Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2 (74), 2018
101
жасайды. Зерттеуші-ғалымдардың, педагогтардың
ғылыми еңбектерін талдай келе, функционалдық
сауаттылықтың бірнеше белгілерін атап өтуге болады:
1) тұрмыстық мәселелерді шешуге бағытталған;
2) нақты әлеуметтік жағдайлардағы жеке тұлғаның жағдайлық сипаттамасы ретінде;
3) стандартты, стереотипті мәселелерді шешумен байланысы;
4) оқу мен жазу дағдыларының
қарапайым деңгейі ретінде;
5) ересектердің іс-әрекетін бағалау ретінде;
6) сауатсыздықты жылдам жою тәсілдерін іздестіру контексіндегі мақсаттардың болуы.
Бұдан шығатын қорытынды – функционалдық сауаттылық оқушының жан-жақты қалыптасқан
жеке тұлға болып жетілуіне бағытталған басты ұстаным деуге болады. Осыған орай, қазіргі білім беру
жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын мәтін арқылы бақылауға арналған тапсырма
үлгісін ұсына кетейік.
Кітапхана жаңа ғасыр мәдениетінде. Кітап – білімнің қайнар көзі. Кітап қана дәл мәнді білім
береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. «Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп
текке айтылмаған. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық. Қазіргі замандағы техниканың дамуына
байланысты «кітапханалардың болашағы жоқ» деген сөздің қисыны келмейді. Себебі компьютер
адамның денсаулығына, әсіресе көзіне зиян. Сондықтанда кітапхананың әлі де болса маңызы бар екен.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Кітап – адам баласының сан
ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар
едік»,– деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітапты таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну,
алған
әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын
айқындайтын алғышарттардың бірі. «Кітап маған тақтан да қымбат», – деп атап көрсеткен Шекспир.
Мақсатымыз – «кітап неге оқылмайды?» деген сауалдың жауабын жан-жақты іздеу. Қазақ балаларын
қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын
арттыру. Қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша – мектеп –
кітапхана – мұғалім – ата-ана» деген ара-жігі ажырамайтын тізбекпен жұмыс жасау қажет.
Балабалабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру, жыртпауға,
сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат
беру. Мысалы: мектептегі бірінші сыныпта «Әліппе» пәнін оқып бітіргеннен кейін кітапханашылар
мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне ұйымдастырса. Кітапханашыларға
көмекші ретінде оқушылар арасынан «кітапханашыларды» сайлап қойсақ.
Барлық оқушы кезекпен
кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата-анасының біреуі айына бір рет
баласының жұмысын кітапханаңа келіп көрсе, танысса. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген
қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз.
Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған
кітапты қайтаруына, кітпаханашы мамандығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына
болысады. Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата-ана жауапкершілігі
артады. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру үшін ата-ана, мектеп, кітапханашы қызметі
жоғары дәрежеде болуы керек. Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі – қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр
ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдындағы басты
міндет– жас
ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу (345 сөз) [2;1].
1. Мәтіндегі тірек сөздер
A) надан, сайыс, жауапкершік
Достарыңызбен бөлісу: