Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Алаш қайраткерлерінің арасындағы публицистикалық полемика



бет27/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Алаш қайраткерлерінің арасындағы публицистикалық полемика

Полемика [еж. грек, polemikos - жауыққан, жаугерлік] - идеялардың, көзқарастардың, пікірлердің қарама- қарсылығы, күресі, конфронтациясы бар дауласу. Осы тұрғыдан полемиканы қандай да бір мәселеге байланысты принципті түрде қарсылықты пікірлердің әрқайсысы өз көзқарасы тұрғысынан пікірін қорғау, оппоненттің пікірін жоққа шығару мақсатында туындайтын жариялы дауласу деп анықтауға болады. Оның жай пікірталастан (дискуссиядиспуттан) айырмашалығы - мақсатты бағыттылығында. Дискуссия, диспуттың қатысушылары пікір алмасу арқылы ортақ пікірге, ортақ шешімге, ақиқатты орнатуды көздесе, полемиканың басты мақсаты - қандай да жолмен қарсыласты тұқыртып, өз көзқарасы мен пікірінің дүрыстығын мойындатып, жеңіске жету. Полемика - көз жеткізе білу, өзін құптату өнері. Ол бойынша әрбір айтылған ой дәлелдермен, дәйекпен, ғылыми пікірлермен толықтырылуы керек. Маңызды, адамзаттық құндылықтарды, адам құқын қорғау, қоғамдық пікірді туғызу, жаңа саяси көзқарастарды қалыптастыру барысында полемика аса қажетті болып табылады.

Полемика тарихы әріден басталады. Полемикада эпистолярлық жанрға тән белгілер бар екенін ескерсек бұл туралы Элистрятова былай дейді: «Эпистолярлық публицистика зерттеулер көрсетіп отырғандай 16 ғасырда кең дами бастады. Бұл кезде хаттарда әдеби сипат, көркем баяндау басым болды. Оларда маңызды экономикалық, қоғамдық мәселелер көтеріле бастады». Ал, қазақ сахарасында газет полемикасының қазақ баспасөзінде орын алуы мен қалыптасуы сонау 20 ғасырдың бас кезінде яғни Алаш ақтаңдақтарының ел мүддесін көтерудегі дабылымен басталған. Сонау 1870 жылы шыға бастаған Түркістан уәлаяты газетінде мынадай деректер бар. «Біздің қазақ бұрынғы ата бабасынан қалған рәсімді ұстап осы күнге шейін балалаларына қыз айттырғанда балалары кішкене күнінде құда түсіп, қалың мал алысып қояды. Балалары ер жетіп, өскен соң бір, екі, үш жігіт ертіп қайнына жібергенде жә қызға жігіт жақпайды, жә жігітке қыз жақпайды. Кейбір қазақ қызы күйеу келместен бұрын көңілі сүйгенмен қосылып алып буаз болса, баламды түсіремін деп ішін езіп, мылтықтың дәрісін ішіп, жүдә түндіктен мұздай суық су құйдырып әйтеуір әртүрлі дәрі қылып намыс болады деп баласын түсірудің қамын жейді. Бала түсіргеннің обалы қанша екенін қайдан білсін. Қазақтың төрелері қара қазаққа бұрын қызын бермеуші еді. Осы күнде беретін болды. қазақта қайтсін ақырындап ілгері таман аяқ басып жүріп келе жатыр. Бұл міселеге қатысты осы газет бетінде жазушы Бай деген есіммен мына мақала жарияланды. «Июль айында 20 номерде біздің қазақтың рәсімі қыз алып, қыз беру тақырыпты жазып жіберген екенсіз. Рас айтқан сөзіңіздің өтірігі жоқ. Бірақ қазақ қызы бала болса, бала түсірудің қамын жейді, бала түсірудің обалын қайдан білсін деп сіз қай жұрттың адамы бала түсірмей қай жұрттың баласы обалдан қорқып ойбай обал болады ғой деп үйінде баласын туып отыр дейсіз. Рас, үлкен қала жерінде жасырынып баласын тауып отырған бас болса бар шығар. Бірақ, біздің көшпелі қазақтың ішінде ондай іс болмас. Ө йткені, ауылдың ішінде қимылдағанның жанның бәрі не істегеніңіздің бәрін біліп тұрғанда, үйде түгілі қайда барып баласын тастаса да адам білмес деп ойламаған болмаңыз. Оны қойыңыз. Сол дәуірдің шындығы, сол дәуірдің үні білетін хаттар да публицистиканың полемикасы байқалып тұрады.

Жалпы, полемиканың қазақ баспасөзіндегі бастау көзінің ең өзекті тұсы - «айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арасындағы айтыс болып табылады. Кезінде алың қазақ еліне көздің ағы мен қарасындай қызмет етіп келген бұл екі басылымды біріне бірі қарсы қарауға келмес. Сол кезеңдерде қоғамдық өмірдің мәселелері жөнінде «Айқап» журналына кереғар Орынбор қаласында 1913 жылы ақпанда «Қазақ» газеті шығарыла бастады. Журнал кейде газетпен айтыысып буржуазияшыл ұлтшылдар баайлардың мүддесін қорғайтынын әшкереледі деген сыңаржақ пікір қалыптасты дейді Бекхожин өз зерттеуінде. Сонымен Айқап пен Қазақ неге айтысқан? Көрнекті ғалым Б.Кенжебаевтың айтуынша ол үш түрлі мәселеде өрбіген: атап айтқанда жерге орналастыру, сьезд шақыру және әліпби түзу жөнінде екі басылым басшылығы бір пікірге келе алмаған.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет