К. О. Жекеева қазақ тілі



бет39/60
Дата22.12.2023
өлшемі301,85 Kb.
#198446
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60
Байланысты:
К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы-emirsaba.org

Білім де бәсекеге түседі 
Қазіргі заман мамандардың кәсіби біліктілігіне жоғары талаптар қояды.
Нарықтық экономика жастардың жан-жақты білімді, озық тәжірибелі, еңбек
нарығында бәсекеге қабілетті болуын талап етеді. Жас мамандарға қызметтің
қыр-сырын игеру, ойдағыдай өсіп, мансап құру үшін кәсіби құзіреттілікті
үнемі толықтырып отыру қажет.
Қазір еңбек нарығында шет мемлекеттерде білім алған мамандар
сұранысқа ие, өйткені олар ағылшын тілін еркін біледі, нарықтық экономика
талаптарына сай білім алып, тәжірибеден өткен.
Бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үшін білім де бәсекеге қабілетті
болу керек. Осыған орай, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің
барлық қызмет аясы бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға бағытталуда,
жоғары оқу орындарында оқу үрдісіне реформалар енгізілуде.
1.10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазіргі заман мамандарға қандай талап қояды?
2. Нарықтық экономика жастардан нені талап етеді?
3. Жас мамандарға қызметтің қыр-сырын игеру, ойдағыдай өсіп, мансап құру
үшін не істеу керек?



50
4. Қазір еңбек нарығында сұранысқа кімдер ие?


5. Шет мемлекеттерде білім алған жастардың артықшылығы неде?
6. Біздің еліміздің білім беру жүйесінде қандай өзгерістер болып жатыр?
2 Мен жастарға сенемін. Дағы/-дегі, тағы/-тегі формасы 
(анықтауыштық мағынасы). 

МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН 

Білімділіктің адам өміріндегі маңызы, жастарға арналған білім беру 
бағдарламалары, бәсекелестікке қабілетті ұрпақ туралы мағлұмат. 
Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы
күші. Ел тірегі – жастар екенін естен шығармаған дұрыс. Қазақстанның
әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын
рөлі зор. Жастар – Қазақстанның он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi
азаматтар. Осы санаттағы жастар қазіргі уақытта ел халқының 30 пайызын
құрайды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-
ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019
жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.
Білім – қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Көптеген елдердің
Ата заңы бойынша әрбір адам білім алуға құқылы. Білім мен ғылым,
экономика, бизнес, жалпы, бәсекелестік қарыштап дамып отырған жаһандану
кезеңінде Елбасы үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Үш тілді меңгеру –
заман талабы.
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңда негізгі мақсат – жастардың
рухани, мәдени толысып, білім алып, кәсіби дамуы үшін жағдай жасау деп
көрсетілген. Мемлекеттік жастар саясаты рухани-мәдени құндылықтарға,
еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұрпақтар сабақтастығына, отбасылық
тәрбиеге негізделген. Білім саласында жас мамандарды ауылға тартуды
көздейтін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, шетелде білім алуға мүмкіндік
беретін «Болашақ» халықаралық стипендиясы, еліміздің оңтүстігіндегі
жастарды кадр тапшылығын көріп отырған солтүстік, шығыс, орталық
өңірлерде оқытып, жұмысқа орналастыру мақсатындағы «Серпін»
бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бұл, бір жағынан, жастар арасындағы
жұмыссыздықты азайтады.
Бұған қоса, «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020»
бағдарламалары бар. Ал «StartapBolashak» бизнес-жобалар байқауы ғылым
мен технология, инновацияға жақын жас қазақстандықтарға жақсы мүмкіндік.
Жалпы, қазіргі уақытта Қазақстанда жастарға мемлекет тарапынан жан-жақты
қолдау көрсетіліп отыр.
Тапсырмалар:



51
2.1. Жаңа сөздерді теріп жазыңыз, аударыңыз, сөзтіркестерін құраңыз.


2.2. Өзіңіз құраған сөз тіркестермен бірнеше сөйлемдер жазыңыз.
2.3. «2019 жыл – жастар жылы» тақырыбына сұхбат құрыңыз.
2.4. «Анықтаушы сөз + анықталушы сөз» формасындағы тіркестерге
мәтіннен мысал келтіріңіз.
2.5. «Жастар – қоғамның қозғаушы күші. . . . ». Толықтырыңыз.
«Себебі», «өйткені», «олай ойлайтын себебім», «алайда», «менің
ойымша», «мен . . . деп сенемін» тіркестерін қолданыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет