырт көз: “Жануар елеңдеп тұр екен” дейді. Өзіміз де: “Жануардың ереуілдеп тұрғанын қарашы” деп шиыршық атып, көкпарға, додаға кіруді тіленіп тұрған желдіаяқтарға талай айтқанбыз.

Содан болар, Махамбет өлеңін оқи бастағаннан-ақ маған ереуілші батыр мен ереуіл ат бір бүтін дүниедей көрінеді де тұрады... Қос атпен шабатын қуғыншылар, хабаршылар туралы біз де естігенбіз. Ал бірақ майданға кіретін батырлардың жылқышыға ұқсап ат жетектеп жүруі тіпті көкейге де, көңілге де қонбайды. Сол сияқты, ұлы ақынның жырына да “ерулі” мен “ереуліден” гөрі “ереуіл” үйлесетін тәрізді” /34/.

Мұхтар Әуезов те “Ереуіл атқа ер салмай” /26, 268-269 б./, - деп, тайға таңба басқандай етіп жазып кетіпті. Олай болса, “Ереуіл” деп алғанымыз дұрыс.

Махамбет жырларында малға байланысты “Ереуіл атқа ер салмай”, “Арғымақ, сені сақтадым”, “Арғымақтың баласы”, “Жүйрік аттың белгісі”, “Қас түлектен туған қатепті қара нар керек біздің бұл іске”, “Маң-маң басқан сары атан маңғыстап шығар өріске”, “Арғымақ жақсы ат мініп”, “Ат маңдайын тура қойсақ” ‘деген сияқты жолдар жиі ұшырасады. Бұдан да біз сол заманның салт-дәстүрін, малға деген көзқарасын, әсіресе ат пен түйені – жүйріктік пен күштілікті төзімділікті аса қадірлеген этностың ұлттық психологиясын аңғарамыз. Ақын мал мен жан қасиетін бір- бірімен қабыстыра халықтық мақал үлгілес афоризмдерді шебер қолдана отырып, ерекше әсерлі жыр толғайды:

Арғымақтан туған қазанат,

Шабуыл салса нанғысыз.

Қазанаттан туған қаз мойын

Күніне көз көрім жер шалғысыз,

Айырдан туған жампоз бар,

Нарға жүгін салғысыз.

Аруанадан туған мая бар,

Асылын айуан десе нанғысыз.

Жаманнан туған жақсы бар,

Атасын айтса нанғысыз.

Жақсыдан туған жаман бар,

Күндердің күні болғаңда,

Жарамды бір теріге алғысыз.

(“Тайманның ұлы Исатай”)
.


Арғымақтың баласы



Аз оттар да көп жусар

Талаудан татқан дәні бар.

Азамат ердің баласы

Аз ұйықтар да көп жортар –

Дұшпанға кеткен ары мен

Барымтаға түскен малы бар,–
деген. “Азамат ердің баласы” аталатын өлеңі де 1836 жылы айтылған. “Арғымақ, сені сақтадым” толғауымен тамырлас, үндес.

Нарын құмында бұрыннан болып тұратын барымта, ру мен ру арасындағы қақтығыс Ішкі Орда бір-біріне қарсы екі топқа бөліне бастағаннан-ақ ушыға түсті.

Қазақтың ұлан-ғайыр даласының өзі - тарих. Тіл бітсе Нарын құмының шертер сыры да таусылмақ емес. Сол құм Нарыннан – “құланнан басқа ел таппай, қонарына жер таппай, маңқиған сары даладан” момын қазақтың мінез-қүлқы қылаң береді. Махамбет соны “маң-маң басқан сары атан” деп бірде жандыға, “маңқиған сары даладан” деп бірде жансызға балай отырып, оқушысына анық та дәл жеткізеді. “Тарығып келген ерлерге қайыры оның болмаса”, “Алаштың байлығынан не пайда?!” Жер бедері мен кеңдігі, мол ашып, ащы шындықты айтып сөйлеп кеткен. Көз алдына сол “маңқиған сары даланы” үркітіп қонып жатқан ел елестейді, отарлау саясаты еске түседі. Іштей “шынында да, “Алаштың байлығынан не пайда, жерінің кеңдігінен не пайда?“Азаматтық, қоғамдық, әлеуметтік көркем тұжырым жалаң публицистикалық шолу дидактикалық толғаумен әсте терең ашылмақ емес, қайткен күнде де поэтикалық бейне, тұлғалы образ, сөз суретінің құдіреті бірінші қатарда, дәлірек айтқанда, ақындық сезім, қаламгерлік идея өзара ажырамас диалектикалық тұтастықтағы шабыттан туса керек” /35/. Махамбет жырлары, міне, осындай ішкі психологиялық тебіреністен, кейде күйзелістен, биік сана мен дүниетанымнан, шабыттан туған дүниелер. Ақын, әсіресе, өмірлік шындық пен көркем шындықты бір-бірімен астастыра беруге шебер. Бұл шеберлігі ақынды халыққа жақындата түседі. Өйткені Махамбет өмірде болған оқиғаға өзінің субъективті көзқарасын, пікірін сақтай отырып, оны объективті шындыққа ұластырады. Яғни, өмірлік шындық пен көркем шындықты тамырластырып, маңыздылығы мен құндылығын жинақтай, тыңдаушысына бейнелей, өрнектей, әсерлей жеткізеді. Бұлар Хан маңайындағылардың ауылын шауып, мал-мүлкін тартып әкету әдетке айналғандай еді. Ол туралы тарихи құжаттар да жоқ емес.

Махамбет Өтемісұлы:

Орал әскерінің әскери атаманы Василий Осипович Покатиловке 1836 жылдың 12 желтоқсанында “Беріш руы жайық тайпасының ішінде Аталынмыш Айбас балалары дегендер Төлеген Тыныштықұлы бас болып жиналып, қару-жарақтарымен жетпіс- сексен кісі аулымызға келіп, өзіміз үйімізде жоқтығында, аулымызды шауып, мал және қазына ақшаларымызды алып, бірнеше кісілерімізді жарақатты қылып, өлтірмек қасында тұр. Не себепті және не тарихы екендігін біле алмаймыз... (Одан әрі барымталап алып кеткен мал-мүліктің тізімі, бағасы беріледі-К.М.) /7, 368 п./, -деп жазса, Исатай Тайманұлының 1837 жылғы қыркүйектің он бірінде жазған арызында: “Бұл күнде Қарауылқожа Бабажанұлы малымызды шауып, бірнеше кісілерімізді ұстап алып, халқымызды бүлдіріп, елімізді ойран қылмаққа бірнеше кісілерімен жау қаруларын асынып, малымызды тартып алып, кісілерімізге азап үйірмектігін ойлап сізге пікір білдірмекпіз. Жоғары үлкен хакімдерден әмір-пәрмендер келгені дұрысдүр деп ойлаймыз. Өйткені біздер патша ағзам хұзіретінің инабатты құлдарымыз деп ант бергеміз. Бұндайын азап үйіріп, кісілерді ұстап, мал-хайуанаттарын тартып алудан бас тартса керек еді, қолында әмір болса да. О сол заманнан осы уақытқа шейін тыю болмай тұр. Біздер бұл күнде бұндайын қайғы-қасіреттермен еліміздің бүліншілігінен бара алмай зәрер болып, қайғы қыламын...” /7, 410 п./, -деп көрсетілген. Осы секілді Исатай Тайманұлының Орынбор әскери губернаторы генерал-лейтенант Василий Алексеевич Перовский мен Орал әскерінің әскери атаманы генерал-майор Василий Осипович Покатиловке кейінгі 1837, тамыз, 18 қыркүйек, 19 маусым айларында жазған арыздарында да Хан маңайындағылардың шапқыны, озбырлығы, барымташылдығы айтылады. Махамбет “Азамат ердің баласы болсаң, аз ұйықта, жорыққа шық “дұшпаныңа кеткен кегің мен малың бар, кек қайтар!” дегенді мегзейді, қарап жатпауға, күреске үндейді.

Махамбеттің«Мен едім», «Жайықтың бойы көк шалғын» деп аталатын өлеңдері 1837 жылы жазылғанын академик Қажым Жұмалиев “Бұл өлеңдердің екеуі Махамбеттің Назар, Шүрен елдерінде аз жолдастарымен қашып жүрген кезінде шығарған өлеңдері,- деп көрсеткен,- ізін баққан жаулары алды-артын бірдей орап , сырттан қарауыл қойып, іштен жаншы салып, қай торға шырмап, қай қазаққа арандататыны алмағайып кездердегі өлең. Әйтсе де, мұнда сары уайымға салынып, өмірден түңілушілік (пессимизм) сарын жоқ. Ақын болашаққа нық сенеді, ашық күреске үңдеп, күрес идеясын ол әлі де бірінші орынға қояды” /12, 97 б./.

“Мен едім ” деген өлеңінде де ақын төмендемейді:

Боз ағаштан биік мен едім,

Бұлтқа жетпей шарт сынбан.

Ел құтқарар ер едім,

Жандаспай ақыры бір тынбан,-

деп қайта күш көрсетіп, кек қайтаратынын ашық айтады.

Осы сарындас “Мұңайма” да сол кезде айтылған:

Ханның ісі қатайды,

Азамат ерден мал тайды.

Қанды көбе киініп,

Бір аллаға сиынып,

Үрандап жауға тигенде,

Кім жеңері талай-ды

Жолдастарым, мұңайма!

(“Мұңайма”, 1837.)

“Бұл туынды мына жайларды: ел шетіне жаудың келгенін, яғни жоғарыдағы әскерлердің хабарынан бұлардың құлағдарлығын, “ханның ісі қатайып” не болса да аянбауға бекінгенін байқауға болады. Сондықтан да осының бәрін біліп отырған ақын көтерілісшілерді айқасқа үндейтін жыр тудырған. Демек бұл шығарманы 2-10 ноябрь аралығында шығарылған деп есептеуге негіз бар” /32, 328 б./.

Енді бірде ол:

Палуан жолбарыс секілді,

Алысқанда алып ұрған білегім.

Қамалаған жаудан қайтпаған,

Қайнаған қара болаттай,

Қарсы біткен жүрегім.

Ертеден кешке дейін зарласам,

Бермей ме екен құдайым

Біздей тарыққан ердің тілегін?-

(1837)

дейді.
“Жәдінің (желтоқсанның - К.М.) он екінші жаңасынан он үшінші жаңасына қараған түні таң алдында іріктеп таңдап алған қырық жолдасымен қасында қатын-балалары бар Жайықтың бойындағы Жаманқала деген қорғанның түбінен келіп Исатай Жайықтан өтеді. Қорғанның әскері біліп қалып өткізбеймін десе де қолынан келмейді. Исатай, Махамбет қырық жігітпен әскерді тоқтатып тұрып, бала-шаға мен көшті бұрын өткізеді. Күн суық, боран екен. Бұрын кеткен көші адасып кетіп, жәдінің он төртінші күні Исатайды қорыған Баймағамбеттің қолына түседі... Көштен адасып далаға қонып, ашығып, тоңып ертеңгі күні қар астынан тұрғанда ғой Исатайдың: “Қазақ ел болам десе: шәй ішпесін, құс төсек төсенбесін, қималы етік кимесін” деп қазаққа сәлем айтатыны. Исатайдың сөзіне “Ереулі атқа ер салмай” деген таңданарлық ғажап өлеңін айтып Махамбет батырдың жауап беретіні де сол күні ғой” /14, 64-65 б./.

Махамбет кішіреймейді, іштегі мұңын, қиналыс сезімін білдірмей, “Қайнаған қара болаттай, қарсы біткен жүрегім” деп қуат-күшін айтып қатаяды, маңайындағыларды қатайтады.

“Ертеден кешке дейін зарласам, бермей ме екен құдайым, біздей тарыққан ердің тілегін?” дегенде, мұнда тарығушылық жоқ, бастаған мақсатқа қайткенде де жетемін деген бекем ердің арман- тілегі жеңіске, үмітке, мақсатты іске тұла бойы тілегімен берілген адамның қапалы көңілі, құсалығы сезіледі.

Қималы етік деп кебіс-мәсіні айтқан. Сол уақытта Махамбет батыр осы “Ереуіл атқа ер салмай” өлеңімен жолдастарын жұбатқан:

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай...

Тебінгі теріс тағынбай,

Темірқазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!

(1837)

Бұл өлеңнің 1837 жылғы қазан айында болған жеңілістен кейін желтоқсанның 12 күні шыққанын Қажым Жұмалиев те: “Жайықтан өткеннен кейін боран үдетіп кетеді де, ел таба алмай, батырлар далаға түнейді. Әрі боран, әрі суық аяз, басқа пана, ішерге ас жоқ, өздері талай айлар бойы қуғында жүрген адамдар, түні бойы қар жамылып, мұз төсеніп ұйқысыз шығады. Іштерінен кейбіреулер әлсіздік білдіреді. Күрестің болашағы бұлдыр, келешегі үмітсіз көрініп, осы іске неге кірістіктің гөй-гөйін тартады. Осындай сары уайымға салынушылардың бетін қайтару үтттін Махамбет “Ереуіл атқа ер салмай” өлеңін сол жерде шығарыпты деседі” /50, 320-321 б./.

“Жабығу” да сол кезде туғанын:

Күн жадына қарасам,

Жедінің оны құралай.

Аспанды борай қар жауып,

Аштырмайды көзімді,

Қақтырмайды кірпікті,

Соғады боран сабалай.

Халық үшін қанды төгем деп,

Қараны ханға теңеп берем деп,

Ол мақсатқа жете алмай,

Дегенімді ете алмай,

Қор болдым-ау, шырақ-ай! деп өлеңнің өзі-ақ айтып тұрған жоқ па?!

Исатай, Махамбеттер Жайықтан өткенімен де қуғын-сүргін бәсеңдемей, Баймағамбет жасағымен өкшелеп қуумен болады. Алайда халық қос батырды құрақ ұшып қарсы алып, қонақ етсе, Баймағамбет жасағына дұрыс жөн сілтемей, адастыру жағын ойластырады. Немесе қасындағы орыс-казак әскербасыларына арақ беріп, мас қылып тастап отырады. Көтерісшілердің аздаған тобы қолға түскенімен, көбісі ұстатпай кетеді.

Жайықтан қайта өтіп, ата қонысқа оралған бетте Исатай- Махамбеттерге Қаратоқай, Есенқұл Беріш ауылдарының үстімен өтуге тура келеді. Қолы ашық ақжарқын ,елге сыйлы адам екенін білген көтеріліс басшылары Бабат ауылына бұрылып , қонақ болады. Бабат бұларды құшақ жая қарсы алып, сый-сияпатын жасап аттандырады. Махамбет Төлеген жыраумен осы жерде кездесіп , екеуі түні бойы кезек-кезек жыр толғайды.

Қажым Жұмалиев “Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері” деген еңбегінде: “... ақыры 1837 жылдың қысында оларға Жайықтың арғы бетінен бергі бетіне өтуге тура келді,-деп жазады,- Қол әбден ыдырап , Исатай, Махамбеттің қасында 40 шамалы адам ғана қалды. 3 мың жарымдай көтерісшілерден 40 адамның қалуының өзі-ақ олардың қандай сәтсіздіккеұшырағандығын айқын көрсетеді. Бұлар сегіз айдай айнала қамаған қуғында болады. Жайықтың бетіне мұз қатқасын қыстыгүні өтті. Талай қиыншылықты бастарынан кешіреді. Бүл әркімге әртүрлі әсер етеді. Кейбіреулер қатты мойып та қалады. Сол қиыншылыққа төзе білген адамның бірі Махамбет болады ” /50, 236 б./.

Төлеген керемет жыршы, ақпа-төкпе ақын болса да “Махамбет батыр секілді қайрат беріп сөз айта” қоймайды. Махамбет болса , отты өлеңдерін ағылтады, алғаш өзін таныстырып. “Менің атым- Махамбет”, одан кейін Исатай ағасын таныстырып. “Исатай деген ағам бар” деген толғауларын айтады.

Әрине, мұндай өлеңдер тыңдаушысының делебесін қоздырып, зығырданын қайнатады, күреске–бітіспес айқасқа бастайды. Сондықтан да Ығылман Шөреков “Исатай-Махамбет” поэмасында “Махамбет сынды батырдың қайрат айтқан сөзінен жабыққан ерлер пайда алды” /27, 74 б./ десе, Қажым Жұмалиев “Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері” атты зерттеу еңбегінде “Махамбет сондай тар кезеңнің өзінде де уайымнан аулақ болды” /50, 236 б./, - дейді.

Махамбет “Адыра қалған Нарынның” деп аталатын толғауын да сонда шығарған.

Нарында қарынның қамын ойлаған адамға “бас пайданың бәрі бар”, бірақ Махамбет аңсаған азаттық жоқ! Ақынның жатса-тұрса ойлары елдің ата менен ананың, іні менен ағаның, қатын менен баланың, қарындас халқының қамы. Олардың бәрі “Алақандай Нарында” - тар қыспақта. Нарын кең–байтақ болғанымен, Хан көңілі, хан маңайындағылардың пейілі тар. Сондықтан да бейнелеп ойлайтын Махамбет ақын бұл жырында кеңшілік кезді суреттеген өлеңінде “Ен Нарында жүргенде талма талтүс шағында тай жеген тарлан бөрі едік” деп Нарынның кеңдігін айтса, енді оны “алақандай Нарыңда” деп кішірейтіп көрсетеді.

Жер - дүниенің кішкене көзге, бүкіл әлемнің көңілге сыйып кететіні тәрізді, қасиетті де қастерлі, асыл да аяулы, дүниеде ештеңеге теңгермес, айырбастамас ата-анасының, бала-шағасының, қарындас халқының, іні мен ағаның сол “алақандай Нарынға” қалай сыйып отырғанына таң қала қарайды. Өлеңде терең мағына, философиялық ой жатыр.

Махамбеттің Нұрсұлтанды айтпай, Махмұтты есіне алуының себебі – Тастөбе қырғынынан кейін көтерісшілер ауылының тас- талқаны шыққан, Махмұт сонда еді. Ал Нұрсұлтан көтерілісті қолдамай, хан қолтығында отырған нағашыларының қолында қауіп- қатерсіз жерде болатын.

Тастөбедегі Исатай-Махамбеттердің подполковник Геке мен Жәңгір хан бастаған жазалаушылар отрядымен соғысы – тарихи шындық. Бұл Махамбеттің “Соғыс” аталатын толғауында әдемі көрініс тапқан.

А.Ф.Рязанов: “Он бесінші қарашада, таң алдында, Гекенің отряды Тастөбе деген жерде келіп тоқтады. Адамдары суықтан тоңған, бойларын жылытуы керек еді. Кенеттен олар өздерінен төрт- бес шақырымдай жерден атты жігіттерді көрді” /19, 71 б./, -деп жазса, Махамбет:

Жау қарасы көрінді,

Жиылған әскер білінді...

Таң ағарып атқан соң, –

деп суреттейді. Яғни екі жақ бір-бірін көргенін айтады.

А.Ф.Рязанов: “Подполковник Геке зеңбіректен оқ жаудыруға бұйырды. Исатайға жіберген алғашқы доп оның жігіттері тобына түсті, бірақ, ешкімге дарымады. Осыдан соң, Исатай Гекке отрядына лап қойды. Шабуыл сондай шапшаң, әрі тосыннан болды, казактар сасып, не істерін білмей қалды” /19, 71 б./, -десе, Махамбет:

Толғай-толғай оқ атқан,

Он екі түтам жай тартқан,

Қабырғасын қақыратқан,

Тебінгісін тесе атқан,

Тізгінінен кесе атқан,

Біздің қайсар батырдың

Жүрегін сөйтіп оятқан.

Әскердің алды бөгелді,

Қырдан ойға төгілді.

Орыс добын үш атты,

Доптың үні шыққанда,

Сонда батыр жөнелді, -

дейді.

А.Ф.Рязанов: “Исатайдың алпыстан астам сарбазы өлім құшты. Бірақ, басты адамдардан орыс қолына түскендері жоқ.

Исатайдың өзі қолынан жараланса да, шауып келе жатып басқа атқа ауысып мініп, қуғыннан құтылып кетті.

Ұрыс үстінде Исатайдың 20 жасар ұлы Жақия оққа ұшты. Орыстар жағынан үш казак өлді” /19, 71 б./, -десе,

Махамбет:

Жетім-жесір көп қалды,

Хан әскері кенелді, - деп өлім-жітімнің көп болғанын екі жолмен жеткізген.

Сонымен бірге осы толғауда аты аталатын Байбақты Жүніс – Байбақты руының старшинасы Жүніс Жантелиннің Исатай-Махамбеттерге “Дем болып қосылуға” деген ізгі-ниет білдіруі де өмірде болған жайт.

Махамбеттің осы “Соғыс” атты өлеңінде:“Ерсары мененҚалдыбай екі арыстан тең өлді” деген жолдар бар. Осы екі жол Исатай-Махамбет көтерілісіне қатысып, Тастөбедегі шайқасты өз көзімен көрген Шернияз Жарылғасұлының “Исатай мен Науша батыр туралы” деген өлеңінде де кездеседі:

Ұзамай-ақ ұрыстан

Ырсалды мен Қалдыбай,

Екі батыр тең өлді-ай... /53/.

Бұл жерде, бірақ, Шернияз Ерсарыны Ырсалды деп жазған.

Ерсары, Ырысалды, Рысалды бір адам – Рысалды Күсіпұлы деп ойлаймыз. Руы – Жайық Беріш, Жарылғас атасы. Өйткені, Ығылман Шөреков “Исатай, Махамбет” дастанында да Рысалды - Ер Сары болып жүр.

Қалдыбай – Қалдыбай Қосаяқұлы.

Махамбет пен Ығылман Қалдыбайды неге өлді дейді?

А.Ф.Рязанов Сарт, Өтеміс, Қалдыбайлардың 24 қарашада “үйлерден шыға қашып, тұтқын болудан құтылып кеткенін” /31, 128 б./ айтады. Енді бірде өз жазғанына өзі қайшы келіп, “Қабыланбай Қалдыбаевтың отбасылары да тура өзі секілді әрі белсенді, әрі батырға шын берілген серіктестерінің бірі болатын. Соғыста түгелге жуық қырылды деуге болады: әкесі 23 қарашада Истомин Исатайды қуалап жүрген кезде өлді де, екі інісі – Смағұл мен тағы біреуі қолға түсіп, азаппен өлтірілді” /31, 131 б./, -дейді. Сонымен қоса А.Ф.Рязанов Қалдыбайды Иманбайдың баласы етіп, Қалдыбай Иманбаев /31, 126 б./ -деп көрсетеді. Шындығында Иманбай Қалдыбайдың баласы. Қалдыбай - Қалдыбай Қосаяқұлы болуы керек. Руы – Ысқақ, Қараораз атасы. Қалдыбайдан Иманбай, Смағұл, Қабыланбай, Жапалақ, Қали туады. Олар да 1836 жылдан көтеріліске қатысып, Ішкі Ордадағы көтеріліс жеңіліске ұшырағанға дейін барлық дерлік елеулі оқиғалар мен жорықтарда Исатай- Махамбеттермен бірге болған. Оны АФ.Рязановтың да,В.Ф.Шахматовтың да Исатай Тайманов көтерілісі жайында жазған кітаптарын оқығанда аңғару қиын емес.

Дәл қай күні екені белгісіз, Қалдыбайдың 1837 жылы “Исатайды қуып келген Истомин отрядімен соғысқанда қаза болып, Смағүл, Қабыланбай деген екі баласының қолға түскені” /50, 20 б./ тарихи шындық. Махамбеттің де, Ығылманның да бір жерден шығып Қалдыбайды өлді деуі, көркемдік шешім бе деп ойлаймыз.

Өйткені Махамбет Исатай атынан айтқан “Әй, Махамбет, жолдасым” толғауында да:

Қабыланбай мен Қалдыбай,

Рысалы, Кебек жолдасым,

Жаудан өлді жолбарысым.., -

дейді.

Шындығында Қабыланбай жау қолынан қаза таппағанын Жұмат Тілепов дәлелдеп, тайға таңба басқандай анық етіп жеткізген. /32, 331 б./.

Толғауда аттары аталған Қабыланбай Қалдыбайдың ұлы, Рысалды – Рысалы (Ер Сары) Кәсіпұлы, Руы – Жайық Беріш, Жарылғас атасы. Кебек – Кебек Жәнібекұлы.

Ақ Кете, Айдар бөлімі Құдайберген елге сыйлы атақты бабалардың бірі болған. Тайсойған төңірегінде оның сөзін тыңдамай, аяқ асты ететін адам жоқ екен. Оның үстіне сайдың тасындай бес ұлы бар, тізесін батырса да маңайындағыларды жұмса жұдырығында, ашса алақанында ұстайтын. Осыдан хабардар Исатай, Махамбет жасағы осы беделді, батырлығымен, мергендігімен әрі жомарттылығымен аты шығып Көнсадақты Құдайберген” атанғанҚұдайберген Елемесұлының ауылына келіп түседі.

Жөн сұраса келе Исатай мен Құдайберген нағашылы-жиенді болып шығады. Құдайберген батыр жасағын құрметпен қарсы алып, арнайы бөлме беріп, жасақтарына да жағдай жасап күні-түн күтумен болады. Исатай Құдайбергенге келген мақсатын жасырмай айтады. Құдайберген де сырын жасырмай, Адай мен Кете арасындағы араздықтың тіпті қан төгіске дейін барып тұрғанын, дегенмен де ата жауы хан, төре екенін жеткізеді. Сөйтіп Исатай-Махамбеттердің қол жинауына көмектесуге сөз береді. Махамбеттің “Еменнің түбі – сары бал” аталатын жыры осы кезде туғанға ұқсайды. Оған себеп, біріншіден, 1838 жылғы сол бір уақиғаға, яғни, көтерілісшілердің қол жинап жүрген кезіне өлең мінезі келеді. Ақын “Еменнің түбі - сары бал, еріскен көңіл – бәрі бал” десе, Құдайберген сияқты сыйлы да, жанына жақын тұтатын адаммен кездескен сәтте бір- біріне деген көңілі айтылып тұр. Екіншіден, “Қасыма ерген, жолдастар, антыңды бұзып айрылма, зейініңді бермен сал” деуіне қарағанда, қасында жолдастары болғаны тайға таңба басқандай анық көрініп түр. Жолдастарын бірлікке, ерлікке үндейді, ант бұзбауға шақырады. Үшіншіден, “Жеке шығып елімнен” деген жолдан оның басқа елді мекенде жүргенін аңғару да қиын емес.
Жапанға біткен бәйтерек,

Жапырағын байқасаң,

Жайқалмағы желденді,

Түбіндегі балаусасы белденді.

Хан, төренің кешігіп,

Кідірмегі елденді.

Кешіп өтпек сайданды,

Шығыны бөлмек байданды,

Ақ киіктің орытып,

Жүгірмегі майданды, –

Батыр болмақ ойданды,

Айғайласып жауға ти,

Тәңірім білер, жігіттер,

Ажалымыз қайданды? –

(1838)

деген жолдардан ақынның әрі көмек сұрай, әрі күреске үндей барғаны байқалады. “Толықсып толғау толғасам, іштегі қызғын басылды-ау” дейді автор. Бұл Құдайберген “ел күреске шығады” дегеннен кейінгі ақын еңсесінің көтерілуі деп білеміз. Байұлы көмек беріп, халық қайта қозғалса, ақын оркиіктей орғытып арғымағын ойнатып әлі де қол бастамақ.

Сондай-ақ “Жапанға біткен жасылды-ау, момындардың басы сау, жаманды байқай қарасаң, күндердің күні болғанда, өз басына өзі жау” деген жолдардан ақынның көзі ашық, көкірегі ояулығы аңғарылады. Автор момын да, жаман да болмауға, бас сауғаламауға үгіттейді. Теңдік күреспен ғана келетінін, жуас болсаң құлдықтан құтылмайсың дегенді мегзейді.

1838 жылы 5 наурызда шекаралық комиссияның шақыруымен келген Байбақты руының қазағы Есболаев “Исатай батыр 25 жігітімен Жемге аттанып шекарадан 16 шақырым жерде жасақ жинап жатыр” деп хабарлаған. Бұған қарап олардың не істеп жатқанын біліп болу қиын еді. Тек бір ғана нәрсе айқын болатын. Исатай көшпелі руларды аралап жүріп өздеріне сенімді адамдар іздеп, халықты Ресейге және аға сұлтандарға қарсы көтерудің қамын қарастырып жатты /19, 76 б./.

Жемнен өтіп, біршама жол жүре олар елдің қарасын көреді. Жол бастаушы Құдайберген ілгері озып, “жау келді” деп дүрліккен елге Исатай мен Махамбет екенін түсіндіреді. Ауыл адамдары Исатайларды қонақ қылып, сый-құрмет көрсеткенімен, жолаушылар қонақжай елде көп аялдамай сапарларын жалғастырады. Олардың бағыты Науша батыр еді. Өйткені, Исатайлардың басына қатерлі күн туып, арттарынан қуғаншылар шыққан кезде қорған болар сенімді серік керек болатын. Байбақты руынынан шыққан Науша Қаржауұлы патшаға қарсы толқуларда белсенділік танытып, ержүректілігімен аты шыққан. Ол 1837 жылы өз жасағымен Исатайға қосылған еді.

Сөйтіп, Науша ауылына ат басын тіреген жолаушыларды ауыл құшақ жая қарсы алып, ас-сумен қамтамасыз етіп, 70 адамнан тұратын жасақ жиып берген.

Талай тартыста бірге күрескен Махамбет пен Науша сағыныса көрісіп, өткен-кеткенді еске алысып шұқыраса әңгімелеседі.

1845 жылы ақпан айында Махамбет бааласы Нұрсұлтанды Орынборға оқуға кіргізуге алып барады. Бірақ Махамбеттің баласын оқуға алу туралы жазған өтініші қабылданбайды. Қайта оның бұрыңғы істерін қайта қарап, баласын мектепке алу түгілі, өзінің Орынбордан тез кетуін талап етеді. Махамбеттің шекарадан өтіп Орынборға келуімен байланысты іс қайтадан генерал-губернаторға түсіп, оның әмірі бойынша шекара комиссиясы сұлтан-правитель Баймағамбеттен мәлімет сұрайды. Өйткені, бұл кезде Махамбет Кіші жүздің батыс бөлігінде жүрген еді. Махамбет туралы мінездемені ескі жауы – Баймағамбет Айшуақовқа беруге тура келеді. Қалай да кек алуды мақсат тұтып жүрген Баймағамбет шекара комиссиясына Махамбетті өте қауіптіжау етіп көрсетіп, басына пәле-жаланы үйіп төгеді /60, 123-124 б./

Махамбеттің «Қылыштай қиғыр алмас ем» өлеңі осы оқиғадан кейін шыққанға ұқсайды. Өйткені бұл Махамбеттің қанша «қылыштай қиғыр болса да, шарға шауып мұқалған», қанша «суарыуы қанық көк сүңгі болса да тот басқан, жалаулы найзасы майрылған» шағы еді. Әсіресе, осы өлеңдегі «Дұшпан қайта қайрылып, тауымды менің шаққанын енді қайтып ұмытамын?!» деген жолдар ұмытыла бастаған істі қайта қозғап, пәле-жала жапқан бітіспес жауы – Баймағамбет әрекетіне дәл келеді. Баласын оқуға алмай, өзін қайта қудаласа, тауы шағылмағанда қайтеді?!

Алайда, аласармайды! Дәрменсіздігін айта отырып, «Алайда бір шендессем, ауыр жүкке кездессем, қара нардай ақ-саздауға қарсы жұлқармын», - деп ірі сөйлеп, қолдаушысы аздығын, елі мойнына жүк артып, соңына ерсе әлі де жұлқысуға бар екенін жасырмайды.

Махамбет өлеңдеріндегі тарихи шындық жайында сөз қозғағанда, оның осынау жоғарыда келтірілген ел рухын көтеріп, жігерін жаныған шар қайрақтай өлеңдерін айтпай кету орынсыз сияқты.

Исатай, Махамбет сарбаздары да қарап жатпайды, қарымта қайырумен болады, Қарауыл қожаны және Балқы биді шабады.

Қанды кебе киініп,

Бір аллаға сиынып

Кезенген жауға кез келдік

Жалаң найза, бір атпен, -

деп, көтерлілісшілердің қару-жарақтары осал, көбі жалаң бір найзамен ғана айқасқанын, осыған байланысты отты оқ атқан жау жарағына табаңды күрес жүргізу қиынға түскенін де жасырмайды.

Махамбеттің барлық өлеңдері шындыққа негізделген реалистік өткір поэзия /36/.

«Наушадай ежелгі қанды көйлек жолдасымен ұшырасқан Махамбет, әргі-бергіні есіне алып, өткен-кеткенді кеңейте толғап, өзінің атақты Ұлы арман жырын айтқан сияқты» /23, 271 б./

(Бұл толғау Махамбеттің «Жыр-семсер» /37, 83 б./ жинағында «Ұлы арман» деп берілген де, осы баспадан 1989 жылы шыққан «Ереуіл атқа ер салмай» /54/ деп аталатын кітабында Күн қайда? Болып жүр – К.М.)

Айналайын ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?

Еңсесі биік боз орда

Еңкеймей кірер күн қайда?

Еділдің бойын ен жайлап,

Шалғынға бие біз байлап

Орнықты қара сабадан,

Бозбаламен күліп-ойнап,

Қымыз ішер күн қайда?
Толғауда өткенді аңсау басым. Ақынның мойып үн-жұрғасы түсіп отырған жоқ. Ел көмектессе, «толғамалы ақ мылтықты толғап ұстап» «еңсесі биік боз ордаға еңкеймей кіріп» атой салмақ ойы бар. Жауын жеңіп ата мен аананың «ризашылықпен жайғасып, қолын алар күнді» армандайды.

Махамбет өлендері - шындық. Өлең шығару, данышпандық ой айту бар да, оны ажарлау, құбылту, айшықтау бар. “Ақын дыбыстардың үніне зейін салмаса, бояу – суретгер тағдырына жіті үңілмесе, өлең өрімдей сұлу болып шықпақ емес” /90/.

Ақын жырларының тартымды да әсерлі болуы ақындық тілдің көркем стилистикасына байланысты. Жыраулар поэзиясында осыстилистикалық ажарлау, құбылту, айшықтау жиі ұшырасады: Мәселен, XV ғасыр өкілі Асан қайғы:

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген,

Екі семіз қолға алып,

Ерлер жортып күн көрген,

Еділ деген қиянға

Еңкейіп келдің тар жерге.

Бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталануы (ассонанс) жырға

көрік беріп, әсемдей, әсерлеп түр. ХХ ғасыр поэзиясының өкілі

Шалкиіз:

Жағаға жақын қонғанда,

Жайылып сулар алмас па,

Жаманға дос болғанда,

Жазымда басың қалмас па,

Жат туғанды өз еткен

Жақсының ғұмыры аз-ақ болмас па, -

десе бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы (аллитерация) да жырға ерекше ажар береді. Бірақ дыбыс қуалап айтайын деген ол ақындарда ой да болмағаны сөзсіз. Өлеңнің теориясына қарап жатқан, әрине, олар жоқ.

Бұл өзі құйылып жатқан табиғи талант қой. Бұлақтың өздігінен ағып жатқаны сияқты жыр дариясы да өздігінше ағып жатады. Біздер ғой, қазір, олардың шеберлігін тану үшін теорияға салып өлшейтін.

Махамбеттің осындай асыл да әсем бай тіл, ажарлау тәсілдері жырларында жиі қолданылады:

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай...

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей...

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық шөл көрмей,

Арып-ашып жол көрмей...

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темірқазық жастанбай...

(Ереуіл атқа ер салмай)

Құландай ащы дауыстым!

Құлжадай айбар мүйіздім!

Қырмызыдай ажарлым...

(“Тарланым”)

Арыстанымның баласы

Адағанда ел таппай,

Адасқанда жөн таппай,

Арманда қалды жас болып.

(“Жақия”)

Тізе берсек, ажарлау Махамбет өлеңдерінің барлығына тән десек те қателеспейміз.

Сөздің реңін әдеби тілмен ажарлаудың тағы бір түрі – айқындау (эпитет). “Айқындау яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын /64, 222 б./.

Махамбет толғауларында да айқындау (эпитет) жиі ұшырасады:

Қоғалы көлдер,құм, сулар Кімдерге қоныс болмаған?

Саздауға біткен құба тал

Кімдерге сайғақ болмаған?!

(“Жалған дүние”)

Осы сияқты “Арқаның қызыл изені”, “Көкше мұзынан таяр ма?”, “Асыл ерге”, “Күнқақты ер”, “Көн садақтың ішінде”, “Алтын тақты”, “Ханның кірген ақ орда ”, “Жайықтың бойы көк шалғын”, “Еңсесі биік боз орда”, т.б. жолдарда да айқындау әдемі қолданылған.

Махамбет бұрынғы ақын-жыраулар қолданған эпитеттерді қайталамай, өзінше нұсқалы түр туғызды.

“Қоғалы көл”, “құба тал”... – “Заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын” анықтап тұр емес пе?!

Өлең, жыр, толғау, термелерді ажарлаудың, әсерлілігін күшейтудің тағы бір жолы – теңеу. Бұл көркемдік тәсіл жайында Ахмет Байтұрсынов “белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз” /4, 354 б./ десе, академик З.Қабдолов: “Мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді. Сонда бұлар туралы оқырман түсінігі айқындалу үстіне тереңдейді де, өнер туындысының эстетикалық әсері күшейе түседі” /64, 224 б./,-дейді. Жалпы “осы көркемдік тәсіл ауыз әдебиетіндегі өлең сөзді еселеп, төпеп отыратын суырып салып айту дәстүріне ерте кездерден бастап-ақ орайлас дамып, қалыптасқан, кейін толысып, кең қанат жайған деп қарау дұрыс секілді” /89, 46 б./.

Жолбарыстай Жолымбет

Құрбандыққа қол емес /53, 52 б./.

Жиембет жырау

Бұрала біткен емендей

Қисық туған адамсың /53, 74 б./.

Үмбетей жырау

Жиырма деген жасыңыз

Ағып жатқан бұлақтай.

Отыз деген жасыңыз

Жарға ойнаған лақтай.

Қырық деген жасыңыз

Ерттеп қойған құр аттай /53, 91 б./.

Бұқар жырау

Махамбет те жырға ерекше ажар, мәнді мазмұн, айрықша әсер беретін жай теңеулерді де, күрделі теңеулерді де жиі қолданған:

Керіскідей шандозым!

Құландай ащы дауыстым!

Қырмызыдай ажарлым,

Хиуадай базарлым,

Теңіздей терең ақылдым,

Тебіренбес ауыр мінездім!

(“Тарланым”)

“Тұтас түйдектер қою суреттерге құрылған. Негізгі ойға желі өзекті сөздерді аңдар мен құстар дүниесінен, шаруашылық-тұрмыс, кәсіпке қатысты атауыштардан қарбытып алған” /91/.

Қара сөзбен терілген жолдар күрделі теңеулер.

“Атқанын қардай боратып”, “Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен”, “Өте шыққан қызыл гүл бұл дүниенің жалғаны” - жай теңеулер.

Шығыс халықтары да, түріктер де, монғолдар да бөріні пір тұтқан, жарылқаушы, құтқарушы санаған. Тіпті “біздің арғы бабамыз” деп қадірлеген. Оның үстіне мақлық, аң атаулының ішінде ойлана алатын тек қасқыр екен. Қасқыр әрі күшті, әрі азулы, әрі ақылды, әрі еркін. Сондықтан да батырды бөріге теңеу ықылым заманнан бері қайталанып келеді. VIII ғасыр туындысы Күлтегін жырынан мысал келтірейік:

Әкем қағанның әскері бөрідей бопты,

Жаулары қойдай бопты /92/.

Енді түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде жырлайтын ІХ-Х гасырларда дүниеге келген эпостық шығарма “Оғыз-намеден” мысал:

Көк жалды арлан қаскыр шыға келді де,

Оғыз қағанға тіл қатты:

“О, Оғыз! Сен Үрімге аттанып барасың.

О, Оғыз, Мен сені бастап жүрейін” деді /92, 91 б./.

“Ер Тарғын” эпосында (Алтын Орданың ыдырау кезінде шыққан)Мінді батыр еріне,

Іздеген жауға көріне,

Келген қалмақ жолықты Тарғын сынды бөріге /68, 301 б./.

Махамбет:

Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім,-

(“Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі”)

Біз ер едік, ер едік,

Ен Нарында жүргенде Талма талтүс шағында

Тай жеген тарлан бөрі едік,-дейді.
(“Менің атым – Махамбет”)

Ойлай білу бар да, сол ойыңды шашыратып алмай, қағаз бетіне сол қалпында түсіре білу бар. Бұл оңай шаруа емес. Ал жыраулар суырып салып айтып отырғанда көкейдегі көл-көсір ойды қорытып, жанды, әсерлі, әсем суретке айналдыру, әрине, қиынның қиыны. Бірақ шабыт үстінде, шамырқанған шақта жыраулар аузынан жыр нөсердей құйылып, іштегі сыр, қуаныш, нала, мұң, шер ғажайып әсем де әсерлі, ажарлы сөздерге айналады. Ақын-жыраулардың құдіреттілігі де осында. Әйтпесе ол жырау бола ма?!

“Ер Тарғын” жырында:

Күнді бұлт қоршайды,

Күнді байқай қарасам,

Күн жауарға ұқсайды!

Айды бұлт қоршайды,

Айды байқай қарасам,

Түн жауарға ұқсайды!

Көгілдірін еріткен

Көлдегі қулар шулайды.

Шулағанға қарасам,

Көктен сұңқар соғылғанға ұқсайды /68, 288 б./.

деген жолдар бар. Жырау адамның ішкі күйзелісіне орай табиғатты

да соның көңіл-күйіне сәйкес етіп ұқсата, егіздей суреттейді

(параллелизм). Сөйте отырып өзінің көкейіндегі айтпақ ойын дәл,

нақты, әсерлі де әсем етіп жеткізу үшін ор сөзді таңдап, талғап

қолданады. Әсіресе синоним сөздердің әсерлілерін ғана алған. Мұндай көркемдік дәстүр ақын-жыраулар поэзиясында жиі кездеседі.

Аспанды бұлт құрсайды-

Күн жауарға ұқсайды,

Көлдерде қулар шулайды- Көкиілден ол айуан

Соққы жегенге ұқсайды,

Көп ішінде бір жалғыз

Көп мұңайып жылайды-

Күйбеңдескен көп жаман

Сөзі тигенге ұқсайды! – дейді Шалкиіз. Синоним сөздерді таңдап, орнымен қолдана білгендіктен де толғау жан тебірентеді. “Аспаңды бұлт құрсайды” деген жолдағы “құрсайды” қалай дәл айтылған, “жабады”, немесе, “қаптаңды” десе, көңілге онша қона қоймас еді, әрі ойын дәл бере алмас еді. Образды ойлап, сөзбен сурет салатын ақын үшін аспан қасіреттен шарт сынған, оны бұлт құрсап, жамап-жасқап түр! Бұл сөзді басқа сөзбен ауыстыру мүмкін емес! Ауыстырса жыр қүдіреті әлсірейді.

“Көлдерде қулар шулайды” дегендегі “шулайды” да дәл. “Сыңсиды”, “гаккулейді” келмейді. Өйткені ол “көкшіліден соққы жеген”. “Соққы” да өз орнын тауып түр. “Таяқ жегенге ұқсайды” десе, солғын тартары анық. “Күйбеңдескен” де әсерлі, әрі “көп” деген сөзбен үндесіп, әсемдік тудырып тұр. “Сөзі тигенге ұқсайды” да орынды айтылған. “Тілі” десе, басқа мағына беріп кетеді.

Ал осы синоним сөздерді Махамбет қалай қолданған? Бұл жайында академик З.Қабдолов “Сөз өнері” атты жоғары оқу орындарына арналған оқулығында “Синонимия – айтылуы, естілуі әртүрлі болғанымен, мағынасы бір-біріне жуық, мәні ұқсас сөздер. Мысалы: шапшаң, дереу, жедел, тез, жылдам; мезгіл, мерзім, мезет, уақыт, шақ, сөт, кез, кезең; айқас, шайқас, ұрыс, қағыс, қақтығыс, тартыс, төбелес, тайталас, кескілес т.б. Осылар секілді синоним сөздердің ішінен суреткер өз көкейіндегі сыр мен шындықты дір еткізіп дәл жеткізер ең қажеттісін ғана алады,-дей келіп Махамбет өлеңін мысалға келтіреді:

Мен кескекті ердің сойымын,

Кескілеспей бір басылман.

Алдыңа келіп тұрмын деп,

Ар, намысым қашырман...

Байеке, сұлтан, ақсүйек,

Қыларың болса, қылып қал.

Күндердің күні болғанда

Бас кесермін, жасырман!

(Махамбет)

Осы өлеңдегі синоним сөздердің бәрі орнында, бәрін де ақын керемет талғаммен тауып қолданған. Сондықтан олардың ешқайсысын ешбір мәндес сөзбен ауыстыруға болмайды” /64, 205 б./.

Одан әрі 3. Қабдолов «Кескілеспей басылман» дегенді төбелеспей басылман деп алса, күлкілі болатынын, Кескекті ер дегендегі ұғым дәлдігі мен нұсқалылығын айбарлы ер, айдынды ер дегендердің ешқайсысы ауыстыра алмайтынын, Қыларың болса, қылып қал дегендегі ашу мен айбарды, кек пен ызаны тек осы синоним тіркестері арқылы ғана дол танытуға болатынын айтады. Сондай-ақ сой дегенді түр деуге, басылманды – қойман, тоқтаман; бас кесермінді – өлтірермін, құртармын деуге тіпті де болмайтынын талдап жеткізеді.

Омоним (дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер) /93/ жайында айтқанда да 3. Қабдолов: “Аттас сөздердің бір алуан ұнамды роль атқарар аренасы - өлеңді шығармалар. Кейде ақындар жекелеген омонимдерді әр тұста арнайы қайталап, өлеңнің ырғағын, ұйқасын құбылтып, әсерін күшейтеді,-дей келіп Махамбет өлеңінен мысал алады:

Тағыдай таудан су ішкен,

Тарпаңдай, тізесін бүгіп от жеген,

Тағы сынды жан едік,

Тағы келдік тар жерге,

Таңдансаң тағы болар ма? ( Махамбет)
Синоним, омоним сөздер жайында әңгіме болғанда да, автордың Махамбетке жүгінуі – оның өлеңдерінің көркемдік кестесі бай екендігінің айғағы.

Ақын-жыраулар айтар ойын тереңдетіп, құлаққа жағымды әсерлі етіп жеткізу жағын үнемі ойластырып отырған. Сөзді ықпалды, пәрменді етіп жеткізудің тағы бір жолы - құбылту (Трогі) Құбылту - айтайын деген сөзді өзінің тура мағынасында емес ауыспалы мағынасында қолдану, тұспалдап, астарлап, бейнелеп түрлендіріп жеткізу. Осы құбылтудың (троптың) бір түрі – ауыстыру (метафора). “Өмірдегі зат пен құбылыстың сыртқы не ішкі белгілі бір ұқсастық белгілеріне қарай сөздің бірнеше мағынада ауысып қолданылуын метафора дейміз. Тіл білімінде бұл заңдылықты кейде ұқсату заңы деп те атайды” /93, 22 б./.

Торлаусыз өскен құланмын,

Мезгілсіз жусап өрермін,

Байраққа біткен құрақпын,

Саусағым жерге түсірмен.

Жапанға біткен терекпін,

Еңсемнен жел соқса да теңселмен. Қарағайға қарсы біткен бұтақпын, Балталасаң да айрылман,

Сыртым құрыш, жүзім болат,

Тасқа да салсаң майрылман! /53, 59 б./.

Ақтамберді жырау

Кебеже қарын, кең құрсақ,

Артық туған Абылай /53, 70 б./.


Махамбет:


Тәтіқара


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет