Қазақ журналистикасы тәуелсіздік жылдарында
КОКП ХХҮІІ сьезінен соң Қазақстанның бақ партия бағытының мемлекеттегі қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа салаларды қайта құру жұмысына белсенен қатысты. Қайта құру кезеңінде халықтың мүддесі мен тілегне қажетті әрі оқырмандарн қызықтыратын көптеген материалдар республикалық «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», облыстық «Орталық Қазақстан», «Ақ жол», «Жетісу», «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде молынан басылды. Бұл баслыымдарда көкейтесті жүрген ой-пікірлер ашық жарияланды. Тұрғын пәтерлер бөлу, азық-түлік мәселелерін көтеріп, пара алушылық пен тамыр-таныстық сияқты әрекеттерге жол бермеу проблемлары қозғалды. Осы кезеңде газет беттерінде жаңа айдалардың пайда болуы назар аудартады. Ол айдарлар: «Партия комитеті және қайта құру», «Қайта құру және біз», «Депутат және өмір», « Еңбек эстафетасын жалғастыра берейік» және т.б. аталды.
1991 жылдың желтоқсан айынан бастап «Азия» газеті шыға бастады. Құрылтайшылары: Минситрлер кабинеті мен редакция ұжымы. Редакторы: Нұрмахан Оразбеокв. «Азия халықаралық басылым.» Мұнда қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, сияқты көршілес мемлекеттердің қоғмдық-саяси өмірлерінен хабарлар беріледі. Айдарлары: «Бүгігі күн тынысы», « Әлем жаңалықтары», «Пікір сайыс», «Өлең сөздің патшасы» т.б.
1991 жылдың 7 ақпанынан бастап Қазақстан мұсылмандар әйелдер Одағы өздерінің «Ақ босаға» деп аталатын газщетін ышағра бастады. 4 бет көлемінде айына бір рет жарық көреді. Редакторы- Шолпан Ұғыбайқызы. Бұл қазақ әйелдері мен қыз-келіншектерінің жағдайына көп көңіл бөлді. Оның «Өз пікірм», «Сыр сұқбат», «Ұят та болса сұрайын», «Әдеп пен әдет», «Келіншектерге кеңес», «Нарық пен халық» деген тұрақты айдарлары бар.
1991 жылы Невада-Семей антиядролық қозғалысының «Аманат» газеті. Бас редакторы- С.Айнақұлов. Бұл басылым Семей полигоны, оның зардаптары төңіргенідегі проблемлады көтерді. Көлемі 8 бет. Оның «Полигон», «Эпицентр», «Жаралы жер» «Редакцияға хат», «Алтын арқау»т.б. айдарлары бар.
Қазақсатн ауылшаруашылығы министрлігінің органы «Дала дидары» газеті 1991 жылдан шығады. Апталық баслыым. Бас редакторы: Бекболат Әдетов. Негізгі айдарлары: Агроөнеркәсіп жаңа жағдайда, Ата дәстүр, Техника жөдеу, Бүгінгі қам – ертеңгі нан деп аталады. Қазір бұл газеттің аты «Ауыл деп өзгертілген.
«Қазақ батырлары» газеті 1991 жылдың мамыр айынан бастап шығады. Айына бір рет жарық көретін тарихи-этнографиялық басылдым. «Қазақ батырлары» қазақ халқының тарихы, әдет-ғұрып, дәстүр мәселесін қозғайды. Газеттің жауапты хатшысы-Жолдасхан Базымбеков.
Қайта құру жылдары газеттермен қатар жаңа журналдар дүниеге келді. Денсаулық журналы 1990 жылы шықты. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 1991 жылдан бастап шыға бастады. Қазақстан хадлыққа білім берй министрлігінің ай сайын шығатын ғылыми педагогикалық басылымы. Журналдың бірінші санында: «Осы басылымның мақстаы- қазақ тілі мен әдебиетінің көкейтесті проблемалары, оны оқыудың сан алкуан жолдарын, оқырманға ой саларлық мәні бар ғылыми, педагогикалық, методикалық мақалаларды, көпшілктің талғам-таразысына ұсыну» - деп жазылған.
«Түркістан» халықаралық газеті 1994 жылдың 28 қаңтарынан бастап шыға бастады. Қазіргі таңда республиканың барлық облыстарына, оған қоса Ресей Федерациясына да тарайды. «Түркістан» газеті 2009 жылдан бастап «Роспечать» каталогына енгізілген, Ресейде тұратын қазақ оқырмандары біздің газетімізді осы каталог арқылы жаздырып, оқи алады. 2010 жылдың 22 наурызынан бастап газет А2 форматтағы 12 бет көлемінде және түрлі-түсті болып шыға бастады. Осы уақыттан бастап газет жанынан тұрақты төрт қосымша жарық көреді: «Ырыс», «Қоныс», «Тайқазан», «Жаһан».
Достарыңызбен бөлісу: |