«Білім және еңбек» («Зерде») журналы
1960 жылдан басгап «Білім және еңбек» деген шығып келген бұл ғылыми көпшілік басылым 1987 жылдан бері «Зерде» деп аталады. Тұңғыш редакторы Абдул-Хамит Мархабаев.
Журнал мектеп оқушылары мен көпшілік қауымды ғылым жаңалықтарымен таныстыру, жұмбақ дуниедегі адамға бұрын-соңды малы болған ғажайыптар туралы айтып беру, сол арқылы жасөспірім оқырманының өмірге көзқарасын қалыптастыру жолында табыссыз еместігін айта кеткен жөн. Журнал, әсіресе, редакторлары: Б.Қойшыбаевтың, А,Сейдімбековтың тұсында жақсы материалдарымен көзге түсті.
Журналдың бас айдарлары; „Асыл мұра", «Ғылым көкжиегі», «Сауал қойған екенсіз», «Жас ғылым мінбері», «Дүние жатқан жұмбақ», «Дөңгелек - жас шеберлер клубы», «0қып туған», „Жас ғалым зерттеу жүргізеді», „Жақсыдан ғибрат" деп аталады. Мәселен „Зерденің" 1995 жылғы 1-санында Хасен І^жа-Ахметтің „Біз демократияны білеміз бе? Б.Шланованың «Шешендік тәлім-тәрбие", Ә.Оразалиеваның П.М. Мелиоранскийдің қазақ тілін зерттеуі, БТілепиннің „Шопан ата", „Сексек ата" тағылымдары деген танымдық материалдары жарияланған.
Достарыңызбен бөлісу: |