Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты



бет52/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

«ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ» ЖУРНАЛЫ

Қазақ баспасөзінің тарихыңда өзіндік орны бар „Қазақстан мектебі" „Жаңа мектеп" аталып, жарыққа шыққан алғашқы сандарынан-ақ бұл басылым бір ғана мақсатқа — қазақ мектебіне, қазқ мұғалімдері мен оқытушыларына жәрдемші болу ісіне қызмет етіп келеді.

Журнал өзінің тұңғыш саныңда жарияланған „Жаңа мектеп" шығару неге керек болды?" деген макаласында қазақ халқы үшін ауыр сын кезең туғаны осындай аласапыран уақытта оқу-білім жұмысы жесірлік күй кешіп, қазак, қауымы сауатсыздык, құрсауында қалу қаупі төнгенін көрсетіп, „бұл күйде қалу жарамайды. Бұл күйде қалуды тарих кешірмейді", - дей отырып одан әрі қазақтың „ыңыранған сары даласын көркейту, гүлденту» мақсатымен республикалық оқу коммисариаты ашылғанын, оның оқу-білім жұмысына, майданына арналған бір журналды шығаруды қолға алганын оқырман қауымға қуана хабарлайды. Қорытындысыңда бұл журнал — „Жаңа мектептің" мақсаты „қысыр пәлсапа соғу емес, қазақ мектебіне араласу, қазақ оқытушыларының күнбе-күндік жұмысына жәрдемші болу", - деп түйеді.

Жаңа басылым жұмысына қазақтың осы кезеңдегі қайраткерлері, ақын-жазушылары, ағартушылары мен оқытушылары тегіс қолқабыс тигізуге ұмтылды» „Жаңа мектептің" редакторы Молдағали Жолдыбайұлы, алқа мүшелері: Байтұрсынұлы, Шонаұлы, Сүлейұлы, Сейфоллаұлы, іс жүргізетін басқарушысы - Нұрымұлы болса, жазушылары: Байтурсынұлы, Жолдыбайұлы Омарұлы Елдос, Сәдуақасұлы Смағұл. Дулатұлы, Сейфоллұлы, Шонаұлы, Майлыұлы, Сүлейұлы, Аймауытұлы, Мұқанұлы Есқалн, Малдыбайұлы Біләл, Ермеку Әлімхан, Сматулы Мұхтар, Әуезұлы Мұхтар, Мырзаұлы Мұхтар, Бөкейханұлы, Тоқай Темір, Жусіпбекұлы Қамзалар болды.

„Жаңа мектеп" I961 жылдан бастап „Қазақстан мектебі" атын өзгертті. Даму жолы буралаң, тағдыр тауқыметі мол қазақ мектебі бүл кунде кәсіби көмекке айрықша зәру. Егемен еліміздің бірнеше ғасырға созылған бодандык, бұғауынан сытылып шығып, тәуелсіздікке қол жеткізуі қазак, мектебіне де азаттық әкелді.

Қапақ баспасөзі тарихынан тұңғыш педагогикалық журнал ретінде ғана емес, педагогикалық жұмыстың ор саласы бойынша туған бірнеше кдсіби журналдардың үлкен шаңырағы да осы журнал. „Қазақстан мектебінің" әр жылдардағы қосымшалары болып ашылған „Русский язык н литература в казахской школе" журналы 1978 жылы, „Бастауыш мектеп", „Отбасы және балабақша" журналдары 1994 ж ылдың шілде айынан бөлініп шығып, жеке-жеке шаңырақ көтерді. 1990 жылы „Қазақ тілі мен әдебиеті" журналының қайта құрылуына да «Қазақстан мектебі" журналы тікелей атсалысты.

Редакция шаңырағынан үш журнал — „Қазақстан мектебі", „Информатика-физика-математика", „Қазақ тарихы" шығады, Соңғы екеуі қосымша атанғанымен оқырман үшін өз алдына бір-бір журнал ретінде есептеледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет