МАГИСТРАНТТАРҒА НҰСҚАУЛЫҚ
1.1.Магистранттың педагогикалық тәжірибесі магистранттарға білім беру бағдарламасындағы психологиялық-педагогикалық бағыттың негізгі компоненті болып табылады.
1.2.Магистранттың педагогикалық тәжірибесі:
магистранттың педагогикалық тәжірибесі бітіруші кафедраның
жасаған әдістемелік нұсқаулығына сәйкес;
бірінші семестрде университеттің ғылыми кеңесімен бекітілген
магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес;
кафедра меңгерушілерімен бірлесіп жасалған білікті оқытушылардың сабақтарына қатысу және өткізудің күнтізбелік кестесіне, педагогикалық тәжірибенің жеке жоспарына сәйкес;
педагогикалық тәжірибе өтетін жоғары оқу орнының қосымша талаптарына сәйкес өткізіледі.
Магистратурадағы педагогикалық тәжірибенің негізгі мақсаты – гуманитарлық мәдениеттің жоғары деңгейіндегі педагог-зерттеуші тұлғасын, педагогикалық процестің жоғары мектебіндегі заманауи технологияны меңгерген, білім берудегі инновациялық қызметке дайындықты меңгерген тұлғаны қылыптастыру.
Педагогикалық тәжірибенің міндеттері:
қазіргі заманғы педагогтың жаңа талаптарды меңгеруі;
университет оқытушысын ғалым, педагог, тәрбиеші, қоғам қайраткері ретінде көп қырлы жұмыстарымен таныстыру;
жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру;
Магистранттар зерттеу тәжірибесінен өту кезеңінде мекемелердің ішкі тәртіп жағдайына толық бағынуы керек.
1.6. Магистрант ЖООКББ факультеті дайындаған «Магистранттың педагогикалық тәжірибесінің бағдарламасына» сәйкес педагогикалық тәжірибенің есебін уақтылы тапсыруы қажет.
1.7. Магистранттың күнделікті толтыру реті:
Күнделікті толтыру міндетті түрде кафедра тапсырмасымен және тәжірибенің өту кестесімен сәйкес болуы қажет;
Магистранттың күнделігі күн сайын толтырылып, кемінде аптасына бір рет жетекшісі тексеріп отыруы керек;
Күнделікке магистрант атқарған барлық жұмыстар енгізіледі;
Күнделікке тәжірибе жетекшісі қол қояды және оны есеппен бірге кафедраға өткізеді.
1.8. Магистранттың педагогикалық тәжірибесінің нәтижесі 100 балдық бірлікпен есептелінеді. Тәжірибе жөніндегі есеп күнделіксіз қорғауға жіберілмейді. Күнделікті анық етіп толтыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |