Кафедрасы



Pdf көрінісі
бет72/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   108
4. Алматы қорығы.
1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында 
орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны альпілік өсімдіктер жабыны 
бар таулы-шалғындық топырағына жатады. Ауданы 73,34 мың га.. Өсімдіктердің 1300 
түрінен астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62, 
амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді. 
5. Қорғалжын. 
1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының 
Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық 
шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әсем 
Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяцияларының ұя салуының ең 
солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор. 
6. Марқакөл. 
Марқакөл қорығы – Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай тауының, 
Азу мен Күршім жоталарының аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. 1976 
жылы құрылған. Қорықтың жалпы ауданы 71 мың га, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. 
Қорық территориясына Азутау жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау 
жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай және алуан 
түрлі. Жануарлар дүниесі де бай, құстардың 232 түрі мекендейді. 
7. Қаратау қорығы. 
Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Шардара 
аудандарының 
территориясында 
Кентау қаласынан 
17 
км 
жерде 
орналасқан мемлекеттік қорық. Қаратау қорығы 2004 жылы құрылған, аумағы 34,3 мың га. 
Өсімдіктердің эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары республикада 
бірінші орында тұр. 
8. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы
. Тентек өзені сағасының табиғатын 
және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында 
ұйымдастырылған. Алматы 
облысының Алакөл 
және Шығыс 
Қазақстан 
облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 20743 га. Қорықтың аумағы 7 
телімге бөлінген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет