|
«Жалпы дәрігерлік тәжірибе негізі» мамандығы бойынша 5 курс студенттерге
Қорытынды аттестацияға (ҚА) арналған тесттік тапсырмалардың (ТТ) МАТРИЦАСЫ
№
|
Тақырып
|
Тапсырмалар саны бір дұрыс жауаппен (MCQ) –БТТ-ТТ 100% көлемінен, оның ішінде:
|
Тақырып бойынша БТТ-ң барлық тапсырма
|
Тақырып бойынша БТТ бойынша тапсырманың үлес, %*
|
1
деңгей
|
2
деңгей
|
3
деңгей
|
|
ЖТД ұйымы
|
6
|
12
|
12
|
30
|
15 %
|
|
Ішкі аурулар
|
44
|
63
|
63
|
170
|
85 %
|
|
Қорытынды
|
50
|
75
|
75
|
200
|
100%
|
ЖДТ №1 бойынша
кафедра меңгерушісі Тажиева А.Е.
БМСК ұйымы 1*9*1*
#1
*! Аймақтық отбасылық дәрігерге қарасты қалыпты халық саны:
#2
*! Медициналық білімі жоқ тұлғалармен көрсетілген шұғыл көмек, аталады:
#3
*! Әлеуметтік-қорғансыз топтарына ең ықтимал жататындар:
#4
*! ГОБМП қа сәйкес кеңес-диагностикалық көмектің бір рет аяқталған жағдайына байланысты арнайы маман кеңесі қанша рет рұқсат етіледі:
#5
*! «Алдын алу» ұғымы аудармада білдіреді:
#6
*!Үшінші медициналық тексеру тобына қандай халық топтарын жатқызады?
#7
*! Дәлелді медицинаның неше деңгейі бар ?
#8
*! Клиникалық зерттеуге қатысушы пациенттің құқықтарын кепілдендіретін құжатты көрсетіңіз?
#9
*! Емханадағы статистикалық талондар қаншалықты жиі өңделеді?
*БМСК ұйымы 2*12*2
#10
*! Біріншілік медико-санитарлы көмек көрсету жүйесінде жетекші рөл:
#11
*! Госпитализация кезінде науқастың өзімен бірге болған зерттеу қорытындылары неше күнтізбелік күнннен аспауы тиіс:
#12
*! Жоспарлы түрде жатқызылған науқастарға инвазивті емдеу әдістерін жүргізу үшін қандай зерттеу әдісі ЕҢ тән?
#13
*! Скрининг мақсаты:
#14
*! Урологта тексерілу, жалпы (ПАА) жалпы минимальды деңгейі бар адамдар арасында саусақ-ректалды зерттеуі(СРЗ) жүргізіледі:
#15
*! Диспансеризация деген не?
#16
*! Диспансеризацияның негізгі мақсаты болып табылады?
#17
*! Диспансерлеудің тиімді көрсеткіші не болып табылады:
#18
*! Клиникалық зерттеу жүргізуді ұйымдастырудың жалпы қағидаларына тиістісін көрсетіңіз?
#19
*! Зерттеу нұсқаулығында не баяндалады?
#20
*! Құжаттарды мазмұны бойынша іздеу процесі қалай аталады ?
#21
*! Емханада қандай параметрлерге қарай статистикалық талондар өңделеді?
*БМСК ұйымы 3*9*1
#22
*! Стационарлық орынбасушы көмекті үй жағдайында көрсету:
#23
*! Үйге шақырылым қызметін пайдалануға ЕҢ ықтиал көрсеткіш болып табылады:
#24
*! Жүрек-қан тамыр жүйесінің төменгі қауіп қатері(1%-ға дейін SCORE шкаласы б-ша)бар адамдар үшін қандай ұсынсытар өткізіледі?
#25
*! Науқасқа қайғылы жағдайды жеткізу мақсатында дәрігердің қолдануға тиіс жауап нұсқасын анықтаңыз:
#26
*! Науқас Ж., 55 жаста, 10-15жылдан бері артериалды гипертензия II дәрежесімен зардап шегеді. Бір жыл алдын Q тісшесімен алдыңғы қалқа аймағының миокард инфарктін басынан өткізді.
#27
*! Диспансерлеудің бірінші кезеңнен кейін кейбір науқастарға диспансерлеудің келесі кезеңінен өтуді ұсынады.
Диспансерлеудің екінші кезеңін қолдану қандай мақсатта ЕҢ ықтимал?
#28
*! Анықтамалардың қайсысы ЖТД құзыреттілігін жақсы сипаттайды?
#29
*! Дәрігерлік кадрлармен халықтың қамтылуын қалай есептеуге болады?
#30
*! Жүктілік аяқталған әйелдердің экстрагениталды ауруларының жиілігін қалай есептеуге болады?
* Ішкі аурулар. Кардиология *1*7*1*
#31
*!Тұрақсыз стенокардия бұл:
#32
*! Қандай патологиялық жағдайға резорбциялы- некроздық синдром ЕҢ тән?
#33
*! Стенокардияның ауыр ағымы мына науқастарда байқалады:
#34
*!Артериальді қан қысымының деңгейін анықтайтын ЕҢ ықтимал көрсеткіш қайсы?
#35
*!Жүрек ырғағының жетекшісі болып табылады:
#36
*!Венкебах-Самойлов кезеңдеріне ЕҢ тән:
#37
*!Сол жақ қарыншаның созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісін көрсетініз:
*Ішкі аурулар. Кардиология *2*9*1*
#38
*!Әйел 60 ж. Шағымдары 500 метрден көп жүрген кезде, ұзақтығы 2-3 минут төс артындағы қысатын ауру сезіміне, нитраттарды қабылдаған кезде ауру сезімі басылады. Төс артындағы ауру сезімін далаға суық желді ауа райына шыққан кезде байқайды. Объективті: пульс 86 рет минутына, АҚҚ 140/90 мм с.б. Жүрек тондары бәсең, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ритм синусты, дұрыс, жүректің соғу жиіліг 75 минутына. Жүректің электрлік ось горизонтальді орналасқан.
Қандай диагноз ЕҢ ТИІМДІ болып табылады?
#39
*!Әйел адам 60 жаста, дене салмағы шамадан тыс, 200 метр жүрген кезде төс артындағы ауру сезімі бойынша кардиологтың бақылауында тұр, ауру сезімі нитраттармен басылады. Коронарографияда: коронарлы артериялардың негізгі бұтақтарында атеросклерозды өзгерістер жоқ.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ТИІМДІ болуы мүмкін?
#40
*!Ер адам 49 ж. Бұрын остеохондрозбен ауырған. Соңғы айда жүрген кезде сол қолға берілетін жауырын аралығында интенсивті, қысатын, басатын ауру сезімі пайда бола бастады. Ауру сезімі 2 минутқа созылады және тоқтаған кезде қайтады. ЭКГ қалыпты.
Қандай диагноз ЕҢ ТИІМДІ?
#41
*!Ер адам, 54 жаста шағымдары нитроглицирин қабылдағаннан 10 минуттан кейін басылатын жауырын астына берілетін төс артындағы қысатын ауру сезіміне. Ауру сезімі 1 жыл шамасындай, ай сайын 1-2 рет таңертең пайда болады.
ЭКГ аурудың ұстамасы кезінде қандай бұзылыстар тіркеледі?
#42
*!Әйел 60 ж, шағымдары оянғаннан кейін самай аймағындағы басының ауруына, көз алдында шіркеулердің ұшуына, құлақтағы шу. Бойы - 165, дене салмағы 62 кг. Жағдайының нашарлауы бір апта бойы. Қарап тексергенде: жүрек шекарасы солға қарай ұлғайған, жүрек тондары бәсен, ЖСЖ 88 минутына, АҚҚ 150/85 мм. с.б. ЖҚА,ЖЗА патология жоқ.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы тиімді?
#43
*!Әйел, 67 жаста, шағымдары шүйде аймағындағы басының ауруына, тез шаршағыштыққа, кешке қарай табандарының ісінуіне. Төрт жыл бойы артериальді қан қысымы жоғарлайды, соңғы жылдары 180/110 мм с.б. дейін. Объективті: жүрек шекаралары солға қарай ұлғайған. Жүрек тондары бәсен. ЖСЖ 85 минутына. АҚҚ 185/100 мм с.б. Қанда ренин деңгейі төмендеген.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ТИІМДІ?
#44
*!ЭКГ-да R-R интервалының 0,3-0,4 сек-қа дейін күрт қысқаруы (0,1 сек-тан аз), ЖСЖ 160тан 250 ге дейін минутына, ырғағы қалыпты:
Аталған ырғақ бұзылыстарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
#45
*!27 жасар әйел жүрек қағуына, жүрек тұсындағы ауру сезіміне және жүректің шалыс соғуына, жалпы әлсіздікке, ентігуге шағымданады. Бала кезінен жүректің ревматикалық ауруымен ауырады. Объективті тексергенде: жүректің соғу жиілігі – 118 рет минутына, пульсі – 82 рет минутына. Артериальды қысымы 110/70 мм с.б.б.
Аталған ырғақ бұзылыстарының қайсысы болуы МҮМКІН?
#46
*!Әйел 25 жаста шағымдары жүрек қағысына, жүрек аймағыдағы шаншыған ауру сезіміне, әлсіздікке, ентігу. Бала кезінен бастап жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен аурады. Объективті: Тері жабыңдылары таза, бозғылт, балтырларында ісіну. Жүректің салыстырмалы шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1,5 см. солға қарай ығысқан. Жүрек ұшында I тон әлсіреген, систолалық шум, өкпе артериясында II тонның акценті естіледі. ЖСЖ 96 минутына. АҚҚ 100/70 мм с.б.
Берілген симптоматика жүрек жеткіліксіздігінің қай сатысына сәйкес келеді?
* Ішкі аурулар. Кардиология *3*7*1*
#47
*!Ер адам 55 жаста шағымдары ұзақтығы 30 минут, сол жақ кеуде қуысындағы күйдірген ауру сезіміне, бірнеше нитроглицерин таблеткасын қабылдағаннан кейін ЭКГ анықталды:QS және ІІ, ІІІ, AVF әкетулерінде ST сегментінің элевациясы.
Осы электрокардиограмма миокард инфарктісінің қандай локализациясына тән?
#48
!*Ер кісі 67 жаста, таңғы сағат 5-те төс артындағы 10 минутқа жуық күйдіріп ауырсынудың пайда болуын айтады. Ауырсыну нитроглицеринмен басылады, бірақ пролангирленген нитраттарды қолданғанда таңертеңгі ұстамалар басылмайды. Күні бойы физикалық күштемеге жоғары төзімділік сақаталады.
Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?
#49
*! Науқас 54 жаста, тыныш қалыпта пайда болатын төс артындағы қысып ауыру сезіміне шағымданады, ауырсыну сол қолға беріледі, әлсіздікке және мұздай тердің шығуына әкеледі, нитроглицеринді қабылдағанда басылады. Анамнезінде –ЖИА. АҚҚ 200/100 мм.с.б.б дейін көтеріледі.
Бұндай жағдайда дәрігер қандай тактика қолданады?
#50
*!Әйел 55 жаста, шүйде аймағындағы басының ауруына, тез шаршағыштыққа шағымданады. 4 жыл бойы артериальді қан қысымы 170/110 мм с.б. дейін жоғарлайды. Объективті: жүрек шекаралары солға қарай ұлғайған. Жүрек тондары бәсең. ЖСЖ 88 минутына. Артериальді қан қысымы 160/100 мм с.б. Қанда ренин деңгейі төмендеген.
Төменде көрсетілген дәрілік заттардың қайсысы тиімді болып табылады?
#51
*!Ер адам 63 жаста артериальді гипертензия және жүректің ишемиялық ауруы бойынша қаралып жүр. ЭКГ II сатыдағы АВ блокада Мобитц бойынша II тип анықталған. Осы науқасты емдеуде төменде көрсетілген қай препараттар абсолютты қарсы көрсеткіш болып табылады?
#52
!*Ер кісі 57 жаста, шамалы физикалық күш түскенде айқын ентігуге, АҚҚ 100/70 мм.сбб , есін жоғалту ұстамалары болады. ЭКГ да QRS кешені және Р тісшесі арасында толық диссоциациясы байқалады.
Төменде аталған қайсы емдеу тактикасы ең мақсатты?
#53
*! Ер кісі 60 жаста, аймақтық терапевте артериялық гипертензия, ЖИА жөнінде ем қабылдайды. Соңғы кездері ентігу, шамалы физикалық күштемеде жүрегінің соғуы, аяқтарының ісінуі мазалайды. Гипотензивті ем тағайындайды, жағдайын жақсартады, бірақ зерттеу барысында қанның биохимиялық анализінде калий 6,4 ммоль/л болды.
Тағайындалған препараттардың қайсысы қандағы өзгеріске әкелуі мүмкін?
* Ішкі аурулары.*Пульмонология *1*6*1*
#54
*! Тыныс алу жолдарының обструкциясы және оның қайтымдылығы мына зерттеулерді жүргізгенде анықталуы:
#55
*! Қандай құрал ауа ағымының жылдамдығын жеке бақылауға арналған ?
#56
*!Өкпе созылмалы обструктивті ауруында жылына қанша өршу белгілері жиі болып саналады?
#57
*!Тыныс жеткіліксіздігінің айқын негізгі клиникалық көріністері болып табылады:
#58
*!Қандай қоздырғыш пневмонияның дамуында атипті микрофлора болып табылады?
#59
*! Негізгі ауруханадан тыс пневмония қоздырғышы ?
* Ішкі аурулар.*Пульмонология *2*9*3*
#60
*! Жасөспірім 17 жаста, кеуде клеткасының басып тұрғандай сезімі мазалайды, сырылдардың естілуіне әкеледі. Мұндай жағдай соңғы 3 жылда жаздың аяғы мен күздің соңғы айларында байқалады. Қарау барысында ағзалар мен жүйелерде патологиялық өзгерістер анықталмады.
Диагнозды анықтау үшін қандай қосымша зерттеу тәсілдері қолданылады?
#61
*!Ер кісі 22 жаста, жалпы тәжірибелі дәрігерге тез жүру кезіндегі тұншығу ұстамасына, сонымен қатар түнгі уақыттағы кеуде торының қысу сезімі мен ентігуден ұйқысынан оянуға, қиындықпен бөлінетін тұтқыр қақырыққа, жас ағуға, мұрнынан су ағуына шағымданып келді. Бұл симптомдар көктем-жаз мезгілдерінде 3-4жыл көлемінде байқалады. Тексерулер жүргізілді, спирографияда қайтымды бронхиальды обструкция синдромы қойылды, форсирленген шығару көлемі қажетті өлшемнің 70% құрады. Қайтымды обструкцияның патоморфологиялық негізі болып табылады?
#62
*! Қабылдауға дене шынықтыру сабағында пайда болған ысқырықты сырылға, мұрынның бітелуіне шағымданып жасөспірім келді. Түшкіру,мұрынның бітуі, жас ағу мамыр айынан қар түскенге дейін жалғасады. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабыны қалыпты түсте, мұрнымен сөйлеу және мұрнынан көп мөлшердегі шырышты бөлінділер бөлінді. Перкуторлы өкпе үстінде өкпелік дыбыс, аускультативті везикулярлы тыныс.
Науқастың диагнозы қандай?
#63
*! 57 жастағы ер кісі, 13 жастан бастап күніне 1 қорап темекі шегеді. Спирография бойынша зерттеу нәтижелері өкпенің вентиляциясы бұзылған обструктивті типі қойылды, ФТШК1/ФЖЕЛ 70% аз, ФТШК1< 50% арақатынаста болды. Өзінің ауруының симптомын MRC шкаласы бойынша 2 балл, CAT шкаласы бойынша 20 баллмен бағалады.
Қандай өкпенің созылмалы обструктивті аурудың қосымша белгілері бар науқасты D категорияға жатқызуға болады?
#64
*!60 жастағы ер кісі, 40 жылдан астам темекі тартады. Спирографияда ауыр дәрежелі ауа ағымының жылдамдығының шектелуі анықталды.
Науқаста төмендегі қай көрсеткіштер анықталды?
#65
*! Қабылдауда 67 жасар ер кісі тыныш қалыптағы ентігуге, үнемі аздап бөлінетін қаырықты жөтелге, ұйқысының нашарлауына шағымданып келді. Науқас өз алдына сыртқа шығудан жағдайы ауырлап кетеді деп қорқады. Дәрігер науқасты тексеру барысында науқасқа өзінің ауруын симптомдарын САТ шкаласы бойынша бағалауын ұсынды.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының САТ симптомдарын анықтау үшін шкалаға қандай симптом қосылған?
#66
*! Әйел 35 жаста аз бөлінетін шырышты қақырықты жөтелге, ентігу, қалтырау, 38,7 С температурасының көтерілуіне, кеудесінің ауруыына шағымданып келді. Жедел ауырған, суық тиюмен байланыстырады. 2 күн бұрын құрғақ жөтел, лихорадка, интоксикация белгілері өрши бастады. ТАЖ 24 рет мин. Аускультация кезінде: везикулярлы тыныстың әлсіреуі, оң жақ өкпенің төменгі аймағында майда көпіршікті ылғалды сырыл.
Сіздің болжама диагнозыныңыз?
#67
*!Көптеген жылдардан бері ревматоидты артритпен метотрексат қабылдайтын науқаста қалтырау, дене температурасының 39 С дейін жоғарылауы, аздап бөлінетін қақырықты жөтел мазалайды. Қарау барысында; ТАЖ 26 рет минутына, оң жақ жауырын арасы және жауырын асты аймақтарында перкуторлы дыбыстың қысқаруы, везикулярлы тыныстың әлсіреуі, майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Айтылған симптомдар ЖРВИ өткергеннен кейін пайда болды.
Төменде көрсетілген қандай қоздырғыш аурудың патологиялық үрдісінің дамуының себебі болуы мүмкін?
#68
*! Ауруханадан тыс пневмония кезінде антибиотиктерді тағайындаудың болжамды уақыты:
*Ішкі аурулар.*Пульмонология *3*6*1*
#69
*! Науқас 42 жаста ұзақ уақыттан бері жалпы тәжірбелі дәрігерде бронхиальды демікпемен емделеді. Будесонид 160мкг бір ингаляторда формотеролды да 4,5 мкг 2 ингаляциялық дозада тәулігне 2 рет қолданады. Дәрігердің кезеті қабылдауында бронхиальды демікпенің қайтымсыз клиникалық симптомдары анықталды.
Дәрігіер науқаста бронхиальды демікпенің қандай қайтымсыз симптомдарын анықтады?
#70
*! Науқас 30 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге жиі аптасына 1рет күндізгі тұншығу ұстамасына, бірақ күн сайын емес, түнгі уақытта айына 2 рет көп тұншығу ұстамасынан оянады, қиындықпен бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданып келді. Ұстаманы қажетті кезде сальбутамолды(вентолин) шашу арқылы басады. Спирография және пикфлоуметрияның нәтижелері: айтылған мөлшерден 1 секундтағы форсирленген тыныс шығару көлемі (ФТШК1) және пиктік тыныс шығару жылдамдығы(ПТШЖ) ≥80%.ПТШЖ немесе ФТШК1≤30% вариабельділігі. Дәрігер базисті терапия ретінде монотерапия ингаляциялық глюкокортикостероид(циклезонид) тағайындады.
Бронхиальді астмамен(БА) науқаста қай жағдайда базисті терапия ретінде ингаляционды глюкокортикостероидтармен монотерапия тағайындалады?
#71
*!Бұрын ешқандай аурумен ауырмаған 23 жасар ер кісі қатты қалтырау , тыныс алу кезінде кеуде қуысының сол бөлігіндегі ауру сезіміне, қызба және 4 күн бойы ылғалды жөтелге шағымданады. Қозғалған кезде ентігу және тез шаршағыштық байқалады. Көп мөлшерде бөлінетін темір тотықты қақырық және рентгенограммада: сол жақ төменгі бөлігінің инфильтрациясы анықталды. (гомогенді қараю). Төмендегілердің қайсысы болжама диагноз бола алады?
#72
!Әйел 35 жаста,жалпы тәжірибелік дәрігерге мынандай шағымдармен келді дене температурасының 38。С дейін көтерілуіне,шырышты аз бөлінетін сипаттағы қақырық пен қарқынды жөтелге. Өзін 10 күннен бері ауру санайды, ЖРВИ симптомдарынан кейін жедел басталған. Амоксициллин 2000 мг тәулігіне 5 күн қабылдаған,әсері болмаған.Қарап тексеруде: t 37,2。С. Тері жамылғысы қалыпты түсті, ылғалды.Өкпе үстінде оң жақта жауырын асты аймағында аускультацияда везикулярлы дыбыстың әлсіреуі, майда көпіршікті ылғалды сырылдар. Cor: тондары ырғағы дұрыс, анық. Пульсі 96 рет 1 мин. АҚҚ 100/60 мм сбб. Іші жұмсақ ерекшеліксіз.
Айтылған клиникалық жағдайда қандай препарат бірінші таңдайдаулы болып табылады?
#73
*!Қабылдауда еркек 58 жаста,күнделікті физикалық күш түскенде ентігуге,таңертеңгі жөтел және күн бойы шырышты қақырықтың бөлінуіне шағымданады. Темекі шегеді. Ұзақ уақыттан бері жөтеледі, бірақтан өзін соңғы 5-6 жылдан бері ауру санайды, жылдам жүрген кезед ентігуді, шамалы физикалық күштемеде ентігуді байқаған. Ентігу кәдімгі жұмыстарды жасаған кезде мазалай бастағаннан кейін жалпы тәжірибелі дәрігерге қаралған. Дәрігер аурудың симптомдарын САТ шкаласы бойынша бағалауға шешім қабылдаған.
Өкпе ауруының симптомдарын анықтау үшін САT шкаласына қандай симптомдар енгізілген?
#74
*! Еркек 63 жаста, темекі шегуден стажы 20 қорап/жылына, жалпы тәжірибелі дәрігерге экспираторлы ентігуге, қақырықпен бөлінетін созылмалы жөтелге шағымданады. Спирографиялық зерттеудің мәліметтері бойынша өкпенің вентиляциясы обструктивті типті бұзылысы қойылған.
Спирографиялық зерттеудің мәліметтері бойынша өкпенің вентиляциясы обструктивті типті бұзылысына ЕҢ тән?
* Ішкі аурулар.*Нефрология *1*6*3*
#75
*!Бактериурияның қандай дәрежесі (1 мл зәрде микробты денелер) шынайыға жатады:
#76
*!Зәрлік жолдарының инфекциясы кезінле қандай қоздырғыш ең жиі кездеседі?
#77
*!Созылмалы гломерулонефриттің диагностикасында қай әдіс алтын стандартты болып табылады?
#78
*! Жасөспірімдерде бүйректік протеинурияның ЕҢ ықтималды себеп қандай?
#79
*! Шумақтық фильтрацияның жылдамдығы 55 мл/мин болуы созылмалы бүйрек ауруының қандай сатысына сәйкес келеді?
#80
*!Төменде көрсетілген патологиялардың ішінде қайсысына нефротикалық синдромының дамуы тән?
*Ішкі аурулар.*Нефрология *2*8*2*
#81
*! Жасөспірім 17 жаста бас ауруына, құлақтағы шуына, беттің ісінуіне, «ет жуындысы» түсті зәрдің шығуына шағымданып келді, артериалды қан қысымның 160/105 мм с.б.б. көтерілген. Осы жағдайды сипаттайтын ЕҢ ықтимал себеп қандай?
#82
*!Ер кісі 30 жаста өткерген баспадан кейін беттің ісінуі, макрогематурия, АҚҚ көтерілуі болды.
Төменде аталған диагноздың қайсысы ең ықтимал?
#83
*!Ер адам, 42 жаста, ЖЗА- де салыстырмалы тығыздығы 1008, белок 5,6 г/л, лейкоциттер 5-7 көру алаңында, эритроциттер 7-10, цилиндрлер гиалинді 1-2, дәнді – 8.
Осы көрсетілген өзгерістер қай ауруға тән?
#84
*!Қай ауру үшін Нечипоренко бойынша зәр сынамасы тән: лейкоциттер-25 000, эритроциттер-600, цилиндрлер – 0?
#85
*!Қандай ауруға осында жалпы зәр анализі тән: зәрдің салмағы- 1028, лейкоциттер- 50-ге дейін дейін көру алаңында, эритроциттер - 1-2 дейін көру алаңында, бактериялар +++, шырыш+++.
#86
*!10 жастағы баланы қарап тексергенде қабырға астында ауру сезімді, кедір-бұдыр тығыз-эластикалық түзілістер пальпацияланады. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне тән лабораторлы көріністер бар.
Ең ықтимал болатын диагнозы қандай?
#87
*!Ер адам, 32 жаста, ЖЗА: зәрдің салмағы- 1020, белок-іздері, лейкоциттер- 5-7, эритроциттер - 50 дейін көру алаңында, оксалаттар +++, шырыш+++.
Жоғарыда аталған өзгерістер төмендегілердің ішінде қандай ауруға ЕҢ тән?
#88
*!Ер кісі 35 жаст оң бел аймағындағы сыздап ауырсынға, жиі ауырсынатын кіші дәрттің болуына, бұлыңғыр зәрдің бөлнуіне,шаршағыштыққа шағымданады. Оң бел аймағындағы ауырсынудың пайда болғанына бір жылдай уақыт болды. Амбулаторлы фурагин, спазмолитиктер қабылдаған. Жалпы зәр анализінде үнемі лейкоцитурия, бактериурия анықталады.
Қандай диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ?
*Ішкі аурулар.*Нефрология *1*6*3*
#89
*!Ер адам 19-жасар зәр шығарудың қиындауына, қалтырауға, дене температурасының -37,5°С дейін жоғарылауына шағымданады. Бұған дейін зәр жолдарының инфекциясының екі эпизоды болған, ауыз арқылы антибиотиктерді қабылдаумен емделген. АҚ 160/105 мм с.б.б. Зәр анализінде: белок – 0,99 г/л, эр-ттер – 2-4, лейк.-5-10 көру алаңында. Қанда креатинин – 90 мкмоль/л. Урограммада – екі жақтық қуық-зәрағар рефлюксі анықталды.
ЕҢ мүмкін болатын себеп қандай?
#90
*!Әйел. 29 жаста ентігуге, бас ауруға, аяқтарының ісінуіне шағымданып түсті. 4 жылдан көп ауырады. Аурудың өршуі ангинадан кейін басталды. Об-ті: беті ісіңкі, бозарыңқы. Қабақтары ісіңкі. ЖҚА: Нв-110 г/л, лейкоциттер- 7,4 мың х109/л, ЭТЖ -35 мм/с. ЖЗА: уд.салм 1018, белок-4,5 г/л, лейкоциттер -8-10 к/а, дәнді цилиндрлер 2-3 к/а.
Берілген ауруды емдеу үшін төмендегілердің ішінде ЕҢ қажетті препараттар қандай?
#91
*!Жүктіліктің 9-10 аптасындағы 39 жастағы жүкті әйел, ЖЗА: зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,013, белок -0,033 г/л, лейкоциттер 30-40 көру алаңында, бірнеше лейкоцитарлы цилиндрлер. Лейкограммада - 90% нейтрофилдер.
Емдеу үшін қандай препаратты тағайындауға ең ықтимал?
#92
*!Әйел, 39 жаста, жиі кіші дәретке отыруға, бел аймағындағы сыздап ауру сезіміне, зәрінің лайлануына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде 5 жыл бұрын босанған кейін бел аймағында ауру сезімі, қызба, дизурия мазалаған. Об-ті: арық. Дене қызуы субфебрильді - 37 гр. Жүрек тондары тұйықталған. АҚ 130/80 мм с.б.б., пульсі -78 мин. Ұрғылау симптомы оң екі жақтада. ЖҚА: НВ-112 г/л, лейк-7,8 мың, ЭТЖ-25 мм/с. Нечипоренко бойынша зәр анализінде: лейк-20 000, эр-ты- 1000. Жүргізілген емнен кейін аурудың өруші басылды.
Рецидивке қарсы емдеу үшін аталған препараттардың қайсысы ең мақсатты?
#93
Науқас Т., 35 жаста, ЖТД дәргеріне жалпы әлсіздікке, жүрек айну,үнемі бас ауырсынуына шағымданып келді. Амбулаторлы картасын қарау барысында зәр анализінде протеинурия анықталды. Қарағанда беті ісіңкі, тері жамылғысы бозғылт,құрғақ. АҚҚ — 170/110 мм сбб., жүрек тондары ырғақты, аорта үстінде II тонның акценті естіледі. Өкпесі өзгеріссіз. Іші жұмсақ , пальпацияда ауырсынусыз. Ұрғылау симптомы екі жақта да теріс мәнді. Бүйректері пальпацияланбайды. Жалпы қан анализінде: эр. — 3,0х10/л, Нв — 100 г/л, ц.п.- 0,9, лейк. — 7,8тыс,ЭТЖ — 35 мм/сағ.ЖЗА: салыс.т— 1002, белок — 1,0 г/л, лейк. — 4-5 к/а., эр. — 5-8 к/а, цилиндрлі гиалиндер,дәндер. Реберг сынамасы: креатинин — 250 мкмоль/л, шумақтық фильтрация — 28 мл/мин., канальды реабсорбция — 97%. Сіздің клиникалық диагноз?
#93
Науқас М., 17жаста, ЖТД дәрігеріне зәрінің түсінің қызаруына шағымданып келді. Анамнезінен:бір апта бұрын катаральды көріністер болған. Қарау барысында жағдайы қанағаттанырлық, тері жамылғысы қалыпты түсті және ылғалды. АҚҚ — 120/80 мм сбб. Ішкі ағзалары өзгеріссіз. Зәр шығару еркін, ауырсынусыз.ЖЗА: салыс.т.— 1018, белок — 0,18 г/л, лейк. — 1-2-3к/а., эр. — көп мөлерше; цилиндрлі гиалиндер,дәндер.ЖҚА:ө/з.Жатқызылды. Реберг сынамасы: КФ — 100 мл/мин., канальды реабсорбция — 99%, қандағы креатинин— 80 мкмоль/л. Нефробиопсия:препаратта бүйрек паренхимасының фрагменті шумақшаларының саны 10ға дейін, барлық шумақашаларда мезангия жасушаларында пролиферация, мезангиальды матрикстің кеңеюі анықталады. Бүйректің морфологиялық көрінісін қалай бағалайды?
* Ішкі аурулар. Гастроэнтерология *1*7*1*
#95
*!Гастроэнтерологиялық рефлюксті ауру кезінде аталған қай симптомдар негізгі болып табылады?
#96
*!Аталғандардың ішінде созылмалы гастриттің ЕҢ жиі себебін көрсетіңіз:
#97
*!Ішек тітіркену синдромы кезінде диарея сипаты?
#98
*!Аталған симптомдардың қайсысы созылмалы панкреатит кезінде сыртқы секреторлы жетіспеушілік үшін тән:
#99
*!Аталған лабораторлы өзгерістердің қайсысы холестаз синдромына тән:
#100
*!Вирусты гепатита С кезінде қандай серологиялық маркер тән
#101
*!Аталған көріністердің қайсысы бауыр циррозының бауырдан тыс көріністеріне жатады:
* Ішкі аурулар. Гастроэнтерология* 2*9*2*
#102
*!Ер кісі 42 жаста қыжылдауға, төс артында түйілу сезіміне, ұзақ уақыт қышқылмен кекіруге шағымданады. Қыжылдау, түйілу сезімі алмагель қабылдағаннан кейін айтарлықтай басылады. Темекі шегеді, алкоголь қабылдайды. Объективті: өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, АҚ 120/70 мм.с.б.б. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Қан анализі мен ЭКГ- қалыпты.
Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
#103
*!Ер кісі 32 жаста эпигастрий тұсында «аштық»және түнгі ауру сезіміне шағымданады, ауру сезімі тамақтанғаннан кейін басылады, сонымен қатар қыжылдауға, ащы дәммен кекіруге, іш қатуға шағымданады. Аталған шағымдар 2 жылдан бері мазалайды. Объективті: тілі таза, ылғалды. Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында оң жақта ауру сезімді. ФЭГДС: асқазанның антральді бқлігінің шырышты қабатының гиперемиясы.Биопсиялық материалдың цитологиялық зерттеуі және хеликобактерлік инфекцияға экспресс-уреаздық тест +.
Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
#104
*!Әйел 32 жаста тамақтанғаннан кейін эпигастрий тұсында ауырлық сезіміне, жеген тамағымен кекіруге, тәбетінің төмендеуіне, тұрақсыз үлкен дәрет, әлсіздің, тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, құрғақ,ерін бұрыштарында «ауыздықтар».Тілі ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында ауру сезімді. Қанда: гиперхромды анемия. ФЭГДС: асқазан денесі, түбі аймақтарында атрофия ошақтары.
Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
#105
*!Әйел 55 жаста кейде іш кебуге, іш айналуға, үлкен дәретінің бұзылуына шағымданып келді. Аталған шағымдары бірнеше жылдан бері мазалайды.
Бұл жағдайда қайсы клиникалық синдром ің ықтимал?
#106
*!Науқас 32 жаста, қуырылған майлы тағам қабылдағаннан кейін оң қабырға астында ауыру сезімін байқайды. Об-но: пальпациялағанда – өт қабының проекциясы нүктелерде ауыру сезімінің күшейуі. УДЗ: Өт қабы: қабырғасы қалендаған,өт қабында тастар.
Сіздің болжама диагнозыңыз ?
#107
*!Әйел 65 жаста майлы тамақты тойып жегеннен кейін эпигастридің ауру сезімі ұстамаларына, жүрек айну, кейде қыжылдауға шағымданады. 2 жыл бұрын өт тас ауруына байланысты холецистэктомия жасалған.Объективті: көзге көрінетін шырышты қабаты мен терісі субиктериялық. Пальпация кезінде кіндіктен жоғары орталық сызықтан оңға қарай ауру сезімі анықталады. Қанда: ЭТЖ26 мм.сағ, жалпы билирубин-39 мкмоль/л. ФЭГДС: шырышты қабаты гиперемияланған және ісінген бола тұрып дуоденальді емізікше 1,2 см-ге дейін ұлғайған.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
#108
*!40 жастағы ер кісі жиі көп мөлшердегі майлы нәжіске, ішінің ісінуіне,салмағының төмендеуіне шағымданады. 10 жылдан бері ауырады. Объективті: тәбетінің төмендеген, іші ісінген. Капрограммада – тамақ қалдықтары, бұлшықет талшықтары, стеркобилиннің құрамының төмендеуі байқалады.
Аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
#109
*!47 жастағы ер кісі созылмалы гепатит С ауырады.
Қандай лабораторлық әдіс вирустың концентрациясын анықтау үшін қажет ?
#110
*!Ер адам 43 жаста созылмалы гепатитпен, ИФА қан анализінде анықталды: HbsAg, HBeAg, HBсAbIgM, HBсAbIgG, ПЦР HBV анықталған.
Диагнозыныз?:
* Ішкі аурулар. Гастроэнтерология* 2*7*1*
#111
*!Ер кісі 29 жаста созылмалы гастритпен ауырады.ФЭГДС зерттеуінде: асқазанның антральді бөлігінің шырышты қабатының гиперемиясы. Биопсиялық материалдың ПТР-нда хеликобактерлік инфекция анықталды.
Аталғандардың арасында Helicobacter pylori эрадикациясы үшін оптимальді дәрілік заттар комбинациясын көрсетіңіз:
#112
*!Ер кісі 39 жаста жиі көп мөлшерде майлы үлкен дәреттің болуына, іш кебуге, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Алкогольді көп ішеді, 10 жылдан бері ауырады. Объективті: аз салмақты. Дене терісінде "рубин тамшылары", іші кепкен. Копрограммада – тамақ қалдықтары, бұлшықет талшықтары, стеаторея.
Науқасқа қандай терапия ЕҢ көрсетілген?
#113
*!51 жастағы науқаста ұзақ уақыттан бері оң жақ қабырға астында көбіне қуырылған, майлы тағам жегеннен кейін пайда болатын ауру сезімі байқалады, 39 С-ға температураның жоғарлауға шағымданады. Об-ті: пальпация кезінде өт қабы проекциясы нүктесінде ауру сезімі күшейеді. Өт қабы УДЗ: қабырғасының қалыңдауы, өт қабы қуысында өлшемі 2,5 және 3,0 см конкременттер бар.
Ең дұрыс емдеу әдісі қандай?
#114
*!Әйел 52 жаста біріншілік билиарлы циррозы бар. Қарап тексергенде: сарғыштық, тері жабыңдыларының гиперпигментациясы, қасыған іздері, көптеген ксантомалары бар. Қанның биохимиялық анализінде – гипербилирубинемия.
Аталған препараттардың қайсысы таңдаулы болып табылады:
#115
*!Әйелде 30 жаста тітіркендірген ішек синдромы бар, ұйқыссыздық, айқын ипохондрия байқалады. Төменде көрсетілген препараттың қайсысын комплексті терапияда тағайындау қажет?
#116
*!Ер кісі 56 жаста жүрек айнуға, қан аралас құсуға, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, оң қабырға астында ауру сезіміне шағымданады. Бауыр циррозы бойынша бақылауда тұрады. Объективті: астеник, склералары субиктериялық. Телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан шықпайды, тығыз. Спленомегалия. Қан анализінде: Нв-70 г/л, эритроциттер 3,9х1012/л, лейкоциттер – 4,1 х109 /л.
Аталған асқынулардың қайсысы осы науқаста дамыды?
#117
*!Әйел 74 жаста оң жақ қабырға астында ауру сезімі,ауырлыққа, жүрек айну, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Аталған шағымдары 3 айдан бері мазалайды. ЖИА-мен ауырады, бір жыл бұрын миокардтың Q-инфарктын алған; антиангиналды, зәр айдағыш дәрілер қабылдайды. Қарап тексергенде: ортопноэ, өкпенің төменгі аймақтарында – бірен-саран крепитацияланған сырылдар, гепатомегалия, аяқ басында, балтырында ісінулер, пульс 88 рет мин, АҚ 130/80 мм с.б.б. Қан анализінде: гиперхолестеринемия, трансаминазалар жоғарылаған, В, С гепатит маркерлері теріс. ЭКГ: миокардта тыртықты өзгерістер.
Бауыр зақымдануының ең ықтимал себебін көрсетіңіз:
*Ішкі аурулар. Гематология. *1*6*1*
#118
*!Төменде көрсетілген диагностикалық критерийлердің ішінде қайсысы темір тапшылықты анемияның (ТТА) негізгі болып табылады?
#119
*!Терінің құрғауымен, тырнақтың сыңғыштығымен, шаштардың түсуі мен ерте ағаруымен, дәмнің және иістің бұрмалауымен жүретін синдром?
#120
*!АҚҚ көтерілуі, эритромелалгия, «қоян көздер» симптомы қандай синдромға тән?
#121
*!Фуникулярлы миелоздың қандай анемия кезінде дамуы ең ықтимал?
#122
*!Жедел лейкозды нақтылап дигнозды қою үшін бластты клеткалардың деңгейі қандай болуы керек?
#123
*!Қандай ауруға сүйек миының плазматикалық инфильтрациясы ең тән?
*Ішкі аурулар. Гематология. *1*8*2*
#124
*!Қандай ауру кезінде қанның анализі: эр-2,9 млн, Нв – 78 г/л, ЦП- 0,8, лейк-4,0 мың, тромб-200 мың?
#125
*!Әйел 78 жаста, есептегі дәрігерге жалпы әлсіздікке, ентігуге, тамақ ішкеннен кейін пайда болатын эпигастрийдегі ауырлығына, сасық иісті кекіруге, оң аяқтағы «құмырсқа» жүргендей сезімдерге шағымданып келді. Қан анализінде: эрит-2,5 млн, Нв – 80 г/л, ТК-1,3, лейк.-3,5 мың, тромбоцит- 150 мың, жалпы билирубин-45 мкмоль/л.
Қандай диагноз ең ықтимал?
#126
#697*!Ер адам 30 жаста, мұрыннан, қызыл иектерінен қан кету, айқын әлсіздік, ентігу деген шағымдармен клиникаға түсті. Қарап тексергенде: тері жамылғылары боз, бүкіл денесінде көгергендер (синячки) бар. Шеткі лимфотүйіндер ұлғаймаған. Жүрек тондары тұйықталған, барлық тындау нүктелерде систолалық шуыл. ЖЖЖ-100 рет минутына. АҚҚ-100/70 мм с.б.б. басқа мүшелерде өзгеріссіз. Қан анализі: эр. 2,0 млн, Нв-60 г/л, ЦП-0,9, лейк.-1,5мың, тр-50 мың. Трепанобиопсия жасағанда – майлы сүйек кемігі көбірек.
Қандай диагноз ең ықтимал?
#127
*!Ер кісі А,53 жаста, мал дәрігері, айқын спленомегалиямен түсті. ЖҚА: эр. 3,2 х1012 /л, Нв – 98 г/л, лейк.- 120 х109 /л, промиелоциттер – 12%, миелоциттер – 10%, п/я-12%, с/я-32%, лимф.-19%, баз.-7%, эоз.-8%, ЭТЖ-42 мм/ч. Реакция Райта және Хеддельсона-теріс. Қандай диагноз ең ықтимал?
#128
*!Ер, 65 жаста, лимфоаденопатия. Қан анализінде - лейкоцитоз абсолютті лимфоцитозбен, Боткина – Гумпрехта денешіктері.
Төменде аталған болжамалы диагноздардың ішінде ең ықтимал қандай?
#129
*!Ер бала, 18 жаста жоғары қызба, геморрагиялық және анемиялық синдром. Гемограммада 40 % бласттар. Қандай диагноз ең ықтимал?
#130
*!Қыз бала 18 жаста гемограммада: панцитопения және жоғары бластоз. Миелопероксидазаға реакциясы «теріс». Қандай диагноз ең ықтимал?
#131
*!Ер кісі 58 жаста, иық сүйегінің сынықпен емханаға келді. Зерттегенде: ЭТЖ-55 мм/сағ, гиперпротеинемия, миелограммада – плазмоциттер 30%.
Төменде көрсетілген диагноздардың ішінде Ең ықтимал?
*Ішкі аурулар. Гематология. *1*6*2*
#132
*! Жүктіліктің 10-11 аптасындағы 27жастағы әйел әлсіздікке, бас айналуға, 2 этажға көтерілгенде жүрегінің соғуына, терісінің құрғауына, тырнағының сынғыштығына, шашының түсуіне шағымданып ЖДТ дәрігерінің қабылдауына поликлиникаға келді. Объективті: Тері жамылғысы және көзге көрінетін жамылғысы бозғылт, құрғақ. Шаштары көмескі, тырнақтары сынғыш. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСС– 80 рет мин, АҚҚ – 100/70 мм сбб.ЖҚА: эр.- 3,8 млн/л, Hb - 90 г/л, лейк. – 5,2 мың,ЭТЖ - 25 мм/с. Жүкті әйелге қандай прапарат тағайындалуы керек?
#133
*! Жасөспірім 15 жаста, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, шаштың түсуіне, тырнақтардың сынғыш болуына, ентігуге, физикалық жүктеме кезінде жүрек қағуына шағымданады. Анамнезден: балалық шақтан бастап жалпы әлсіздік мазалайды, жүрек аускультацияда: тахикардия, систолалық шуыл жүрек ұшында, АҚҚ 110/80 мм с.б., гемоглобин-87 г/л, эритроциттер -3.5 х 10 12/л, түстік көрсеткіш -0.8, тробоциттер- 185 х 10 9/л, лейкоциттер -4,0 х 10 9/л, ЭТЖ- 16 мм/сағ.
Емханада диспансерлік бақылау кезінде қандай зерттеулер жасалады?
#134
*!Науқас А., 28 жаста, стоматит бойынша 3 апта емделген, бірақ нәтижесі болмаған, әлсіздік пен тершендік одан әрі үдеді. Объективті қарағанда: дене қызуы 38,0 С, терілік жамылғылар боз, ылғалды. Қызыл иектер гиперплазиясы, ойық-некротикалық стоматит. Жақ асты лимфотүйіндер ұлғайған, ауру сезімсіз. Қанда: эр.-3,0 млн, Нв – 95 г/л, ЦП 0,9, лейк. – 14,5мың, бласттар -32%, таяқша ядролы.-1%, сегм.-39%, лимф.-20%, мон.-8%, тр- - 90 мың, ЭТЖ-24 мм/сағ. Цитохимиялық зерттеу: гликогенге реакциясы - оң түйіршіктер ретінде. 3 күннен кейін бас ауруы, лоқсу, құсу, аяқтардың парезі.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
#135
*!Ер адам 30 жаста, мұрыннан, қызыл иектерінен қан кету, айқын әлсіздік, ентігу деген шағымдармен клиникаға түсті. Қарап тексергенде: тері жамылғылары боз, бүкіл денесінде көгергендер (синячки) бар. Шеткі лимфотүйіндер ұлғаймаған. Жүрек тондары тұйықталған, барлық тындау нүктелерде систолалық шуыл. ЖЖЖ-100 рет минутына. АҚҚ-100/70 мм с.б.б. басқа мүшелерде өзгеріссіз. Қан анализі: эр. 2,0 млн, Нв-60 г/л, ЦП-0,9, лейк.-1,5мың, тр-50 мың.
Миелограмманың қандай көрінісі айтылған патология үшін ең ықтимал?
#136
*!Әйел 78 жаста, есептегі дәрігерге жалпы әлсіздікке, ентігуге, тамақ ішкеннен кейін пайда болатын эпигастрийдегі ауырлығына, сасық иісті кекіруге, оң аяқтағы «құмырсқа» жүргендей сезімдерге шағымданып келді. Анамнезінен: екі жыл бұрын айқын деформациялық тыртықануға байланысты асқазан резекциясы жасалған. Об-ті:тері жамылғысы бозғылт-сарғыш,склерасы сарғайған. Тілі айқын қызыл, ауыз шеттері жарылған. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСС 90рет минутына, АҚҚ 110/70 мм сбб. Әлсіз гепатомегалия. Қан анализінде: эрит-2,5 млн, Нв – 80 г/л, ТК-1,3, лейк.-3,5 мың, тромбоцит- 150 мың, жалпы билирубин-45 мкмоль/л.
Төменда аталған емдеу тактикасының қайсысы ең мақсатты?
#137
*!Ер кісі 35 жаста әлсіздікке, дене температурасының 37,2 С дейін жоғарылауына, физикалық күштемеге байланыссыз кеуде торының сыздап ауырсынуына, сонымен қатар төс артының және жауырын астының ауырсынуына,терең тыныс алғанда күшеюіне, белгілі себептерсіз көгерулердің пайда болуына, балтырында, білегінде, ішінің терісіндегі геморрагиялық бөртпелерге шағымданады. Қарау барысында; теріастында бірең сараң қан құйылулар байқалады. Пальпациялағанда мойын, қолтық асты лимфотүйіндері диаметрі 3-5 см, ауырсынусыз, тығыздалған. ТАЖ - 22 рет мин., пульсі 84 рет 1 мин., ырғақты. АҚҚ-120/70 мм сбб.Қан анализінде: эр -2,8млн, Hb - 90 г/л, ретикулоциты 20%,тр-30 мың, лейк.-28,0 мың.,нейтрофилдер:таяқ.-10%, сегм-20%, лимф.-60%,моноциты - 10%. ЭТЖ-52 мм/сағ. Препаратта Боткина – Гумпрехта денешіктері анықталады. Іш қуысы ағзаларының УДЗ:бауыры және көк бауыры шамалы ұлғайған; Кеуде қуысының шолу Рентгенограммасында: бронх-өкпелік лимфатикалық түйіндері ұлғайған.
Ең ықтимал болатын диагноз қандай?
* Ішкі аурулар. Ревматология* 1*6*1*
#138
*! Қандай патологиялық көрініс ревматикалық қызбаның кіші диагностикалық критерийіне ең тән?
#139
*!Ревматикалық қызбаның үлкен диагностикалық критерийіне жатады:
#140
*!Ревматикалық қызба кезінде жүрек ақауды хирургиялық емінен кейін екіншілік алдын алудың ұзақтығы:
#141
*!Ревматоидты артрит – бұл ненің дамуымен сипатталатын ауру:
#142
*! Зәр қышқылының деңгейінің көбеюі ЕҢ ТӘН:
#143
*!Остеартроз диагнозын төмендегі көрсетілген зерттеу тәсілдерінің қайсысы дәлелдейді?
* Ішкі аурулар. Ревматология*2 *8*2*
#144
*!Митральды қақпақшаның жетіспеушілігі бар жүректің созылмалы ревматикалық аурымен науқастардағы аускультативті белгілердің қайсысы МҮМКІН:
#145
*!Қолқа қақпақшаның стенозы бар жүректің созылмалы ревматикалық аурымен науқастардағы аускультативті мәліметтерді атаңыз:
#146
*!18 жасар қыз, жүрек тұсындағы тұйық ауру сезіміне, тізе буындарының ауруы мен ісінуіне, дене қызуының субфебрильдік санға дейін жоғарылауына шағымданады. 20 күн бұрын іріңді баспамен ауырған. Объективті: жүректің салыстырмалы тұйықтық шекарасы солға 1,5 см ығысқан. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, жүрек ұшынан систолалық шуыл естіледі. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ– 34 мм/сағ, лейкоциттер – 15,0 х109/л, фибриноген – 6,8 г/л, антистрептолизин «О» 1:625 бірл. Электрокардиограммада - ритм синусты, ЖСЖ – 60 рет минутына, атрио-вентрикулярлы бөгеменің I дәрежесі.
Аталған диагноздардардың қайсысы МҮМКІН диагноз:
#147
*!Әйел 65жаста, көп жылдар бойы ЖИА, ырғақ бұзылысы, артериальды гипертензиямен, жыпылықтаушы аритмиямен емделген. Жас кезінен ентігу мазалаған және жиі баспамен ауырған. Жүрек аускультациясында сол қырымен жатқызып тыңдағанда, дем шығаруды тоқтатып тыңдағанда жүрек ұшынан шапалақ соққандай I тонның, митральды қақпақшаның ашылу тоны және протодиастолалық шуыл естіледі. Өкпенің төменгі бөліктерінен анық емес сырылдар естіледі. Артериальдық қысым 135/85 мм.с.б.б..
Аталған диагноздардардың қайсысы МҮМКІН диагноз:
#148
*!32 жастағы С. есімді педагог әйелде алақанның ұсақ буындарының, білезік және оң тізе буындарының ауырсынулары мен ісінулері бар. 3 жыл көлемінде аурады. Таңертеңгілік сіресу, алақанның ульнарлы девиация байқалынады. Теріде бөртпелері жоқ. Жүрек тондары айқын. Ваалер-Роуз реакциясы 1:64, Райт және Хеддельсон реакциясы-теріс.
Қандай диагноз болуы мүмкін?
#149
*!39 жастағы С. есімді педагог әйелде алақан буындарындағы, білезік және оң тізе буынының ісінулері мен ауырсынулары, 2 сағат көлеміндегі таңертеңгілік сіресу. 9 жыл бойы сырқаттанады. Қарағанда – алақандардың ульнарлы девиациясы. Ревматоидты фактор-теріс, АЦЦП-оң, Райт және Хеддельсон реакциясы-теріс, СРБ-8,2 мг/л.
Қандай көрініс диагнозды нақтылайды?
#150
*!28 жастағы ер адам, оң тобық және сол тізе буындарының ауырсынуына, ісінулеріне, қозғалыстарының шектелуіне, көздерінің қызаруына, зәр шығаруда кезінде ашуға шағымданады. Қарағанда зақымданған буындарының дефигурациясы. Табанның қабыршақтануы.
Қандай диагноз болуы мүмкін?
#151
*!Әйел 42 жаста, бақшада жұмыс істеген кезде 30 минуттан кем таңертеңгі сіресуге, қолдың ұсақ буындарындағы ауру сезіміне шағымданады. Объективті: саусақ буындарындағы проксимальді және дистальді фаланга аралықтарында, олардың бүйір беттерінде қатты түйіндер қолға сезіледі. Қол саусақ рентгенограммасында: остеофитоз және буын саңылауының тарылуы. ЖҚА қалыпты. Райта және Хеддельсон реакциялары теріс. Қандай диагноз ЕҢ ТИІМДІ?
* Ішкі аурулар. Ревматология* 3*6*1*
#152
*!26 жасар әйелде 2 жыл бұрын: жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральдық тарылу диагнозы қойылды. Профилактикалық тексеруде ештеңеге шағымданбады, физикалық жүктемені жақсы көтеріп жүрді, жүрек декомпенсациясының көріністері болмады.
Науқасты жүргізу тактикасы?
#153
*!16 жастағы қыз, тізе буындарында ауру сезімі және ісіну, денесінде бөртпелер, қызба, тамағының ауруына шағымданады. Объективті тексергенде: денесінде - сақина тәрізді эритема, тізе буындарының ісінуі байқалады. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, тахикардия. Артериальдық қысым 110/70 мм.с.б.б.
Диагнозды анықтау үшін аталған анализдердің қайсысын ең бірінші тағайындаған жөн?
#154
*! Ер адам 38жаста, жүректің митральды ақауымен ауырады, баспадан кейін жиі жүрекшелік экстрасистолия пайда болады.
Мына науқаста қандай асқынулардың дамуы ЕҢ ықтимал?
#155
*!Ер адам, 50 жаста, жүрген кезде күшейетін көбіне оң тізесінде болатын ауру сезіміне, жарты сағатқа дейін болатын сіресуге шағымданады. Соңғы 2жыл ішінде буындарда аздап ауырсынулар мазалаған, ауырсынудың күшеюі ұзақ жүргеннен кейін кейін байқалынады. Тізе буындары дефигурацияланған, периартикулярлы тіндер тығыздалған, оң жағында гипертермия. Қарап тексергенде: крепитация, буындарда қозғалыс көлемі қалыпты. Дистальді фалангааралық буындар аймағында тығыз түйіндер және шығулар анықталды. ЖҚА: эр-4,2 млн., л-5,6мын.,ЭТЖ-15мм/с. СРБ, ревматоидты фактор теріс.
Бұл патологияда қандай базисты дәрілік заттарды тағайындауға болады?
#156
*! Әйел 30 жаста 6 жылдан бері ревматоидты артритпен ауырады, соңғы 3 жыл 20 мг дозада метотрексатпен аптасына емделген жақсы әсер берген(буындық синдром жақсарып, ЭТЖ қалпына келді). 2 ай көлемінде құрғақ жөтел және тыныш қалыптағы ентігу пайда болды. Өкпе рентгенограммасында өкпе суретінің күшеюі, төменгі бөліктерінде байқалады.
Өкпе симптоматикаларының дамуына қандай ЕҢ ықтимал себептер болуы мүмкін?
#157
*!Ер адамда 50 жаста сол аяғының I табанфалангалық буынының артриті, полиартралгиялар.
Төменде көрсетілген қандай қосымша симптомдар диагнозға күдіктену туғызады?
* Ішкі аурулар. Эндокринология* 1*6*1*
#158
*! Балалар мен жасөспірімде қант диабетінің қай типі жиі кездеседі?
#159
*! (ДДҰ көрсеткіші бойынша) ҚД диагностикалау үшін ,пероральді 75 г глкозамамен тамақтандырудан кейін 2 сағаттан соң анықталатын гликемиялың шегі қанша:
#160
*! Біріншілік гипотиреоз кезінді не анықталады?
#161
*! Диффузды токсикалық жемсау кезінде эндокринді офтальмопатиялық симптомдарға не тән?
#162
*! Инсулинрезистенттілік деген тұжырымның дұрыстығын анықтау үшін ең тән:
#163
*! ДСИ қалай есептелеі(дене салмағының индексі ?
* Ішкі аурулар. Эндокринология* 2*8*1*
#164
#165
*! Әйел 37 жаста, бойы 165 см, салмағы 84 кг, кездейсоқ диспансерлік тексеру барысында ашқарынға 10 ммоль/л гликемия,глюкозурия 3% анықталды, зәрде ацетон теріс мәнді. Науқастың туған ағасы қант диабетімен ауырады. Төменде аталған болжама диагноздардың қайсысы ең тән.
#166
*! Көртелілгендердің қайсысы КӨБІРЕК қант диабетінің 2 дәрежесінің патогенезінің негізі болады?
#167
*! Қант диабеті кезінде жүктілікті үзу үшін аталған жағдайлардың қайсысы көрсеткіш болып табылады?
#168
*!Әйел, 44 жаста. Жүрегінің қағуына, дірілдеуге, ыстықтау сезіміне, мазасыздыққа, шаршағыштыққа, тершеңдікке және тітіркенгіштікке шағымданады. 2 ай ішінде 10 кг арықтады. Объективті: терісі ылғалды. Жүрек тондары қатаң, ырғағы дұрыс. Пульсі 112 рет минутына. АҚҚ 150/80 мм. сбб. Нәжәсі –ішінің өтуіне бейім.
Төменде көрсетілген қандай даигноз ЕҢ ықтимал болып табылады?
#169
*! Төменде көрсетілген қандай көрініс тиреоидты препараттарды шамадан тыс қолданғанда пайда болады?
#170
*!Ер адам 35 жастағы шамадан тыс тамақтану, бел аумағының мөлшері 106 см. Аузының кезіуіне шағымданады, АҚ 140/90 мм.сбб көтерілуі. Аш қарныға қандағы қант мөлшері 6,8 ммоль/л. Қандағы триглицерид>2.3 ммоль/л.
Пациентте қай паталогиялық жағдай болуы мүмкін?
#171
*! Әйел 64 жаста, антропометриялық зерттеудің нәтижесінде анықталды: бойы-153 см, салмағы- 82 кг.
Қандай болжама диагноз ЕҢ ТИІМДІ?
* Ішкі аурулар. Эндокринология* 3*6*1*
#172
*! Әйелдер кеңесінде 29 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 25-26 апта, екі рет анықтаған кездегі қандағы қант деңгейі – 8,2 ммоль/л.
Аталған алдын ала диагноздардың қайсысын қою ТИІМДІРЕК?
#173
*! Ер адам 45 жаста, іскер, физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге , басының ауруына, жалпы ілсіздікке шағымданады. Шамадан тыс тамақтанады. Бойы -82, салмағы 96 кг.Жүрек тондары тұйықталаған, ырғақғы дұрыс, ЖСС 72 рет минутына, АҚҚ 140/90 мм.сбб. ЭКГ ритм синусты, ЖЭО қалыпты орналасқан, сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері.
Диагнозды анықтау үшін бірінші болып қандай тексеруден өткізу қажет?
#174
*! Әйел 38 жаста, дене салмағының артуына, бетінің ісінуіне, терісінің құрғауына, ішінің қатуына, аменорея, есте сақтаудың нашарлауына шағымданады. Антропометриялық мәліметтері: салмағы-115, бойы-160 cм. Теріс құрғақ, мұздай. Қалқанша безін пальпациялағанда кішірейген. АҚҚ-90/60 мм.сбб., пульсі- 48рет минутына. Т3 еркін фракциясы -4,0 пмоль/л, Т4-8,5 пмоль/л, ТТГ-12,0 мМе/л.
Жоғарыда аталған шағымдардың ЕҢ ықтимал себебі қайсысы?
#175
*! Әйел,52 жаста гипотиреозбен есепте тұрады. Пневмонияамен аурып , 10 күннен кейін жалпы әлмсіздік пен ұйқышылдықтың артуын байқаған. Қарап тексеру кезінде: науқас кешігіп баланысқа түседі. Беті пастозды, тар көз саңылауымен. Терісі боз, суық. Өкпесінде әлсіреген везикулярлы тыныс. ТЖ 14 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 50рет. АҚ 85/50 мм сбб.
Қандай болжама диагноз ЕҢ ТИІМДІ?
#176
*! Ер адам 45 жаста, іскер, физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге , басының ауруына, жалпы ілсіздікке шағымданады. Шамадан тыс тамақтанады. Бойы -82, салмағы 96 кг.Жүрек тондары тұйықталағна, ритм ырғақты, ЖСС 72 рет минутына, АД 140/90 мм.м.сбб. ЭКГ ртим синусты, ЖЭО қалыпты орналасқан, сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері.
Диагнозды анықтау үшін бірінші болып қандай тексеруден өткізу қажет?
#177
*! 20 жастағы, жігіт.Тамақтануында көбіне көмірсуларға бай тамағамдарды қолданады. Ауырған аурулары: жиі тұмау, баспа. Дене салмағының жоғарлауы 15 жастан басталған. Қарап тексеру кезінде; Бойы 174 см, дене салмағы 98 кг. Ой өрісінің дамуы жасына сәйкес келеді. Тері асты май қабатының жиналуы көбіне жамбас , кеуде, сан аймақтарында байқалады. ЖҚА, ЖЗА қалыпты мөлшерден ауытқымаған. Зәрмен тәуліктік 17 – кетостероидар -6 мкмоль( қалыпты жағдайда – 6.0 – 20 .8 мкмоль\тәу) бөлінеді. Төлқұжаттық жасынан сүйектену нүктелері қалыс қалған.
Көрсетілген диагноздардын ішінде ҚАЙСЫСЫ алдын ала диагноз болуы мүмкін?
|
|
|