Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


«Қазақстан» газетінің ұлттық сананы оятудағы рөлі



бет59/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

«Қазақстан» газетінің ұлттық сананы оятудағы рөлі

1910-1911 жылдары Ресейдің экономикалық жағдайы күрт өзгеріп, өнеркәсіптік өрлеу еріс алды. Бұл жерде бір ескертетін жағдай, Қазақстанның экономикалық, саяси дамуының өзгешелігі бар еді. Сол себепті мұнда жұмысшы қозғалысының өрлеуі Ресейге қарағанда кешеуілдеп, баяу дамыды. 1910-1911 жылдары Қазақстан жұмысшылары экономикалық сипаттағы жекелеген талаптар төңірегінде ғана қарсылықтар жасады. Атап айтсақ, 1910 жылы жаппай жұмыстан шығаруға байланысты Орынбор теміржол ұстаханаларының жұмысшылары ереуілге шықты. Ереуілдің бет алысынан қорыққан әскери күш губернатордың жанындағы кеңес жұмысшыларды жаппай жұмыстан шығарудан бас тарту керек деген қаулы алуға мәжбүр болды. Патша үкіметі Ленадағы 500-ден астам жұмысшының атылғаны және жараланғаны туралы мәліметтердің елге тарауынан қорықты. Газеттерге ол жөнінде жазуға тыйым салды. Соған қарамастан түрлі баспасөз арқылы Ленада болган шындық дүниенің төрт бұрышына тарап кетті. Тіпті бұдан патшалық ресми «Туркестанский курьер»,«Омский вестник» газеттері де қалыс қалған жоқ. Сырдария облысының әскери губернаторы Лена алтын кендеріндегі қанды қырғын туралы материалдар жариялағаны үшін «Туркестанский курьер» газетінің редакторына айып салған.

Сөйтіп ел ішінде Ленадағы қанды қырғын оқиғалорына үлес қосқан жаппай ереуілдер, демонстрациялар өріс алды. Оған Қазақстанның Риддер кен орны, Нілді мыс қорыту заводы, Жем мұнай кәсіпшілігіндегі жұмысшылар, Екібастұз көміршілері қосылды. Ал, Лена оқиғасының жаңғырығы қазақ жеріне толық жеткізген «Правда» газеті болатын. Оның үстіне көтеріліс кезінде ауыр жараланып, кейіннен 12 жылға каторгаға үкім етілген, революциялық күрес жолын туған жері Қарқаралыда аяқтаған Угар (Мұқатай) Жәнібеков деректер де еңбекшілер санасын оята түсті.

Міне, 1905-1907 жылдардағы орыс революциясының тұсында және 1910-1911 жылдарғы революциялық жаңо өрлеу кезеңінде «Искра», «Правда» сияқты жалпыорыстық жұмысшы басылымдарының әсерімен Орда қаласында оздерінің демократиялық, мәдени-ағартушылық күрес жолдарын бастаған қазақ интелигенциясының алдыңғы қатарлы бір топ өкілдері өздерінің жасырын көпшілік одағын ұйымдастырды. Сөйтіп, олар ең алдымен одақтың шаруашылық кжәне саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін «Қазақстан» газетін шығаруды қолға алды.

Көпшілік одағының мүшелері 1910 жылы елден қаржы жинап, Орда қаласындағы А.Н.Щелкованың меншікті баспаханасын ұйымдастыруға көмектеседі. Сөйтіп 1911 жылдың наурыз, мамыр айларында орыс баспаханасынан «Қазақстан» газетінің алғашқы екі нөмірі жарық көреді. Бүл туралы газет қызметкері С.Меңдешев «Бөкей даласындағы 1916 жылғы көтеріліс» деген мақаласында сөз еткен.

Газетті шығарушылар екі нөмірі жарық көргеннен кейін редакцияны Орда қаласынан Орал қаласына көшіреді. Оған патша әкімшілігінің цензурассыз шыққан басылымның әр мақаласынан кінә тауып, авторларды қудалауы себеп болған.

Редакция ұжымы Оралға көшіп келген соц Мұтиғолла Тухватуллин, Ғабдолла Тоқай, Камин Тухватуллин, Мұхамед-Ғали Мусин сияқты татар қызметкерлерінің араб әрпімен өз тілдерінде газет, журнал шығарып тұрған баспаханасын несиеге сатып алады. Қарыздан бірден құтылу оңайға түспейді. Соның зардабынан редакция қызметкерлері газет шығару орнына үш-төрт ай бойы жекелеген мекемелер мен адамдардың заказдарын орындау үшін уақыттарын кетіреді. Ақыры қарыздан құтылудың басқа амалы болмаған соң елден газеттің тұңғыш санына байғазы сұрап, ақша жинайды. (Ғ.Қарашев „Баку" «Қазақстан», 1912, №8) , үш жыл ішінде 18 нөмірі жарық көреді. Оның кейбір нөмірлерінде орыс, қазақ, татар тілдерінде жазылған материалдар жарняланған.

Газет 1913 жылы жабылады. Редакция ұжымы басылымның жабылуы себебін «Құрмет иесі оқушыларымызға» деген мақалада қаржының жетіспеушілігінен деп көрсеткен. Ал, негізгі себеп газеттің прогресшіл — демократиялық сарынынан қорыққан патша әкімдерінің кертартпа әрекетінен еді. Басылымның редакторы - Елеусін Бұйрин болды.

«Қазақстан» жариялаған материалдарында ел ішіндегі саяси мәселелерге баса көңіл бөлді. Мәселен, 1912 жылы Ленадағы жұмысшылар ереуілін жергілікті қарапайым шаруа, кедейлерінің сана-сезіміне түсінікті боларлыктай, яғни таптар арасындағы қайшылыққа терең талдау жасай жазған. Сөйтіп, капиталистер мен жұмысшылардың өзара келіспеушілік себеп-сырын ашьш көрсеткен.

Онда «Бұл күнде үлкен байлар жүн-тері, ғаир нәрселерді сатып алып, фабрикаларда, заводтарда, басқа да керек нәрселерді сату үшін күн бұрын жасатып алады. Бұл іске байлардың өзі қол тигізбейді, бәрін де қызметшілер жасайды. Сондықтан бұл күнде қызметшілер көп. Әрбір заводта, фабрикада 40-50 мың кісі қызмет етеді. Бұл күндері халық екіге бөлінулі; бір жағы байлар, екінші жағы қызметшілер. Байлар арзан жалдаймыз деп һәм таң атқаннан кун батқанға дейін қызмет еткіздіреміз дейді. Қызметшілер айтады; біз тиісті ақымызды аламыз һәм күніне 8-10 сағаттан артық істемейміз дейді. Егер байлар бұлардың дегенін істемесе, қызметтен бас тартып, бірнеше ай жатады. Бұны забастовка дейді. Забастовкадан заводта, фабрикада қызмет тоқтайды. Бул байларға үлкен зиян болады. Сол себепті осы уақытта байлар қызметшілердің дегенін етіп, қайта қызметін істейді", - деген жолдар бар.

Осы мақаладағы көзге түсер екінші ерекшелік, капиталистер мен жұмысшылардың арасындағы қайшылық қазақ қоғамының тұрмысымен салыстырыла жазылған, үшінші ерекшелік, ереуілдің турлері мен мақсаттарына көңіл бөлінген. Мақалада, «Екі турлі забастовка болады. Біреуі "экономическая", екіншісі - „политическая", - деп түсіндіріліп, олардың алдына қойған мақсаттарына тоқталады. Экономикалық ереуілді жумысшылар жекелеген мақсаттары үшін (жалақыны арттыру, баспана, тамақ т.б. мәселе төңірегінде, ал саяси ереуілді саяси билікті -өз қолына алу үшін ұйымдастыратынын түсіндіреді.

Төртінші ерекшелік, мақалада «Үркіт губерниясында; Лена деген өзенде жалданып алтын қазып жатқан, қызметшілер бір айдан бері забастовка жасап жатыр еді, ақырында әскер шығып, осы 4 сәуірде қарсы болған қызметшілерді атты. Табанда 119 кісі елді, 350-ден артығырағы жараланды. Бұл жаралы кісілерден 100 кісі өлді», — деген жұртты ашындьра түсетін хабар стилінде жазылған мәліметтер бар. Бұдан да газеттің ұстанған бағытын тану қиын емес. Мақаланың авторы кім екені белгісіз. Профессор Қ.Бекқожин: «Тегінде бұл мақаланың авторы я ұйымдастырушысы Орал большевиктерінің бірі болу керек. Қазақ еңбекшілері арасында революциялық идеяны тарату үшін Орал большевиктері "Қазақстан" газетінің редакдиясымен келісуі бойынша оның бетін пайдалануы әбден мумкін",-деген болжам айтады. Біздіңше, редакция қызметкерлерінің бірі жазуы да мүмкін. Мәселен, Ғ.Қарашев не -Б.Қаратаев. Қалай болғанда да сол кезең жағдайын, оның ерекшелігін мақала авторының жақсы білгені аңғарылады.

Екінші жағынан „Қазақстан" газеті феодалдық заманның күні өтіп, қоғамдық жаңа қатынастар туа бастағанын, ендігі жерде қазақтардың жалғыз мал шаруашылығымен күнелте алматынын, отырықшылыққа көшіп, егіншілік, сауда кәсіптерімен айналысу керектігін насихаттады. Газет өзінің бас мақаласында жер-судың тартылу себептеріне тоқталып талдау жасайды.

Мәселен, ішкі Орданың көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданатын шаруашылық қарамағында 1801 Жылы 700 десятин жер болса, XX ғасырдын басында әрбір шаруаға 25 десятинадаи ғана үлес тигенін, оның себебі патшаның отарлау саясатын жургізуші әкімшілік орындарының жерді көп бөліп алғандығынан, жайылымдарды құм басып кеткенінен деп түсіндіреді.

Сондай-ақ „Қазақстанның" екінші нөмірінде жарияланған „Еңбек етсең емерсің" деген мақала жоғарыда айтылған «Хал-жайымыздағы» ойды дамытып, тұйықтан шығу жолы — отырықшылыққа көшіп, егін өсірумен шұғылдану екенін халыққа түсідіреді.

Басылымның 1912 жылғы 11 -нөмірінде Б.Қаратаевтың „Азаматтарта бір-екі ауыз сөз" деген мақаласы жарияланады. Онда автор көшпелі өмірдің күні өтіп бара жатқанын, көшпелі өмір және ескі әдеттер қазақты ғылым мен білімнен мақрұм қалдырғанын, "балуан бірді, білімді мыңды жығатынын" айтып, жұртты отырықшылық өмірге бет бұруға, пайдалы кәсіппен шұғылдануға, балаларды оқытуға шақырады.

Бул мысалдарға қарап газет тек жалаң насихатшылықпен айналысатын материалдар жариялаумен шектелген деген ой туындамауы тиіс. «Қазақстанда» нақты ұсыныстар мен пікірлер жасаған еңбектер де болған. Мәселен, Ғабдолла Копжасаров деген автор газеттің 1912 жылғы 11 нөмірінде жарияланған мақаласында товарищество (серіктік) туралы айтып, „Оқыған адамдар бас болып, халықтың басын құрап, екі я үш болысты біріктіріп, товарищество жасап, жиналған ақшаны жер-жерден лавка ашып, сай-саланы бөгеп, товариществода үлесі бар егіндік, пішендік жерлерін суарып беріп көрсетсек, халық пайдасын көрген соң өздері-ақ ұмтылар еді. Товариществоның бір пайдасы — халықты бірлікке үйретеді, бірінің-біріне сенімі арттады",-деп жазды.Екінші бір нақты ұсыныс жасаған автор Мухамедқали Орақбаев. Ол 1912 жылдың 7-нөміріндегі мақаласында „Әр нәрсеге білік пен бірлік немен болады? Білік болмай, бірлік болмайды», -дейді. Бұл айтылғандардан жұрт не істеу керектігін нақты білді. «Қазақстан» газеті «Айқап» журналында жарияланған мақаллаарғ,а да үн қосып, қолдап отырғанымен мал шаруашылығы, отырықшылық, қала болу мәселесіне келгенде пікір таласына да барып қалады. Бұл факті де газеттің өзіндік ерекшелігін, прогресшіл ролін танып, біле түсуімізге көмектеседі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет