Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТҰРМЫС» («ПАРАСАТ») ЖУРНАЛЫ



бет43/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТҰРМЫС» («ПАРАСАТ») ЖУРНАЛЫ

Бұл қоғамдық-саяси және әдеби журналдың алғашқы саны 1958 жылдың шілде айында жарық көрген. Онда аға газет «Социалистік Қазақстан» мен «Казахстанская правда», Жазушылар Одағының органы «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналының және «Қазақстан әйелдері» журналынын өміріге енді қадам басып отырған басылымға сәт сапар тілеген төмендегідей құттықтаулары жарияланды: «Мәдениет және тұрмыс» журналының жарыққа шығуы мәдени, көркемөнер, әдебиет майданындағы, тұрмыстағы елеулі жарқын өнегелі жайларды кеңінен көрсетіп отырады деп сенеміз. Сөйтіп, ол қазақтың қалың жұртшылығының сүйікті журналына айналуға тиіс. Сонымен қатар журнал мәдениет пен тұрмыста әлі де болса кездесіп жататын кемшілікті, көлеңкелі жайларды да елеусіз қалдырмай, өсуімізге, алға басуымызға бөгет боларлық көріністерге өткір қаламның кестелі сөздің қасры шығып отыруы керек.

Қазақ халқы тілге бай. «Өнер алды — қызыл тіл» дейді біздің халқымыз. Журнал халық тілін қолдануда мәдениеттілік көрсетеді деген сенім бар".

Журналдың алғашқы редакторы М.Дінішев, Ал редколлегия мүшесіне Б.Атшабаров, Ә.Ахметов, Р.Ержанов., М.Меңдіқұлов, С.Мұқанов, Ә.Тойганбаевтар сайланды. «Мәдениет және тұрмыстың» басты айдарлары «Қызық екен біліп ал», «Игілікті істердің бастамасы», «Ет тағамдары», «Өнер-ғылым жаңалығы», «Естімеген елде көп», «Пайдалы кеңес», «Дәрігердің кеңесі», «Өнер табысы - өмір ырысы», «Цифрлар мен фактілер», «Ата-аналар хаты», «Мұндай да халық бар», «Шетел әзіл-сықақтары», «Семья — тәрбие ошағы», «Спорт», «Бөбектерге оқып бер», «Искусство шеберлері» деп аталады.

Сондай-ақ, бұл басылымда тұрақты түрде ай сайын «Ошаған» арнаулы беті, «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеттен" айдары мен «Демалыс сағатында» арнаулы беті жарық көріп тұрды.

Журналдың алғашқы санында «Ауыл мәдениеті жайлы кейбір ойлар» деген атпен «Социалистік Еңбек Ері» Нурмолда Алдабергеновтың мақаласы жарияланған. Автор өз материалында толғағы жеткен, заман талабына сай мәселелерді тілге тиек етеді. Әсіресе, малшылардың тұрмыс-мәдениетін көтеру жайлары әр ауыл, әр ауданның өз жұрты, өз селосын сәнді, тұрмысын мәдениетті өтуі керектігін баса айтады. Малшылардың көшпелі тұрмысын болашақта отырықшы мәдени мекенге айналдырса деген ойын ортаға салады.

Осы автордың мақаласына орай «Нурмолда Алдабергеновтың «Ауыл мәдениеті жайлы кейбір ойлар» деген мақаласын талқылаймыз» айдарымен журналдың тамыз айындағы екінші санында Талдықорған облыстық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары Б.Рамазанованың «Үйінде озған, түбінде озар", қыркүйек айындағы 3-санында Семей облысы, Шар станциясындагы №60 қазақ орта мектебінің мұғалімі Ә.Қасымбековтың «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» қазан айындағы 4-санында Қызылорда облысындағы «Бірінші май» колхозының шопаны А.Меңдібаеваның «Жағдай бар да құнт жоқ» атты циклды материалдары жарық көрді.

Сондай-ақ мұнда «Москвадағы қазақ искусствосы мен әдебиетінің он күндігі қорсаңында» деген айдармен Қазақ КСР мәдениет министрі Ә.Қанафиннің „Үлкен сын алдында" деп аталатын материалы жарияланды. Онда қазақ өнерінің он күндігінде кімдер өнер көрсетеді, осыған орай дайыңдық жұмыстары қандай дәрежеде жүргізіліп жатқандығы жайлы айтылған.

Бұдан басқа Т.Ахтановтың „Белестен белеске", С.Қирабаевтың „Өрлеу жолында",' Ш.Жиенқұлованың „Біздің би өнері", Ө.Байділдаевтың „Шырқалды әсем ән", Б.Құндызбаевтың „Сахна әні", А. Лекеровтің „Өмір сұлулығы", Қ.Тастановтың „Талантты дирижер" деп аталатың естелік-әңгімелері жарняланған.

„Мәдениет және тұрмыс" поэзияға да үлкен мән береді. Оның беттеріңде бүгінгі таңда есімдерін халқымыз мақтанышпен ауызға алатын ақындарымыз -Ж.Молдағалиевтің, Ә.Сәрсенбаевтың, Т.Молдағалиевтың, Ғ.Қайырбековтың және т.б өлең-жырлары үнемі орын алып отырған.

Өмірге келгендегі алғашқы қадамы осылай басталған еліміздің мәдениеті мен тұрмысын көтеруге өзіңдік үлес қосып келе жатқан бірден-бір басылым „Мәдениет және тұрмыс" өзінің ұстанған позициясының айқындығының арқасында бүгінгі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді. Бұл басылым І989 жылдан бастап атын „Парасат" деп өзгерткенімен, оның отыз жыл бойы қалыптасқан тарихы, өзіндік жазу үрдісі өзгерген жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет