Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


«Айқап» журналы және оның идеялық бағыты



бет37/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

«Айқап» журналы және оның идеялық бағыты

Журналдың шығарушысы әрі редакторы белгілі жазушы-журналист М.Сералин.

«Айқап» журналы осылай аталуының себебі мен алдағы мақсаты туралы 1911 жылғы 11-санында бастырушылар алқасының атынан былайша түсінік береді: «Айқап» деген сөз қазақтың төл сөзі. Ол ғасырдар бойы мәдениеттен, білімнен кенже қалған бүкіл қазақ халқының өкініші ретінде алынды. «Ай, қап!» деп санымызды соқтық, енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді. Бақытжан Меңдібеков «Газеталарымыз туралы» деген мақаласында (1912, №6) «Ай, қап! Әттеген-ай, іс өтіп кеткен екен ғой, біз ұйықтап жатқанда, басқалар желден, аққан судан пайдаланып жатқанда, біздің мұндай халде болуымыз деп өткен іске өкініп қойған есім боларға керек», - деп жазыпты.

Журналдың редакторы М.Сералин былайша түсінік береді: «Бізді қазақтың «Әй, қап!» демейтұғын қай ісі бар? Газет шығармақшы болдық, қолмыздан келмеді. Пұлы барларымыз ынтмақтаса алмадық. Пұлы жоқтарымыз ынтымақссақ та, ақшасыз істің жөні табылмады. «Қап, пұлдың жоқтығы, қолдың қысқалығы-ай» дедік. Жақсы жерлерімізді қолда сақтау үшін қала салмақ болдық. Басымыз қосылмады. Қолайлы жерлер қолдан кетті. «Қап, ынтамақсыздығымыз-ай дедік. Болыс, би, аулынай боламыз деп таластық, қырылыстық. Жеңілгеніміз жеңген жағымызға, «ендігі сайлауда көреміз, қап, бәлем-ай» дедік. Осындай біздің қазақтың неше жерде «қап» деп қапы қалған істері көп. «Қап» дегізген қапияда өткен істерміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап болды». (1911, №1).

«Айқап» журналының шығуы, реадкторы жайында Ленинградтағы Орталық мемлекеттік тарих арихвінде мыналдай деректер сақталған: Орынбор губерниясының Троицк қаласында шығатын қазақ журналы туралы 1910 жылы 18 қаңтарда берілген куәлік бойынша Қостанай облысы, Шұбар болысының №5 ауылының қазағы М.Сералиннің редакторлығымен және жауапкершілігімен журнал төмендегі бағдарлмамен шығаруға рұқсат берілді: 1. Бас мақала; 2. Шет ел хабарлары; 3. Мұсылман өмірінен мәселелер; 4. Хроника; 5. Фельетондар мен өлеңдер; 6. Библиография және ғылыми мақалалар; 7. Әртүрлі хабарлар мен редакцияға хат. Проф. Б.Кенжебаев «Айқап» журналының бетінде шыққан материалдарды тақырып, мазмұн жағынан былайша бөлген: саяси-әлеуметтік мақлалар; әдеби шығармалар, әдебиет мәселелері; қазақ арасындағы оқу-ағарту ісінің жай-күйі, маңызды мәселелер; ана тілі, әліппе, емле мәселесі; қазақ әйелдерінң жайы, бостандық, теңдік мәселесі; дәрігерлік, агротехникалық кеңестер, ғылым табыстары; ішкі-сыртқы хабарлар; кітап сындары; тілші хаттары, жауап хаттар;

Журналдың көп көңіл бөлген мәселесі- әдет-ғұрып, салт-дәстүр. Қазақ тіршілігіндегі әдет-ғұрыптың кемшілік, кері кеткен жақтарын сынай отырып, елді жақсылыққа, озық ойға, болашққа шақырды. Қазақ елін білімге, өнерге шақырды. Оқыту сапасын жақстару мен білім беруді белгілі бағдарлмаға сүйене жүргізу керектігін сөз етті.

„Айқаптың", „Өлең-жыр", „Фельетон", „Хабаршыларымыздан", „Ашық хат», „Басқармадан жауап" деп аталған тұрақты айдарларының болуы оның жұмысындағы ұқыптылыкты, жүйелілікті танытады. Журналдың, безендіру мәселесіне де жете көңіл бөлгенін жоғарыдағы айдарлар бойынша жарияланған материалдардан айқын аңғаруға болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет