Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Міржақып Дулатұлы – публицист



бет77/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Міржақып Дулатұлы – публицист

М. Дулатов 1885 жылдың 25 қарашасында бұрынғы Торғай болысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында, қазіргі Торғай облысының Жанкелдин ауданында Қызбел ауылында дүниеге келген. Екі жасында анасы қайтыс болған Міржақып 12 жасында әкесі Дулаттан айырылған соң ағасы Асқардың тәрбиесіне көшеді. Әкесінің ықпалымен ол да ағасы Асқар секілді көзі ашық орысша-қазақшаға жүйрік болып қалыптасады. Сол уақыттағы қазақ дәстүрімен алдымен ауыл молдасынан кейін Мұқан Тоқтабайұлы деген мұғалімнен дәріс алады. 1897 – 1902 жылы Торғай орыс-қазақ мектебінде оқып бітірген соң ауыл мұғалімі болып қызмет атқарады.

1904 жылы 19 жасында Міржақып қазақ зиялыларының сол кездегі орталығы Омбы қаласына сапар шегді. Омбыда жалпы қазақ жұртына танымал болып үлгерген А.Байтұрсыновпен жолығып кейін оның жақын досы үзеңгілес серігіне айналады. Онымен бірге Қарқаралыға жол жүреді.

Бұл – қазақ даласында аумалы-төкпелі заман басталған кезең болатын. Осындай кезде Байтұрсынов өзінен 12 жас кіші жас жігітке жол көрсетіп соңына ерте білді. Бұл - М. Дулатов өміріндегі жарқын жолға айналып қалды. Ол тіпті ұстаз-жолдасы А. Байтұрсыновпен қатар танылып жұрты оларды Ақан-Жақан деп атайтын болған.

1909 жылы алғашқы қарлығаштардай болып үш өлең кітабының баспадан жарық көруі халықты дүр сілкіндірген жаңалық болды. Алғашқы кітап - Абай өлеңдері жинағы (Петербургтен Кәкітай бастырған) болса екіншісі А. Байтұрсыновтың «Қырық мысалы», үшіншісі М. Дулатовтың «Оян қазағы» болатын.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет