Кеңестік жүйе тұсындағы әдеби-педагогикалық басылымдар
«ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМІ» ГАЗЕТІ
Оқу-ағарту ісін қазақ жерінде насихаттау соңы XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың алгашқы жылдарында-ақ басталған. Кезінде „Дала уалаятының газеті", „Қазақстан", „Қазақ" газеттерінен бастап, „Айқап", „Мұғалім" журналдары қостап, „Қазақстан мектебі" одан әрі жалғастырсаң басқа да басылымдарда оқу-ағарту ісіне байланысты талай-талай ілгсрі істер қаралып, көптеген материалдар жарияланған.
Бірақ бертін келе осының барлыгы да аздық етті. Оның үстіне заман озгеріп білім, ғылым дамыған сайын көш соңында қалып қоймау міндсті тұрды. Сондықтан да болар 1952 жылдан бастап екі тілде қазақша және орысша «Қазақстан мұғалімі» ("Учитель Казахстана") газеті шығарыла бастады. Алгашқы редакторы О.Құдышев. Бұл басылым оқу минисгрлігінің басқармасы мен бастауыш және орта мектеп қызметкерлеріне яғни, мұғалімдерге, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттерге көмскші әрі нұсқаушы құрал ретінде есептелді.
„Қазақстан мұгалімінің" бірінші нөмірінде жарияланған „Совет мектебінін жаңа табыстарына жетейік" деген бас мақаласында „Педагогикалық қызметті үнемі оқумен қоса идеялық саяси дәрежесін үздіксіз арттырумен үштастырған күйде ғана мұгалімнің еңбегі анағұрлым жемісті болады", — деп тұжырым жасай отырып, әр үстаздың ізденімпаздығын, адал еңбек етуін талап етеді.
Сондай-ақ, газеттің бұл алғашқы нөмірінен халық ағарту қызметкерлеріне арналған басылымның жарыққа шығуына байланысты көптеген құттықтау хаттар мен телеграммаларды оқуға болады. Бұлардың барлығы да жогарыда токталған бас мақаланың мазмұнымен сарындас.
„Қазақстан мұғалімі" газетінде әсіресе жалпылама баяндалған, педагогикалық,, әдістемелік тәсілдер жөніндегі материалдар көп жарияланды. Мысалы, „Халық ағарту ісі жақсартылсын!"1 деген бас мақала.
Ал, сол жылдары газсттің негізгі авторлары әр облыс, аудандардан білікті деген мұғалімдері мен ізденімпаз студенттер қауымы болды. Оның үстіне көп материалдар ешқандай айдарсыз ұзын-сонар ұран тектес тақырыпшалар берілетін еді. Басылымның ол кездегі мұндай кемшілік жақтарына ксшіріммен қарауға болады. Себебі, бара-бара редакция құрамы өзгеріп, біраз тәжірибе жинақталған соң, „Қазақстан мұғалімінің" ұтымды шығуына жол ашылды.
1956 жылдан бастап газетке „Мектеп", „Партия", „Кәсіподақ", „Ғылым және әдебиет" деп аталатын бірнеше жаңа бөлімдер ашылды. Көптеген материалдар жанрлық жағынан ерекшеленетін болды. Әр мақала өз мазмұнына орай „Мектеп туралы ойлар", „Мектеп хабарлары", „Муғалімдердің январь кеңесінен" сияқты айдарлар аясында жарияланды.
Газет тек қана оқушыларға білім беру әдістерін ғана емес, мұғалімнің сабақ үстінде өзін-өзі ұстау этикасын да қозғаған. Мәселен, ақын „Мектеп тұрмысы" деген арнаулы бетінде Солтустік Қазақстан облысына қарасты Волощин орта мектебінің мұғалімі Қ.Осмиеваның «Ілтипат туралы» деген материалы жарияланған. Автор өз мақаласын „Балаларға қатты айқайлау, жазалау арқылы тәрбие орнатуға болмайды. Балаға сену керек, оқушысына сенімсіздік білдірсе, екеуінің ара-қарым-қатынас бұзылады", — деп жазады.
Басылымның 70- жылдардағы редакторы З.Ақышев болды.
Достарыңызбен бөлісу: |