«АРАЙ» ЖУРНАЛЫ
1986 жылдың „Желтоқсан" оқиғасынан кейін қазақ жастарының арасынан „Халык, жауларын" іздеу, табу, табылмаған жауларды қолдан жасау науқанын қанқұйлылықпен жүргізуді Колбин қолға алып, азғантай ғана халқымызды „Оңтустіктер" және „Солтүстіктерге" бөліп, „үй ішінен үй тігіп" жатқан тұста, 1987 жылдың сәуір айында дүниеге келген басылымдардың бірі — „Арай", („Заря") журналы.
Бұл саяси-қоғамдық және әдеби журналды ұйымдастырып, қанат қақтырған, 1994 жылдың маусым айына дейін бас редакторы болған жазушы Әшірбек Көпішев болатын.
„Арай" бугінгі күннің ауыртпалығына қарамастан өз оқырмандарын жоғалтпаған жанашыры көп басылым. Ә дегеннен-ақ республикада шығарылатын журналдың арасынан алғашқы бестікке ілінген „Арай" болатын. Журнал жастар тәрбиесі, олардың қазіргі тыныс-тіршіліктері туралы көп жазады. Сондай-ақ тәуелсіздікті жариялағаннан бері Қазақстанның жерін көпсініп, онда тұратын ұлттардың татулығын көре алмай, реті келсе де, келмесе де „шағып", „шымшып" жатқандар аз емес.
Осыған мысал ретінде „Арай" соңғы уақытта өз қандастарымыздың да басқаларға қосылып өз халқын менсінбей кемсітіп, ауылдағы қазақтарды одан бетер жек көріп, үшінші сортқа жатқызып жүрген „ғалымсымақтарды" сынға алып отыр.
Журналдың „Ақ шымылдық", „Кездесуге шақырып едік", „Тылсым дүние, яғни тіршіліктің қырық құпиясы", „Күлегеш", „Әйгілі адамдар", „Ел мен жер", т,б, айдарлары бар.
Осы айдарлардан-ақ „Арайдың" қаншалықты мазмұңды әрі қызықты екендігін байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |