Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Алаш басылымдары және білім беру мәселелері



бет56/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Алаш басылымдары және білім беру мәселелері



  1. Ғылыми-танымдық басылымдар

Ғылыми журналдар – ғылыми-зерттеулер мен жаңалықтарды насихаттап, жұртшылыққа таныстырып отыратын салалық не ғылыми-көпшілік мерзімді басылымдар. Ғылыми журналдар жедел ақпарат беру құралы ретіндегі баспасөздің бір саласы болғандықтан, оқырмандарға ғылыми жаңалықтарды уақтылы жеткізіп тұратын, сондай-ақ жаңа зерттеу жұмыстарын сарапқа, талқылауға және ғылыми айналымға ұсынатын маңызды басылымдар болып табылады. Олардың ғылым мен техниканың дамуы мен жетістіктеріне қосатын үлесі елеулі.

Ғылыми журналдар оқырмандардың белгілі бір тобына немесе жалпы көпшілікке арналуына байланысты таза ғылыми журнал және ғылыми-көпшілік журналдар болып жіктеледі. Таза ғылыми журналдарға ғылымның белгілі бір саласына, соған орай тек сол саламен айналысатындар мен әуестенушілердің шектеулі тобына арналған журналдарды жатқызуға болады. Мысалы, «Қазақ тілі мен әдебиеті», т.б. Ал ғылыми-көпшілік журналдарға ғылыми негіздегі, бірақ тақырып аясы шектеусіз, жалпы халыққа арналған журналдар жатады.

Қазақстанда шығатын мұндай ғылыми-көпшілік басылымның ең алғашқыларының бірі – ай сайын шыққан «Зерде» (бұрынғы «Білім және еңбек») журналы болды. Кейін республикада әр түрлі ғылым салалары бойынша шығатын салалық, сонымен қатар ғылыми-көпшілік, ғылыми-танымдық, ғылым-педагогикалық журналдар саны көбейді. Мысалы, «Ізденіс – Поиск», «Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының хабаршысы», «Известия Академии наук Республики Казахстан», «Вестник Академии наук Республики Казахстан», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ақиқат», «Қазақстан мектебі», т.б

«Білім және еңбек» («Зерде») журналы

1960 жылдан басгап «Білім және еңбек» деген шығып келген бұл ғылыми көпшілік басылым 1987 жылдан бері «Зерде» деп аталады. Тұңғыш редакторы Абдул-Хамит Мархабаев.

Журнал мектеп оқушылары мен көпшілік қауымды ғылым жаңалықтарымен таныстыру, жұмбақ дуниедегі адамға бұрын-соңды малы болған ғажайыптар туралы айтып беру, сол арқылы жасөспірім оқырманының өмірге көзқарасын қалыптастыру жолында табыссыз еместігін айта кеткен жөн. Журнал, әсіресе, редакторлары: Б.Қойшыбаевтың, А,Сейдімбековтың тұсында жақсы материалдарымен көзге түсті.

Журналдың бас айдарлары; „Асыл мұра", «Ғылым көкжиегі», «Сауал қойған екенсіз», «Жас ғылым мінбері», «Дүние жатқан жұмбақ», «Дөңгелек - жас шеберлер клубы», «0қып туған», „Жас ғалым зерттеу жүргізеді», „Жақсыдан ғибрат" деп аталады. Мәселен „Зерденің" 1995 жылғы 1-санында Хасен І^жа-Ахметтің „Біз демократияны білеміз бе? Б.Шланованың «Шешендік тәлім-тәрбие", Ә.Оразалиеваның П.М. Мелиоранскийдің қазақ тілін зерттеуі, БТілепиннің „Шопан ата", „Сексек ата" тағылымдары деген танымдық материалдары жарияланған.

«ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМІ» ГАЗЕТІ

Оқу-ағарту ісін қазақ жерінде насихаттау соңы XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың алгашқы жылдарында-ақ басталған. Кезінде „Дала уалаятының газеті", „Қазақстан", „Қазақ" газеттерінен бастап, „Айқап", „Мұғалім" журналдары қостап, „Қазақстан мектебі" одан әрі жалғастырсаң басқа да басылымдарда оқу-ағарту ісіне байланысты талай-талай ілгсрі істер қаралып, көптеген материалдар жарияланған.

Бірақ бертін келе осының барлыгы да аздық етті. Оның үстіне заман озгеріп білім, ғылым дамыған сайын көш соңында қалып қоймау міндсті тұрды. Сондықтан да болар 1952 жылдан бастап екі тілде қазақша және орысша «Қазақстан мұғалімі» ("Учитель Казахстана") газеті шығарыла бастады. Алгашқы редакторы О.Құдышев. Бұл басылым оқу минисгрлігінің басқармасы мен бастауыш және орта мектеп қызметкерлеріне яғни, мұғалімдерге, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттерге көмскші әрі нұсқаушы құрал ретінде есептелді.

«ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ» ЖУРНАЛЫ

Қазақ баспасөзінің тарихыңда өзіндік орны бар „Қазақстан мектебі" „Жаңа мектеп" аталып, жарыққа шыққан алғашқы сандарынан-ақ бұл басылым бір ғана мақсатқа — қазақ мектебіне, қазқ мұғалімдері мен оқытушыларына жәрдемші болу ісіне қызмет етіп келеді.

Журнал өзінің тұңғыш саныңда жарияланған „Жаңа мектеп" шығару неге керек болды?" деген макаласында қазақ халқы үшін ауыр сын кезең туғаны осындай аласапыран уақытта оқу-білім жұмысы жесірлік күй кешіп, қазак, қауымы сауатсыздык, құрсауында қалу қаупі төнгенін көрсетіп, „бұл күйде қалу жарамайды. Бұл күйде қалуды тарих кешірмейді", - дей отырып одан әрі қазақтың „ыңыранған сары даласын көркейту, гүлденту» мақсатымен республикалық оқу коммисариаты ашылғанын, оның оқу-білім жұмысына, майданына арналған бір журналды шығаруды қолға алганын оқырман қауымға қуана хабарлайды. Қорытындысыңда бұл журнал — „Жаңа мектептің" мақсаты „қысыр пәлсапа соғу емес, қазақ мектебіне араласу, қазақ оқытушыларының күнбе-күндік жұмысына жәрдемші болу", - деп түйеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет